Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының зардаптары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Шіркін қазақтың жері кең ғой, бірақ оған қызықпаған мемлекеттер аз. Жоңғарлармен талай арпалысып жеңіп шыққанымен әлсіреп қалған елімізге Ресей самұрығы келіп қонды. Арпалысып жүріп 150 жылда әрең жаулап бітті, бірақ Кене сынды хандарымыз қасыз қаны қалғанша оларға қарсы тұрды.
Осындай оңтайлы сәтті тауып орыс империализмі біздің даламызға шаруаларды қоныстандыру арқылы жерімізді тартып ала бастады. Мұның асқынып кеткен жылдары тың мен «Кіші Қазан» зобалаңы десек, Столыпиннің арграрлық саясаты кезеңінде де орыстар көптеп қоныстанды. Бірақ түбегейлі саясатқа айналды.

Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының зардаптары.
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болатын. Оларға, Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тыйым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезгедейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді. Бір жажабы, осы заңды талқылау кезінде үкіметтік комиссия 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер үшін артық болып шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың қарамағына түседі делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенді. «Заңның жоғарыда келтірілген баптарын салғастыру арқылы, - делінген түсініктемеде, - қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді қамтамасыз ету үшін өз қалауынша артық алқаптарына билік етуге толық құқығы бар, Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасының қарамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге болмайды».

П.А. Столыпин реформасының қауымдарды күйретіп, хуторлық шаруашылықтар құру туралы идеялардың бірі де сәтсіздікке ұшырады. Елде фермерлік шаруашылықты дамыту туралы ой дұрыс айтылған болатын. Бірақ Қазақстан жағдайларында, игерілмеген жерлерде шаруалар арасында, керісінше, тірі қалу кепілі ретінде қауымдардың рөлі арта түсті.

Сөйтсе де, депутаттардың бір бөлігі билеуші топтардың мүдделерін қорғап, жағдайды түрде бейнелеуге тырысты. 1909 жылы депутат А. Трегубов Жетісуға арнайы келді, ол бүкіл облыста атап айтқанда, «Верный кіші ауданында бүкіл қоныс аудару ісінің дұрыс жолға қойылғаны туралы ризашылық пікір білдірді», және бұл Жетісу облысындағы қоныс аудару ісінің меңгерушісі Велецкий қоныс аудару ісінің мүлде тәртіпке келтірілмеген жайкүйі туғызған қоныс аударушылар арасындағы аштықтың нақты оқиғалары туралы хабарлаған кезге шамалас болатын.

Қорытынды
Қазіргі Қазақстанның негізгі проблемелары мемлекеттік тіл мәселесі, сонымен қазақтардың әлі де өз елімізде 50 пайыздан сәл ғана асып отырғаны осындай жерімізді тартып алып отарлаудан туындап отырғаны біздің бәрімізге мәлім. Құдайға тәубә, әйтеуір тәуелсіздігімізді келіп арқаны кеңге сала бастадық. Бірақ әлі де болса жер мәселесі, оның сатылу-сатылмауы біздің еліміздің тағдырын шешіп кетуі де мүмкін. Өйткені жер сатыла қалғанда сан жағынан тепе-тең түсіп отырған келімсектердің қолында кете ме деген қауіп бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ ССР тарихы, 3-том. Алматы, 1985 ж.
2. Маданов. Ұлы дала тарихы, 1998 ж.
3. «Атамұра». Қазақстан тарихы, 1998 ж.
4. Чапай Мусин. Қазақстан тарихы, 2003ж.
5. «Дәуір». Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк), 1994 ж.
6. Ұлы дала тарихы, 2005 ж.