Ақша теориясы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ 5
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні 5
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары 16
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ 20
2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны 20
2.2 1993 жылғы ақша реформасының ерекшелігі 29
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35
Кіріспе
Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты :
ақша теориясының даму жолдарын жүзеге асыруға қол жеткізу;
ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін түсіну
Курстық жұмыстың міндеті:
ақша теориясының мәнін, негізгі түрлерін және ақша реформасының теориялық аспектілері мен өткізу қажеттіліктерін қазіргі экономика тұрғысынан ашып қарастыру.
ҚР-ғы ақша реформасының ерекшеліктерін толық қарастыру
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, екі бөлімнен , қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде ақша теориясының мәні, негізгі түрлері, формалары және ақша реформасын өткізу қажеттіліктері қамтылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ақша реформасының ерекшеліктері қарастырылады.
1 АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні
Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер – мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
Ақшаның металл теориясы 15-17 ғғ. Ерте кезендерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда-У.Стенфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда-А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, олардың бүлінуіне қарсы шықты.Сонымен қатар, олар нағыз байлық- табиғатынын шын мәнісінде ақша болып табылатын текалтын мен күміс деп есептеді.
Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады- дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің келуін қамтамасыз етеді- деп пайымдайды.Қазіргі авторлар ерте металлизм теориясының қателігі- біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес, асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Алғашқы ақша реформасының мазмұны
Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жылдардағы ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс жәнс мыс монеталары жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.
2.2 1993 жылғы ақша реформасының ерекшелігі
Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғарьг мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбасгауга рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға
табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды. 1991 жылы 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл құжаттарына белгі койылды. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз төл өсуінде байқалды.
Қорытынды
Құрстық жұмысты қорыта келгенде, ақша дегеніміз – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.. Яғни ақша – жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдақ еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірісіндегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады.Себебі, адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарады. Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
2. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
3. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
4. Байназаров Ғ. Теңге маған тарихи жауапкершілікті тарту етті.// Егемен Қазақстан. 14 қараша 2003. 2-3 б
5. Мәжитов Д.М. Басты мақсат – тұрақтылықты ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001. 3 б.
6. Тобаяқов Б. Тәуелсіздік рәмізі немесе теңгеден деңгеге дейін. // Егемен Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
7. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998. 479 б.
8. ҚР Президентінің ұлттық валютаның 10 жылдығына байланысты сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен тәуелсіздігінің белгісі. // Егемен Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
9. Донских А. Теңгенің жаңа дизайны: сіз не туралы сұрап үлгермедіңіз? // Егемен Қазақстан 30 қыркүйек 2006. 7 б.
10. Нысанбаев Ә. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы. // Егемен Қазақстан 13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А. Теңгенің тегеуріні. // Егемен Қазақстан 15 қараша 2005. 2-3 б.
11. Кәпқызы Е. Теңге мүшелге толды. // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
12. Кәпқызы Е. Теңге және ұлттық рух. // Түркістан. 25 қазан 2006. 3 б.
13. Сәйденов Ә. ҚР-ң ұлттық банкі хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005. 6 б.
14. ҚР-сы Ұлттық Банкінің ресми хабары. «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан күміс монетаны айналысқа шығару турасы. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005 жыл. 2 б.