Көркем шығармадағы ішкі монолог: тілдік түзілімі, стилистикасы (Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары бойынша)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗІРГІ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ СИПАТТАМАСЫ 6
1.1 Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары 6
1.2 Ішкі монолог құрудағы тілдік тәсілдердің ерекшелігі 21
1.3 Көркем шығармадағы ішкі монологтың кейіпкер ойлауымен берілуі 27
2 ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ 38
2.1 Ішкі монологтың автор бейнесін жасаудағы рөлі 38
2.2 Қос үнді сөздің ішкі монологты қалыптастырудағы қызметі мен ерекшелігі 52
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілі: Көркем әдебиет тілі алғаш орыс тіл білімінде зерттеу нысаны болып, бұл бағытта В.В. Виноградов, В.Винокур, Л.В. Щерба, М.Н. Кожина, А.Н. Гвоздев, Р.А. Будагов, А.И. Ефимов т.б ғалымдар көркем шығарма тілін, стилистикасын жан –жақты қарастырған. Ал кейінгі жылдары қазақ тіл білімі де біршама еңбектермен толықтырылды. Бұл ретте Р.Сыздық, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрім, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Зерттеулерде көркем шығарма тіліне қатысты құнды пікірлер айтылып, шығар өнер туындысы ретінде қаралды.
Көркем шығарма тілін зерттеу – жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігін қарастыру көркем әдебиет стилистикасы - әдебиеттану ғылымы мен лингвистиканы байланыстыратын ғылыми саласы, аралық пән. Көркем туындының табиғаты өте күрделі. Онда тілдік материал мен идеяның біртұтас бірлігі қалыптасқан. Шығармадағы композициялық тұтастық, образдар жүйесі тілдік құралдар арқылы беріледі.
Көркем шығарма тілінің бүгінгі даму мен шарықтауы арынды да тым асқақ. Әсірелеп айтқанда, ол бейне бір тау басынан нәр алып, сай – салалармен сарқырап құйылып жатқан бұлақ суларымен молығып, толықси аққан үлкен өзен арнасын көз алдыңа елестететін сияқты. Сондықтан болуы керек, оның айдынды ағысында лайы мен тұнығы араласқан иірімдері, тас домалатар ұрымтал тұстары, қалтарыста қалып қойған қойнау – қолтықтары да жоқ емес.
Зерттеудің нысаны: Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең- алаң» романдарындағы ішкі монолог түзілімі мен стилистикасы
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде және ғылыми тұжырым жасау және стилистикалық талдау жасауға Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең- алаң» романдары пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Бүгінгі таңда тіл білімінде жазушы шығармаларының тілдік табиғатын толық тану үшін жазушы шеберлігін стилистикалық тұрғыдан зерттеуді қажет етуде.
Жұмыстың негізгі мақсаты Ә.Кекілбаевтың жоғарыдағы аталған шығармаларында кездесетін ішкі монолог түзілімін анықтап, жазушы қолданған стилистикалық тәсілдердің қызметін ашу болды. Осы мақсатқа орай жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- ішкі монологтың берілуіне, түрлеріне талдау жасау;
- ішкі монологтың автор баяндауында кездесетін жақтарын анықтау;
- кейіпкер ойлауындағы ішкі монологты айқындау;
- ішкі монологтың жақтық сипатын анықтау;
- ішкі монологты жасаудағы жағдайлардың стилистикалық түзілімін сараптау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдар:
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Зерттеудің әдістері: Жұмыстың әдістемелік негіздері ретінде психолингвистикалық, сипаттамалық, стилистикалық талдау, жинақтап топтау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысында көркем әдебиет стилистикасының мәселелері қарастырылған В.В. Виноградов, Г.О. Винокур, Р.Сыздық, Х.Кәрімов Б.Шалабай, М. Серғалиев,Е. Жанпейісов т.б. ғалымдарының тұжырымдары басшылыққа алынды.
Әдебиеттанушы ғалымдар Б.Майтанов, З.Қабдолов, Қ.Жұмалиевтің пікірлері де назардан тыс қалмады.
Зерттеу жұмысының жариялануы:
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғалымдардың көпшілігі жазушы стилистикасын, яғни көркем әдебиет стилистикасын әдебиеттану мен лингвистика ғылымдарының аралығындағы жаңа ғылыми саласы деп таниды.
1 ҚАЗІРГІ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Көркем шығармадағы ішкі монологтың зерттеу нысандары
Тілдің қалыпты тірегі – сөз. Ол халқымыздың бағзы заман бергі тіршілігінің, елдігі мен ерлігінің сара жолының үлкен куәсі. Ал сол тіл сөз байлығын танытатын – көркем шығарма.
Белгілі бір жазушы шығармасының тілін ғылыми тұрғыда қарастырғанда, оны қалай зерттеу керек, ғылыми ізденіс неден басталып, немен аяқталуына тиіс, зерттеуші қандай мәселелерді қамтуға міндетті, тілдік фактілерді жүйелеу, түсіндіру, талдау принциптері қандай болмақ тағы сол сияқты толып жатқан сұрақтар көркем әдебиет тілін нақты зерттеумен шұғылданушының алдына тартылады. Өйткені бұл мәселелердің басы ашық деп айта қою қиын. Ал бұлар айқын болмаған жағдайда нақты ғылыми ізденістердің объективті қорытындысы болмайды.
Көркем шығарма тілін зерттеумен көп шұғылданған және елеулі табысқа ие болған ғалымдардың бірі Г.Винокурдың пайымдауынша, көркем шығармада тіл үш түрлі сапада көрініс табады (сөйлеу тілі, әдеби норма үлгісі және өнер туындысы тілі) соған сәйкес оны үш түрлі бағытта зерттеу мүмкіндігі туындайды.
Ал, академик В.Виноградов тілді бағалаудың үш түрін ұсынады. Олар жалпы тілдік стилистика немесе құрылымдық стилистика, екіншіден сөйлеу стилистикасы, үшіншіден, көркем әдебиет стилистикасы. Осылардың ішіндегі ең жасы – көркем әдебиет стилистикасы.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің алғашқы қадамдары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Еуропа тілші – ғалымдары тарапынан жасалғаны белгілі.
1.2 Ішкі монолог құрудағы тілдік тәсілдердің ерекшелігі
Кез келген көркемдік тәсіл, бейнелеу құралдары жеке – дара тұрғанда ешқандай көркемдік қызмет атқармайтыны белгілі. Шығарма поэтикасының өзі сөз өнеріндегі түрлі көркемдік тәсілдер мен бейнелеу құралдарының жиынтығы екендігін естен шығармағанымыз дұрыс.
Әлем әдебиетіндегі алдыңғы қатарда жүрген ішкі монолог, ой ағысы сияқты көркемдік тәсілдер енді біздің ұлттық әдебиетте де көрініп, көркемдік ойлау жүйесін кеңейтті. Біздің қарастырып отырған мәселеміз ішкі монолог болғандықтан, бейнелеу құралдарының ішінде тікелей қатысты түс көру, оны жорыту, ішкі дауыс, ой ағысы, психологиялық жағдай, портрет, дауыс ырғағы тағы басқа адамның сезіміне қажетті көркемдік тәсілдерге тоқталуды жөн көрдік.
Ұлттық әдебиетімізде 60-80 жылдар аралығында бой көрсеткен шығармаларда қаһарман мінезін дәріптеудің еркін өсу мәлесін кеңінен өрістудің ашық түрі әдебиетімізге ішкі монолог тәсілін алып келген болатын. Қазақ прозасында да оқиғаны қызықтау, тек баяндаушылық, сюжет қуушылық секілді сипаттан гөрі психологиялық тереңдік, образды ойлау, іштей өсу – түлеу айрықша өріс алды.
Әбіш Кекілбаев шығармаларында баяндаушылық сипаттан гөрі, образды ойлауға, оқырманын психологиялық тереңдікке бойлатуға мүмкіндік береді. Осындай шығармаларының бірі «Үркер», «Елең-алаң» романдарында ішкі монолог тәсілі жоғары деңгейде қолданылған. Мысалы: романның бас кейіпкері Әбілқайыр ханның өзімен-өзінің іштей сырласу мен сөйлесу тәсілі жоғары суреттелген.
Ішкі монологқа тікелей қатысты түс көру және оны жорыту тәсілі жазушының сөзге деген шеберлігін білдіреді. Әбілқайырдың Ресей патшалығына елшілік жібере отырып, ұзақ сонар күнді күтумен өткізген уақытында түс көріп, оны өзінің құрдасы Тайланға жорыттырудың өзі жазушының ішкі монолог тәсілін ауқымды қолданғанының бір кепілі.
Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романының «Елшілік» тарауында ішкі монологпен қоса Ресей патшалығынан келген елші Тевкелев пен Әбілқайыр ханның әңгімелесуі диалог тұрғысында берілді.
Көркем шығармда кейіпкер атынан айтылатын төл сөз диалог және моолог түрінде келеді. Сонымен қатар авторлық баяндау ішінде диалогтың дара репликаллар да қолданылады.
1.3 Көркем шығармадағы ішкі монологтың кейіпкер ойлауымен берілуі
Баяндау стилімен жазылған прозалық шығармаларда оқиғаға қатысушылардың сөздері келтіріліп отыратындығы белгілі. Әркімнің өз атынан, өз «мені» тұрғысынан берілетін бұл сөз кестесінің көркем шығармадағы ролі ерекше. Оның үстіне прозалық шығармаларда төл сөз, төлеу сөз арқылы берілуә мүмкін. Шығарма авторының кейіпкелердің ішке бүгіп, іркіп қалған сырларын оқырманға жеткізуге мүмкіндігі бар.
Кейіпкер сөзі прозалық шығармада үнемі диалог түрінде, диалогтың құрамында келтіріле бермей, кейде реплика түрінде беріледі. Яғни кейіпкерлердің дара репликалары авторлық баяндаудың ішінде енгізіледі.
Кейіпкер сөзінің қай түрі де авторлық баяндаудың фонында тілдік жаңа толқын ретінде қабылданады. Өйткені олардың қай-қайсысында да кейіпкерлердің әр алуан сөйлеу, ойлау ерекшеліктері сақталып отырады. Сондықтан дара репликалардың қолданылуы баяндауды жандандырып, оқиғаны оқушының көз алдына елестету мақсатын көздейді. Сонымен қатар кейіпкер образын толықтыра түседі.
Кейіпкер болмысын, мінез- құлқын айқын танытатын тілдік тәсіл – кейіпкер сөзі немесе диалог. Диалог (грек сөзі-әңгіме) дегенді білдіреді. Диалог туралы орыс тіл білімінде көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты. Жалпы диалогқа қатысты еңбектерді топтастыра қарасақ, зерттеудің үш бағытта жүргенін байқауға болады.
2 ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ
2.1 Ішкі монологтың автор бейнесін жасаудағы рөлі
«Әдеби шығармадағы негізгі қаһарманмен, екінші қатардағы кейіпкерлермен бірге, шығарманың өн бойында үздіксіз бой көрсетіп отыратын, баяндауға ерекше тереңдік сипат беретін, оқушыға ой туғызып, шығарма идеясын оның түсінуіне көмектесетін тағы бір образ бар. Ол – автор образы. Оның әр түрлі формада болуы, алуан түрлі тілдік амалдар арқылы көрінуі мүмкін. Шығарманы тіпті түгелімен үшінші жақта (обьективті түрде) баяндап, болып жатқанға өзінің қатысын, көзқарасын ашық байқатпауға тырысқанның өзінде де, автор, әдетте, суреттеп отырған адамдары мен оқиғаларынан қағыс қала алмайды» (Х. Кәрімов. Қанатты тіл. Алматы, Санат 1995ж 111-112 беттер 141).
Л.Н. Толстой көркем шығарманың барлық детальдарының басын біріктіріп тұрған автор тұлғасы, нақтырақ айтқанда, автор «жаны» екенін өте дәл аңғарған.
«Автор бейнесі – көркем әдебиет тілінің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауғамүмкіндік беретін категориялардың бірі әрі негізгісі» (Б.Шалабай. Көркем әдебиет стилистикасы. Алматы, 1999 ж 47 бет)
Жазушы автор – баяндаушы, кейіпкер сөзінің құрылысы туралы айтқанда, өзінің бірінші жаұта көбірек жазатындығын, бірақ әңгіме, роиандардың авторы ретінде сөйлегенін, осы ретте белгілі бір дәрежеде өзін төл шығарманың кейіпкері ретінде сезінетінін де жасырмайды.
Соңғы жылдары көркем шығармадағы автор проблемалары В.В. Виноградов, М.М. Бахтин, Д.С. Лихачев, Б.Шалабай және тағы басқа ғалымдар ерекше көңіл аударып жүр.