Бұйрық өңдіріс және сот бұйрығы
Бұйрықтық өндірістің түсінігі және мәнісі. Бұйрықтық өндірісті қозғау. Сот бұйрығы. Сот бұйрығының күшін жою.
Бұйрықтық өндірістің түсінігі және мәнісі. ҚР АІЖК талап өндірісімен бірге сот өндірісінің жаңа бір түрін қарастырады, ол – бұйрықтық өндіріс.
Бұйрықтық өндірісті қозғау. Өндіріс арыз беруші деп аталатын несие берушінің, яғни мүдделі тұлғаның бастамасымен қозғалады. Арыз берушінің талабы бағытталған субъект - борышкер деп аталады.
ҚР АІЖК 140-бабына сәйкес сот бұйрығы шығарылады:
Сот бұйрығы сот талқысын өткізбей-ақ, жауапкерді, арыз берушіні шақырмай-ақ, олардың түсініктерін тыңдамай-ақ беріледі. Егер белгіленген мерзім ішінде жауапкерден қарсылық түспесе, судья өндіріп алушыға соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.
Өндіріп алушының өтініші бойынша сот бұйрығы сотпен тікелей орындалу үшін жіберілуі мүмкін. Сот бұйрығының көшірмесі сот өндірісінде қалады.