Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан республикасының қаржы құқығы ұлттық құқық саласы ретінде

Жоспар
1.Қаржы құқығының түсінігі, пәні және әдістері
2.ҚР қаржы құқығы курсының құқықтық жүйесі, қайнар көздері
3.ҚР қаржы құқығының жүйесі

Қаржы құқығының объектісі болып тек мемлекеттік қаржылар көрінетін атаған жөн. Жеке қаржының құрамына кіретін осы қатынастарға сүйене отырып қаржы құқығының пәні болуы мүмкін емес.
Демек, мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болатын қатынастар қаржы құқығының пәні бола алады.
Қаржы құқығымен реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде пайда болған қаржы қатынастары туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда болушылық ретінде жіктейтінін ұмытпаған дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура, не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік) қызметтің өнімі болып табылады.

Қаржылық және кредиттік (несиелік) қатынастардың ара қатынастары негізгі айырмашылықтары: несие қайтарымды негізде, ал қаржы қайтарымсыз негізде жұмыс атқарады. Бұлардың арасында, мемлекет өзінің қаржылық қызметінде кеңінен несие пайдаланады және өздерінің табыстарын қалыптастырудың тәсілі ретінде (мысалы, мемлекеттік қарыздар( және өздерінің ақшалық қорлардын жұмсау тәсілі ретінде (мемлекеттік қарыз өтеу, бюджеттік қарыз беру және т.б.). Бұнда қатынастар «мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушы» деген түсінікке дәл келеді. Яғни қаржылық қатынастар болады. Жеке несие сияқты несиелік қатынастар қаржылық болмайды (азаматтар арасындағы қарыз қатынастары(. Басқа жағынан, біржақты және қайтарымсыз ақшалық құралдардың қозғалысы сипатындағы мынандай қаржылық қатынастар несиелік болып табылмайды (салықтық қатынастар, бюджетке міндетті төлемдерді кіргізу бойынша қатынастар, бұлар бюджеттік қаржыландыру процессінде пайда болады).

Қаржылық құқықтың ең басты қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. Бірақ қаржылық өатынастарды құқықтық реттеуде І-кезекте ҚР Үкіметінің қаулылары, және заңастылы актілері маңызды ролі атқарады жалғастырып келеді. Қаржы Министрлігінің, мемлекеттік табыс Министрлігінің, ал кейбір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банк актілерімен яғни ведомствовалық құқықтық актілер арқылы құқықтың реттеу тәжірибесі қолданылады.
Қазіргі уақытта экономика да, қоғам тұттасымен де бірқалыпта жұмыс атқара алмайтын еліміздің ақшалық жүйесінің мемлекет қаржылық заңдар жинағымен анықтайды.

Қаржылық-құқықтық нормалардың тағы бір ерекшелігі олар арқылы мемлекет өздерінің матераилдың қызығушылығын іске асырады. Бұнда мемлекет ұйымдардын немесе азаматтардың олардың алдындағы қаржылық міндеттемелер туындайтын мүмкіндігі өздерінің ақшалық проблемаларын шешуде күшті құрал болып келеді. Бұндай мүмкіндік ешқандай қоғамның саяси жүйесінің субъектісінде жоқ.