Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Полный просмотр работы

«Көшпенділер» трилогиясының стильдік ерекшеліктері

Жоспар
Кіріспе 3
І. «Көшпенділер» трилогиясының генезисі 5
1.1. Тарихи шындық және көркемдік шешім 5
1.2 Аңыз-әңгімелер ізімен 34
ІІ. «Көшпенділер» трилогиясының стильдік ерекшеліктері 44
2.1 Баяндаудағы өзіндік өрнек 44
2.2. Көркем суреттер және тілдік айшықтар 51
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61

Кіріспе
Әдебиет туындыларының ішіндегі ең күрделісі де қиыны – тарихи шығарма. Олай дейтініміз, тарих тақырыбында қалам тербеуші жазушыға әдеби талаптарды орындаумен қатар тарих жүгін де көтеруге тура келеді. Өйткені халықтың кешегі өмірін еш бұрмасыз, ақиқат, шындыққа сай баяндау, сонымен қатар оған әдеби көркемдік рең беру – тарихи роман жазушы үшін үлкен парыз. Осындай қасиетті парыз, әсіресе, өткен ғасырдың орта шеңінде біздің де қаламгерлеріміздің алдында тұрды. Осыған орай аталған тақырыпқа арналған көптеген құнды шығармалар жарық көрген еді. Атап айтсақ, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» мен «Алтын ордасы», М. Мағауиннің «Аласапыраны», Ә. Кекілбаевтің «Үркері», Ә. Әлімжановтің «Жаушы», Қ. Жұмаділовтің «Соңғы көш» романдары.

І. «Көшпенділер» трилогиясының генезисі
1.1. Тарихи шындық және көркемдік шешім
Ғасырлардан ғасырларға сүңгіп,
өз ұлтының тарихын Ілекеңдей ежелеп
жазған ешкім жоқ. Біз атақты Геродотты
тарихтың атасы деп келеміз. Ал біздің Ілекең
қазақ халқының 700 жылдық тарихын
«Көшпенділер» мен «Алтын орда» атты
2 трилогияға сыйғызған (2-ң көлемі 139 баспа
табақ) өз халқына өшпес ұлттық қазына қалдырды.

Әзілхан Нұршайықов.

Қазақ халқы бастан кешкен 20-шы ғасырдың алмағайып, аласапыран белдеулерінде қоғамдық пікірдегі ой таласы көтерген басты мәселелердің бірі – тарих...
Тарих! Ол халықтың кешегісінің де, бүгінгісінің де, тіпті ертеңгісінің де айнасы. Өйткені «бүгінгі және ертеңгі қазақты тану үшін кешегі қазақты білу шарт» демей ме ғұламалар. Тамырсыз ағаш болмайтынындай, тарихсыз халық болмайды. Әр ұлт ата-бабаларының басынан өткен дәуірлерді, оқиғаларды зерделеп зерттеуді өзінің қасиетті борышы деп санайды. Бірақ кейде тарихты орынсыз кінәлайтын, жоққа шығаратын жағдайлар да кездеседі. Осындай әділетсіздікті біздің тарихымыз да кешті. Тарихымыздың тамыры «балтадан аман қалса да, балғаға талай түскен еді». Әсіресе, 20-ғасырдың басында сталинизмнің қаһарлы қылышынан қан тамып тұрған шақта «Қазақта мәдениет, өнер болмаған, қазақ халқы – надан халық, жабайы халық, оларды адам еткен, білім, ғылымға жол ашқан – біз, ұлы орыс халқы» деген ақиқатқа мүлдем жанаспайтын пікір үстем болды. Ленинді «Ұлы көсем», Сталинді «Халық атасы» деп пір тұтып жатқанда, бар өмірінде, тіршілік – болмысында қазақ халқының тәуелсіздігін, еркіндік, ынтымақтастық, бірлігін аңсаған Абылай, Жәнібек, Қасым сынды хандарымызды «надандықты көксеген феодалдық дәуірдің қалдықтары» деп әділетсіз баға бердік Ал ұлтының бостандығы үшін жан аямай күрескен, елінің еркіндігі жолында қайтпас қайрат, табандылық пен төзімділік танытқан аяулы азамат Кенесары жөнінде айтылғандар тіпті де қиянат еді. Социализмнің «адал ұлдары» болған қаламгерлеріміз өздерінің зерттеу еңбектерінде, мақалаларында хан Кенеге қандай айып тақпады?! Оны «қанішер, бұзық» деп те атады, «ескі хандық дәуірдің сарқыншағы» деп те атады, әйтеуір не керек, дүниедегі бар зұлымдықты, айуандықты Кенесарының бойынан тапты.
Ал осы өтірікпен буланған шындық бетін ашамын деушілерді аяусыз қудалады, «Халық жауы» деген ат берді. Міне осындай қатерлі кезеңге қарамастан сан иірім тарихымызды паш еткен І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы жарық көрді. Алдымен 1969 жылы трилогияның үшінші бөлімі «Қаһар» жазылады да, кейіннен «Алмас қылыш» (1971ж.), «Жанталас» (1972ж.) деген бөлімдері баспа бетінен шығады. Үш кітапта да қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар бұрмаланбай, орынсыз қараланбай нақты фактілермен халық аузында сақталған шежіре-әңгімелер негізінде нанымды берілген. Үшеуінен де жазушының объективтік көзқарасы байқалады. Шығарма туралы І. Есенберлиннің өзі де: «... Өз тарихымызды шаң астынан қайта аршып алайық, хандарымыздың, билеріміздің ел қамын жеген азабын таразылайық деген ниеттен туған, ұлт жанды мінезімнен дүниеге келген тарихи шығармаларым...» - дейді.
«Көшпенділер» жарық көрісімен цензура өкілдерінің қызу талқысына түсті. Әрине, неше түрлі міндер тағылды, «сапасы төмен» деді, «ақиқатқа сай емес» деді. Тіпті кейде көркемдік сапасы төмен шығармалардың қатарына да жатқызылды. Немесе «трилогия көркем туындыға жатпайды, бұл жай ғана хронологиялық көшірме» деген де тұжырымдар айтылып жүрді. 4-5 ғасырдың жүгін көтерген ұлы шығармаға кезінде мұндай сорақы пікірдің берілуі орынды да. Өйткені ол кезең Кеңес өкіметінің құрамына енген Ресейден басқа елдердің тарихын Қазан революциясына дейінгі, Қазан революциясынан кейінгі деп бөліп тастайтын социалистік идеологияның нағыз дәуірлеп тұрған шағы еді. Ол идеяның пайымдауы бойынша, Қазан төңкерісінен кейін ғана бұл елдер жетілді, көркейді, өркениетке ие болды, жазуды, оқуды таныды. Ал Қазан төңкерісіне дейін ол жұртшылық жоғарыда айтылғандардың бірде-біреуін білмейтін, жабайы тіршілік кешкен, жазу-сызудан ада қалған. Бұл, әсіресе, Орта Азия халықтарына таңылған көзқарас еді. Сондықтан орыс қауымы ылғи да үстемдік құрды, басқа халықтардан әлдеқайда қол жетпес биікте тұрды. Бұл саясаттың сұрқиялығын көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар анық пайымдай білген. Бірақ та билік тізгініне ие болған қатал цензура олардың үнін шығармай, тұншықтырып тастап отырды. Әйтсе де Есенберлиндей өр мінезді қаламгерлер түрлі амал-тәсілдерді қолданып ақиқатты жеткізе білді. Мәселен, І. Есенберлин «Қатерлі өткел» романында Ақан атты кейіпкердің аузына мынадай сөзді салады: «Ақылдыдан үйрену – ақылдыға құл болу деген сөз емес. Мен де Пушкинді, Лермонтовты, Толстойды, Достоевскийді жақсы көремін, бірақ одан қазақ халқының несі өзгерді?.. Ағылшындардың Шекспирі болғаннан Родезия негрлеріне келетін қандай пайда бар? Жоқ, Бүркіт, халқының мәдениетке жетіп, жоғалып кеткенінен мәдениетсіз отырып, бірлестігін сақтағаны артық. Ең зор бақыт – халқың, елің, тілің болғаны. Абай аға үйрен десе, мен үйренбеймін деп тұрмын ба? Бірақ үйрену бар да илену бар. Мен иленуге қарсымын. Егер халқыңды жақсы көретін болсаң, оның тәуелсіздігін, бірлігін алтын жамбыдай сақта»./І. Есенберлин, Он томдық шығармалар жинағы, ІІ том,Алматы, «Жазушы», 1984,10-бет/.

1.2 Аңыз-әңгімелер ізімен
Есенберлин шығармаларындағы келесі бір арна – аңыз-әңгімелер. Трилогияның бойында барлығы оннан астам аңыз кездеседі. Оларды шығармадағы берілу тәсіліне, қолданылу ерекшелігіне қарай екіге бөлуге болады. Бірқатары шығарманың өзінде аңыз деп анық көрсетіледі.
Мәселен, «Оның есіне Мөңке ханды жерлеу жайындағы аңыз түсті...».
Ал екіншілері сюжет желісіне кірігіп, романда өмірде болған оқиға ретінде берілген.
Мысалға Ақжол бидің Қобыландының қолынан қаза табуын баяндаған оқиғаны алатын болсақ. Бұл сюжет басқа да еңбектерде, шежіре-әңгімелерде беріледі:

ІІ. «Көшпенділер» трилогиясының стильдік ерекшеліктері
2.1 Баяндаудағы өзіндік өрнек
Келесі бір терең зерделеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі – «Көшпенділердің» стилистикасы. Трилогияның стильдік мәселелерін сөз етпес бұрын, жалпы стиль дегеніміз не, ол көркем шығармада қандай көрініс береді, әдеби стильдің өзіндік белгілері қандай деген мәселелерді анықтап алсақ. Ол үшін әдебиеттегі «стиль», «стилистика» туралы айтылған пікірлерге тоқталып өткеніміз жөн.
Мәселен, Әдебиеттануға арналған терминдер сөздігінде стильді көбіне-көп тек қана сөз қолдану ерекшелігі, сөздік, тілдік ерекшеліктер деп қарау кездесетіндігін айтады. Бұлай түсіну, тіл ғылымы тұрғысынан дұрыс болар. Ал әдебиетте стильдің мағынасы бұдан әлдеқайда кең. Стиль әдебиетте жазушының өмір шындығын тани білу, сезіну, тақырыпты өзінше игеру – міне осылардың бәрінен көрінеді. Сондықтан да аталған сөздікте әдеби стильге мынадай анықтама беріледі:

2.2. Көркем суреттер және тілдік айшықтар
Трилогия - бояулы, нақышты, нәрлі тілдік қолданыстарға да өте бай. Ал тіл ерекшелігін З. Қабдолов «шешуші ерекшелік» деп бағалайды. /23:339 /
Өйткені кез келген туындының тартымды, көркем, құнды болуы үшін сөз құдіретінің алатын орны зор. Сөздің құдіреттілігі сонда, онымен сан қатпар сомдалған кейіпкердің шынайы бейнесін де, табиғаттың неше тылсым құпиялы сыр-сымбатын да, адамның аса нәзік сезімге толы ішкі жан дүниесін де беруге болады.
Мәселен, жазушының батырлар портретін беру ерекшелігіне назар аударсақ:

Қорытынды
Әдебиет әлемінде тарих тақырыбын арқау еткен туындылар баршылық. Бұл қатарда В.Скоттың, А.Толстойдың, М.Айбектің, В.Шишковтың, В.Янның, С.Бородиннің, Д.Демирчяннің, К. Тамсахурдианның, Н.Рыбактың шығармаларын атап өтуге болады. Ал қазақ әдебиетінде алғаш рет тарихымыздың сан ғасырларын қамтыған күрделі де көлемді туынды осы «Көшпенділер» болды. Оған дейін жазылғандар, мәселен, «Абай жолы» эпопеясы, негізінен, бір ғасыр оқиғасын қамтитын еді. Қазақ топырағында жарық көрген бұл еңбектердің, кейін пайда болған басқа да тарихи романдардың өзіндік ерекшеліктерімен қатар ұқсастық жақтары да болғандығы белгілі. Мәселен, Есенберлиннің аңыздарды сюжет желісінде шебер пайдалану ерекшелігін С. Мұқанов еңбектерінен (Мысалы «Аққан жұлдыз» романы), М. Әуезовтің де кейбір шағын әңгімелерінен, тағы да басқа қазақ прозасының үлгілерінен кездестіреміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Алпысбаев Қ. Тарихи зерде тамыршысы. // Ақиқат. 1995ж., №7.
2. Досманов Д. Ер есімді Есенберлин. // Сарыарқа. 1999ж., №2-3.
3. Рымғали Н. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: Зерттеу. Астана, «Күлтегін» баспасы, 2002- 528 бет.
4. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы: Монография. А., Ғылым, 1979ж., 240-бет.
5. Дербісәлиев Ә. Тарих тағылымы және көркемдік шешім. // Қазақ әдебиеті, 1980ж., 13 маусым, 7 бет.
6. Алпысбаев Қ. Тұңғиық сырлы талант. // Жұлдыз. 1995 ж., №11-12.
7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Оқулық, 2-ші басылым. А., 2003ж.
8. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А., Қазақстан, 1995ж.
9. Жемісті талант. І. Есеберлин 60 жаста. (Ш. Сариевпен сұхбат.) // Жұлдыз. 1975ж., №1.
10. Қазақтың көне тарихы // Дайындаған М.Қани. А., Жалын, 1993ж., 400-бет.
11. Жақсығалиев Ж.Ж. Әбілхайыр ханның саяси-мәмілегерлік қызметі. Тарих ғылымынан кандидаттық атағын алу үшін жазған дисс. Орал, 2003ж.
12. Жұмаділов Қ. Тарихи зердені жаңғыртқан. // Сарыарқа. 1995, №3.
13. Бердібаев Р. Есенберлин ерлігі. // Егемен Қазақстан. 2002, №157.
14. Ақтаев С. Қазақ ханымдары. А., Ана тілі, 2001ж., 104-бет.
15. Толыбеков С. Қазақ шежіресі. А., Қазақстан, 1992 ж., 144-бет.
16. Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі. А., Жалын, 1993ж., 76-бет.
17. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен. А., Қазақстан, 1994ж., 141-бет.
18. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ: Мақалалар мен зерттеулер. А., Жазушы, 1989ж., 360-бет.
19. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. /Құрастырушылар: З. Ахметов, Т.Шаңбаев/ А., Ана тілі, 1989ж., 384-бет.
20. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. /Әдебиет – зерттеу мақалалары/ А., Жазушы, 1966ж., 228-бет.
21. Виноградов В.В. Избранные труды. О языке художественной прозы. М., Наука, 1980г. -360 с.
22. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. Учеб. Пособие для студентов пед. инс-тов. Изд. 4-е, М., Просвещение, 1971ж.
23. Қабдолов З. Оқулық және оқулыққа қосымшалар. А., Санат. 2003ж., 528-бет.
24. Әбдуова Б. Жанталас романындағы көркемдік пен әсерлілік. //Қазақ тілі мен әдебиеті. 1999ж., №4.
25. Аралбаев Қ. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы ақын-жыраулар бейнесі. // Қазақстан мектебі. 1986, №1.
26. Есенберлин І. Көшпенділер: Тарихи трилогия. – Алматы: «І. Есенберлин атындағы қоры», 1998ж., 584-бет.