Францияның феодалдық мемлекеті мен құқығы
Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері 4
1.1 Франциядағы абсолютистік монархияға дейінгі кезең 4
1.2 Франциядағы абсолютистік монархияның қалыптасуы 7
2-тарау. Абсолюттік монархия кезеңіндегі Францияның құқығы 11
2.1 Құқықтың қайнар көздері 11
2.2 Құқықтың негізгі сипаттары 12
2.3 Отбасылық-некелік және мұрагерлік құқығы 15
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21
Кіріспе
Франция бүгінгі таңда әлемдегі барлық саласы жағынан жете дамыған мемлекеттері қатарында алғашқы орынды иеленіп тұр.
Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.
1-тарау. Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері
1.1 Франциядағы абсолютистік монархияға дейінгі кезең
Францияда феодалдық құрылыс мейлінше толық даму жолына түсті. Феодалдық Францияның тарихы үш негізгі кезеңге бөлінеді:
1.2 Франциядағы абсолютистік монархияның қалыптасуы
Шексіз монархия XV ғасырдың соңында қалыптасады. Оның қалыптасуына мынадай ірі саяси қызметкерлер, Францияның корольдері - Он екінші Людовик, Бірінші Франциск, Екінші Генрих белсенді рөл атқарғандары мәлім. Бірақ Францияның бірінші шексіз монархы Төртінші Генрих болды. Ол католиктер мен гугеноттардың арасындағы діни соғыстарды тоқтатып, Францияда бейбітшілік пен тыныштық орнатты. Ол қолына толық мемлекеттік билікті жинады. Одан кейін шексіз монархияның қалыптасуын жалғастырған кардинал Ришелье.
2-тарау. Абсолюттік монархия кезеңіндегі Францияның құқығы
2.1 Құқықтың қайнар көздері
Франция құқығы дамуының қайнар көздеріне көбіне әдеттер жататын. Бұл кезде жалпы құқық жүйесі Францияда әлі құрылған жоқ еді. Франция екіге бөлінетін, шекарасы Луар өзенінен өтетін. Оның оңтүстік жағасында жазбаша құқық қолданылатын еді. Бұл жерлерде рим құқығының әсері өте күшті болатын. Рим құқығын университеттерде оқылатын. Корольдердің биліктері күшейген сайын, рим құқығының да әсері күшейді.
2.2 Құқықтың негізгі сипаттары
Шексіз монархия заң шығару, атқарушы және сот биліктерінің мемлекеттің мұрагер басшысы — корольдың қолына шоғырлануымен сипатталды.
2.3 Отбасылық-некелік және мұрагерлік құқығы
Отбасылық-некелік қарым-қатынастар шіркеудің канондық нормаларымен, әдеттермен және корольдің ордонанстарымен бекітілді. Ер адамдар 13-15 жаста, қыз балалар 12 жаста некесін қия беретін. Некеге тұру үшін әке-шешесінің және екі жақтың келісімі керек болатын. Сервтердің басқа сеньордың жеке басы бос адамдарымен некеге тұруға құқығы жоқ еді. Феодалдың бірінші түн құқығы болатын, бұл салықты үйленетін шаруа ақшалай төлейтін.
Қорытынды
Феодализм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық әрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақта қалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатын.