Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 47 стр.

Полный просмотр работы

Несие


Жоспар
Кіріспе 3
1 Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі 6
1.1 Қазақстанда несиенің мәні және қажеттілігі 6
1.2 Несиелік қатынастардың құрылымы 8
1.3 Шетелдік тәжірибиедегі несиелік қатынастардың ұйымдастырылуы 12
2 Қазақстандағы несиенің қазіргі жағдайы және болашағы 17
2.1 Несие формалары және функциялары 17
2.2 Қарыз пайызының экономикалық қатынастары 29
2.3 2004 – 2006 жылдардағы Қазақстандағы несиелік қатынастарды талдау 32
3 Қазақстанда несие мәселесін жетілдіру жолдары 36
3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы қиындықтардың орны 36
3.2 Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары 40
Қорытынды 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 45
Қосымша 47

Кіріспе
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтару, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие жүйесінің өзегі - банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын үйлестіретін бірыңғай орган - Орталық банк болып саналады.
Орталық банк - мемлекеттің банк жүйесінің бірінші денгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол - "банктердің банкісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Банктік иесие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге кайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенін жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп, қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
Сонымен, несиелік қатынастарды несиенің формалары рдағы несиенің формаларын түрлерін және функцияларына негжәне түрлері сипаттайды және оның функциялары оның қызметтерін реттейді, яғни несиенің формаларын және функцияларын қарастыру осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – несиелік қатынастаізгі анықтамаларын беріп, оларды қарастыру.
Жоғарыда айтылған мақсатқа байланысты курстық жұмыстың төмендегідей міндеттері қойылады:
- экономикалық категория ретінде несиенің мәнін және қажеттілігін анықтау;
- несиенің формалары мен түрлерін қарастыру;
- несиелік қатынастардың құрылымын анықтау;
- несиенің функцияларын көрсету;
- Қазақстан Республикасының неселік қатынастарының негізгі аспектілерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының несиелік қатынастарының проблемаларын көрсету.
Курстық жұмысты жазған кезде банктік ісі саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері мен монографиялары, кейбір оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, периодты баспа материадары және статистикалық материалдар пайдаланылды.

1 Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
1.1 Қазақстанда несиенің мәні және қажеттілігі
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

1.2 Несиелік қатынастардың құрылымы
Өндірістегі капиталдың (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.
Кәсіпорындардағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзінің қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың кайталама айналымында уақытша бөлініп шықкан ақша қаражаты.

1.3 Шетелдік тәжірибиедегі несиелік қатынастардың ұйымдастырылуы
Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:
Біріншіден, банк капнталының шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: ХІХ-ғ. аяғы ХХ-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердін үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.

2 Қазақстандағы несиенің қазіргі жағдайы және болашағы
2.1 Несие формалары және функциялары
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге (банк I кызметкерлері) беріледі. Достық несие де - ақысыз несие түрі.
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа катетегоиялардан өзгешелігін анықтайтын маңызын сипаттайды [24; 96].

2.2 Қарыз пайызының экономикалық қатынастары
Қарыз проценті - ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, апайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп атайды. Иррационалдық сипатта болатын себебі: біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден, қарыздардың несие үшін төлеген проценттік сомасы алғашқы қарызға алған құнға тең болмауынан.

3 Қазақстанда несие мәселесін жетілдіру жолдары
3.1 Несие жүйесін жүзеге асырудағы қиындықтардың орны
Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу кезінде белгілі бір принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде олардың былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

3.2 Қазақстандағы несиелік қатынастарды жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi 2008 жылы Қазақстанныѕ халықаралық бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ел азаматтарының өмiр сүру сапасын арттыру үшiн қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға, экономиканың өсуiнiң жоәары қарқынын және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған келiсiлген саясат жүргiзетiн болады.
Алға қойылған мақсаттарды негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң күш-жiгерi мыналарға бағытталатын болады:

Қорытынды
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық, субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.