Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Химия

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Металдар және оның қосылыстары

Жоспар
Кіріспе 3
1 Алтын 4
2 Металдар 4
3 Кальций 6
4 Темір 9
5 Вольфрам 10
6 Ванадий 11
Мәлімет осы кітаптан алынды 13

Кіріспе
Металдар мен бейметалдар жүйесін Д.И.Менделеев 1869 жылы ашқан. Элементтер сыртқы белгілері мен қасиетері бойынша металдар және бейметалдар болып бөлінеді.Периотық жүйенің қысқа түрі периодтан,қатардан,және топтан тұрады.Қазіргі кездегі периодтық жүйеде барлық элементтер рет бойынша нөмірленген.Элементтердің нөмірін реттік немесе атомдық нөмірі деп бөледі. Периодтар горизонталь қатардан тұрады.

1 Алтын
Алтын – таңғы арай дегенді білдіреді.
Алтын Au – элементтердің периодты жүйесінің I- тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі.Реттік нөмірі 79, атом массасы 196,967, балқу температурасы 1063 С, қайнау температурасы 2947 С.Таза алтын сары түсті,созылғыш және созылғыш метелл, химиялық инертті элемент.Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді.Оттек,сутек,азот,және көміртекпен тікелей қосылмайды.Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді.

2 Металдар
Құрамында радиоактивтi емес руда өте аз мөлшерде кездесетiн металдар сирек әрi құнды саналады. Олардың өзiндiк кен орны жоқ, көбiне қара және түстi металдар рудасы құрамында болады. Германий, тантал, галий, рений, цирконий, селен, талий т.б. сирек металдар әлемде өте қымбат бағаланады, олардан алынатын материалдар мен бұйымдар құны басқа металдарға қарағанда еселенiп өседi. Мысалы, аммоний перренаты түрiндегi 1 келi рений металының құны 800 АҚШ доллары тұрса, ал сол мөлшердегi металды электроникада қолдану тиiмдiлiгi 5 есеге артады, бензин өндiрiсiнде катализатор жасау 60 есе, ароматты көмiрсутектерiн алуда 180 есеге дейiн пайданы өсiредi.

3 Кальций
Кальций оксиді - ақ түсті, қиын балқитын зат.Техникада СаО сөндірілмеген әк деп аталады.Оны жоғарғы температурада (шамамен 1000 С-та) әктасты қыздырып алады.Кальцийдің адам өміріне де пайдасы өте көп.
Кальций - адам омірінін негізі, бунсыз адам омір суре алмайды.
Жылқы еті, қазысы, қартасы, қымызы, шұбат, айран, ірімшік, майлы құрт, көкөністері дәрі емес - кальций қоймасы.
Жылқы еті, қазысы, қартасы, қымызы, шұбат, айран, ірімшік, майлы құрт, көкөністері дәрі емес - тамақ. Өткен ғасырларда миллиондаған адамдарға, ата-бабаларымызға көмектескен.

4 Темір
Темір жетіспесе қаннын кызыл түйіршігінін азаюына (анемияга), йод жетіспесе зообка ұшыратады. Магнисіз баска элементтердін қабылдануы күрделеніп кетеді.
В витамині зат алмасу ағымына қатысады. Осы витамин жетіспесе шашыныз сиреп, морт сынатын болады және ұйкысыздык мендейді. Оның үстіне асқазан безінін жұмысы бұзылып (секреторная функция желудка), қатерлі ісіктін пайда болу қаупі таяйды.
Витамин В6 амин кышкылдарынын алмасу ағымына қатысады. Осы витамин жетіспесе қан аз (малокровие) ауруына тап болып, ерте қартаяды.

5 Вольфрам
Вольфрам - ашық сұр түсті,қиын балқитын,ауыр металл.
Вольфрамды 1781 жылы швед химигі К.Шилс тапқан,1783 жылы ағайынды Д.Элуяр вольфрамды алғаш рет вольфрамды ангидриттік металмен тотықсыздандыру арқылы алған.Вольфрам табиғатта аз тараған,оның жер қыртысындағы мөлшері 1:10- %.Бос күйінде кездеспейді, тек вольфрамит (Fe, Mn, WO4 және шеелит Ca WO4 т.б.) минералдар түрінде кездеседі.Вольфрам араласқан құймалардың механикалық қасиеттері жоғары болады.
Қалыпты жағдайда ол химиялық тұрақты ауада қыздырғанда, тотығып, вольфрам ангидридіне айналады, жоғарғы температурада галогендер, күкірт, көміртек, кремний, бор, азотпен әрекеттседі. Вольфрам тұз, күкірт, азот қышқылдары мен патша сұйығында ерімейді, тек балқытқыш қышқыл азот қышқылының қоспаларында ериді. Вольфрам электр шамының қылын, рентген түтіктерін жасауда қолданылады.

6 Ванадий
Ванадиййді - 1801 жылы алғаш рет Мексика минерологы А.М.дель Рио ашқан, 1830 жылы швед химигі Н.Г.Сефстрем темір рудаларынан жаңа элемент алып,оны скандинавия мифологиясындағы сұлулық құдайы Ванадистің құрметіне ванадий деп атаған.

Мәлімет осы кітаптан алынды:
• “Химия саласындағы анықтамалық кітап”