Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан тарихы

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қырғыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды.

ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Қазақстан мен Орта Азия тарихы туралы жазылған тарихи деректер осы кезеңдерде қазақтар мен қырғыздар арасындағы қарым-қатынас негізінен достық-одақтық сипатта болғандығын көрсетеді. Осы кезеңдерде жазылған тарихи деректердің басым бөлігі отырықшы қала мәдениеті дамыған, Шайбан әулеті билеген Мауераннахрда немесе Моғол мемлекетінде жазылғандықтан моғолдар мен шайбанидтердің қазақ- қырғыздармен соғыстарын әсірелеп көрсету басым болды. Бұл деректердің авторлары Шайбанидтер мен моғол феодалдарының қызметіндегі адамдар еді.
Түркі халықтары арасында этникалық байланыстары жағынан қазақ халқына ең жақын халықтардың бірі қырғыздар болды. Мұны кезінде көптеген зерттеушілер атап өткен болатын. Бірақ қазақ-қырғыз халықтарының арасындағы этникалық байланыстар туралы мәселе көп уақыт бойы екі халықтың ортақ этнонимдерін анықтаумен шектеліп келді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Низам ад-дин Шами. «Зафар-наме»/Перев. О.Ф. Акимушкина. Москва. 1983 г.
2. Махмуд ибн Вали. «Бахр ал-асрар»/Перев. А.Мокеева. Москва. 1990 г.
3. Абд-ар-Раззак Самарканди. «Матла ас-садайн ва маджма ал-бахрайн»/ Перев. О.Ф. Акимушкина. Москва. 1983 г.
4. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди». Алматы., 2003.
5. История Киргизской ССР. 1-том.Фрунзе., 1984.
6. Бартольд В.В. Киргизы. Исторический очерк. Соч.т-2(ч..1).Москва.,1963.
7. Молдобаев И.Б. Этнокультурные связи кыргызов в средневековье. Бишкек.2003 г.
8. Молдобаев И.Б. Эпос «Жаныш и Байыш» как историко-этнографический источник. Фрунзе.1983 г.
9. Манас: Эпос. Сагымбай Орозбак уулынын варианты боюнча. 2-китеп. Фрунзе.1978
10. Юдин В.П. Центральная Азия в ХІҮ-ХҮІІІ веках глазами востоковеда. Алматы.2001 г.
11. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (кон. ХІХ-нач.ХХ в.) Алма-Ата. 1968 г.
12. Рашид-ад дин. Сборник летописей. Т.1. Кн.2.М.; Л.; 1952 г
13. Абрамзон С.М. Киргизы и их этнические и историко-культурные связи. Ленинград.1971 г.
14. Петров К.И. Очерки феодальных отношении у киргизов в ХҮ-ХҮІІІ вв. Фрунзе. 1961 г.
15. Материалы по истории казахского ханства ХҮ-ХҮІІІ вв. Алма-Ата.1969 г.
16. Мураталиев М. Баатырдык кеңже эпостордун тилиндеги бөтөнчөлүктер. Фрунзе. 1976 г.