Экономикалық өсу
Жоспар
1. Экономиканың өсуі туралы түсінік 3
2. Экономикалық өсудің Солоу моделі 5
Қолданылатын әдебиеттер 13
1. Экономиканың өсуі туралы түсінік
Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде жан басына шаққандағы ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономикада басым болып отырған құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді өсу тенденциясы тұрақты. Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Экономикалық өсуді өлшеудің екі жолы бар:
Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ. ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ өсуі немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.
Экономикалық өсудің факторлары немесе қайнар көздері мыналар:
2. Экономикалық өсудің Солоу моделі
Өндіріс факторлары мен шығарылған өнім көлемі арасындағы байланыс өндіріс функциясы арқылы ипатталады. Тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы былай өрнектеледі: У= F(K,L) және кез-келген z > 0 үшін: zУ= F (zK, zL). Онда, егер z = 1/L, онда У/L = F( K/L, 1) У/ L = у; К/L = к деп белгілеп, жоғарыдағы функцияны былайша өрнектейміз:
у = f (k)
Бұл функция еңбек өнімділігі пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен анықталады:
у = і + c. Мұндағы і - бір жұмысбасты адам басына шаққандағы инвестиция, с – бір жұмысбасты адам басына шаққандағы тұтыну. Табыс қор жинағының нормасына байланысты тұтыну мен қор жинағының арасында бөлінеді. Тұтынуды төмендегідей өрнектеуге болады:
Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық, әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында (n + g) қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім – g қарқынымен өседі, демек тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.
Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық, институтционалдық байланыстыруға тырысады.
«Ұсыныс экономикасының» тұжырымын ұстағандардың айтуы бойынша, толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
2. Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
3. Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
4. Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
5. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997