Отбасылық құқықтық қатынастар
Жоспар
1 Отбасылық құқықтық қатынастар 3
2 Неке 4
3 Отбасы 7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 9
1 Отбасылық құқықтық қатынастар
Отбасылық құқықтық қатынастар - құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Неке-отбасы заңдары:
некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
2 Неке
Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.
Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге түруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін некені қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рүқсат етуі мүмкін.
3 Отбасы
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
Куәландыру жолдары:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. C.Д. Баққулов «Құқық негіздері» Алматы, 2004ж.
2.Н. Қүнқожаев «Адам және қоғам»Алматы, 2002ж.