Балаларды әлеуметтік қорғау
Жоспар
І тарау. Муниципалды құрылымда балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері 3
1.1 Қазақстан Республикасындағы балаларды әлеуметтік қорғау туралы түсінік 3
ІІ тарау. Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қорғау әдістерін жетілдірудің даму перспективасы 6
2.1 Қазақстан халқына жолдау бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің жалпы іске асырылуы 6
2.2 Балаларды әлеуметтік қорғауда «Бөбек» қорының алатын рөлі 11
2.3 Батыс Қазақстан облысындағы балаларды әлеуметтік қорғауда салаларында атқарылып жатқан жұмыстар 14
Әдебиеттер 18
І тарау. Муниципалды құрылымда балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасындағы балаларды әлеуметтік қорғау туралы түсінік
Өткен жүзжылдықта үшінші Еуразиялық революция тыныш та,қантөгіссіз болып,өзімен бірге байырғы тәрбие жүйесін де жойып тынды.Мұның зардабы ең алдымен тұлға қалыптастыруда жетекші маңызға ие болған қоғамдық және отбасы тәрбиесін күйзеліске түсірді.
Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие - " адам - адами " қатынастары желісінде жүргізілген тәрбие, яғни тікелей адам аралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдарды, қорлар, бірлестіктер т.б) тарапынан болатын істер.
ІІ тарау. Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қорғау әдістерін жетілдірудің даму перспективасы
2.1 Қазақстан халқына жолдау бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің жалпы іске асырылуы
Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қорғау әдістерін жетілдіруде Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаудағы бірқатар атқарылатын жұмыстар туралы мағлұмат көздері.
Қазақстандықтардың,Қазақстан қоғамының барлық жіктері мен әлеуметтік көңілкүйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапында болып келді және осылай болып қала береді.
Өмір сапасының стандартты адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс,бұл ретте масылдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды.
2.2 Балаларды әлеуметтік қорғауда «Бөбек» қорының алатын рөлі
Соңғы кездері «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева адами ізгіліктерді қалыптастыру, жас ұрпаққа жанжақты рухани тәрбие беру,тән мен жан тазалығы,табиғатпен үндестік сияқты сындарлы бағдарламалар ұсынып,осы ретте көптеген игі істер атқарумен қатар, ата-анасы жоқ жетімдерді жебеп,ауырып қиналып жатқан балаларға қол ұшын беру сияқты қайырымдылық шараларын да жүргізуде.
2.3 Батыс Қазақстан облысындағы балаларды әлеуметтік қорғауда салаларында атқарылып жатқан жұмыстар
Батыс Қазақстан облысындағы балаларды әлеуметтік қорғауда жасалынып жатқан жұмыстардың бірденбірі білім ордаларын салу.Орал қалалық білім бөлімінің бастығы Мақсот Берқалиев бұған дейін “Деркөл кентінде 772 орындық,Желаев кенттік округінде 360 орындық,Зашаған кенттік округіне қарасты “Көктем” ауданында 1200 орындық жаңа мектептер салу жоспарлануда.Қазіргі таңда жер бөлініп,құрылысқа әзірлік жасалуда.Тағы бір қуантарлық жайт,қала орталығынан 1296 орындық қазақ мектебін салу болашақтың жоспарында бар.Осы төрт мектеппен шектеліп қалмай,қазақ мектептерінің қатарын көбейтеміз.Бұл мәселе жөніндегі жоспарымызды,қазақ мектептерінің әлі де керектігін айтып,өтініштерімізді ҚР Білім және ғылым министрлігіне жазып жібердік”деген болатын.