Алаш тұлғаларының көзқарасындағы үндестік
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ ішіндегі күрес тартыстардың басында болған қайраткерлер халқын орыс езгісінен азат етуді көздеді. Олар елін отарлаудан құтқарып, ашық түрде күреске бастады. «Олардың алға қойған мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Бұл қазақ қоғамында отарлық кезеңнен бері шиеленісіп келе жатқан өзекті мәселе. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты».
Қазақтың жер мәселесіне байланысты белсенді қызмет еткен тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Өзінің саналы ғұмырын халқының жоғын түгендеуге арнаған Мұстафа Петербор университетінің студенті болып жүргенде ақ, жерлестерінің арыз шағымдарына араласып, мұқтаж істеріне қол ұшын беріп отырған. Халқының ұлттық мүддесін жоғары қойған М.Шоқай елінің бостандыққа жетуін аңсады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Смағұлова С. Ұлттық интеллигенция және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе. Автореферат. Алматы,1999.
2. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы, 1995.
3. Шоқай М. Таңдамалы. Бірінші том. Алматы, 1998.
4. Шілдебаев С. ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай // Жас Түркістан,1999. №2-3.