Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Полный просмотр работы

Инфляцияның экономикалық- әлеуметтік салдары

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Инфляцияның экономикалық сипаттамасы 6
1.1. Инфляция ұғымы мен мәні 6
1.2. Инфляцияның пайда болу себептері 8
1.3. Инфляцияның түрлері 11
2. Инфляцияның экономикалық- әлеуметтік салдары 15
2.1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық өмірге әсері 15
2.2. Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдердегі оған әсер ететін факторларға байланысты жіктелуі 17
2.3. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері 18
3. Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері 26
3.1. Инфляцияға қарсы саясат 26
3.2. Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясаты 29
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер 36

Кіріспе
Инфляция - көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады.Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дизинфляция д.а.


Инфляция тек экономикаға ғана емес, әлеуметтік жағдайға да әсер етеді. Адамдардың сатып алу мүмкіндігі төмендеп, әрбіреуі өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Ол тек жеке тұлғалар үшін ғана емес, сонымен қатар өндірушілер, сатушыларға да ауыр тиеді.
Әрбір елдің осы бір экономикалық құбылыспен күресінің жолдары әр түрлі және мемлекеттік құрылымына байланысты өз алдына ерекше болып келеді.
Инфляция тауар-ақша қатынастары өте жоғары деңгейді дамуына байланысты пайда болды. Инфляцияның пайда болуының ақшалай және ақшалай емес факторлары әсер етеді.

1. Инфляцияның экономикалық сипаттамасы
1.1. Инфляция ұғымы мен мәні
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады.
Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығымен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы.
Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс.
Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

1.2. Инфляцияның пайда болу себептері
Ақша абсолютті өтімділігін мойындайтын тауар.
Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғы ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болумен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және тағы басқаларға байланысты. Өйткені бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

1.3. Инфляцияның түрлері
Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
- экономикадағы қамтитын аумағына байланысты - жергілікті және әлемдік инфляция
- жүру қарқынына байланысты - біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бірқалыпты емес) инфляция
- даму қарқынына байланысты - жылжымалы инфляция. Онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа 5-10проценттен аспайды; қарқынды инфляция - онда бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін (ал кейде 100 процентке) жетеді; ұшқыр инфляция (гиперинфляция) - онда бағаның өсуі жылына 100% асады. Халықаралық валюта қоры баға айына 50% өссе, оны ұщқыр инфляция ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса, оны стагфляция деп атайды.

2. Инфляцияның экономикалық- әлеуметтік салдары
2.1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық өмірге әсері
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюктураны жандырады. Процесстің ұшығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетті. Инфляция оттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиын келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процессті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.

2.2. Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдердегі оған әсер ететін факторларға байланысты жіктелуі
Ал, енді дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларда 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизімінің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никагуада, мысалы 1990 жылы ақшаның құнсыздануы 8500 процентке, Перуде - 8291,5 процентке жетті.

2.3. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері
Қазақстандағы инфляция барлық Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты, КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.

3. Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері
3.1. Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы, АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады (жалақыны индекстеу және тағы басқа).
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн: бірінші бағыт - белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.

3.2. Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясаты
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені, қоғамның іс-әрекет өтуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институтционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те олардың шешулісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін қамтиды:

Қорытынды
Қорытындылай келе, инфляцияның мазмұны мен мәнін толық ашылды деп ойлаймын.
Инфляцияның пайда болуы әр түрлі себептерге байланысты. Ақша әсерінен тыс тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және тағы басқаларға байланысты.
ХХ ғ. 60-шы жылдары нарық экономикалы елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күкендей болмады. Сондықтан 70-ші жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың «дефляциялық» шаралары жатады. Алғашқыда лоар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, берілетін несиенің көлеміне, есепке ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте-бірте шектеу енгізеді.
Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе , тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.
Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының инструменттері пайдалануы мүмкін:шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абрамова М.А. Финансы, денежное обращение и кредит: Москва. Инст. межд. права и экономики, 1996 г.
2. Антонов А.Г. Денежное обращение, кредиты, банки. Москва: Финстат. информ, 1996 г.
3. Әубәкіров. Экономикалық теория негіздері. Алматы: Санат, 1998 ж.
4. Әкімбеков С. Экономикалық теория. Астана, 2002 ж.
5. Балабанов И.Т. Финансовый менеджмент. Москва: Финансы и статистика, 1996 г.
6. Бужкина М.К. Деньги. Банки. Валюта. Москва: ДИС, 1994 г.