Қазақстанның ежелгі тарихы. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Жоспар
1. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры.
2. Қола дәуірі (б.з.б. ХVIII – IX ғғ.).
3. Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары мен ежелгі мемлекеттер: сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар.
Палеолит (көне тас ғасыры). Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка мен Азия территориясындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар. Қазақстанның табиғат жағдайлары және ертеде өмір сүрген гоминиттердің ортасы. Тас ғасырын археологиялық дәуірлеу және оның хронологиясы. Қазақстан палеолитін зерттеу тарихы. Х.А.Алпысбаев басқарған Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау отрядының жұмысы. Төменгі палеолит ескерткіштерінің табылуы. А.Г.Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың Солтүстік жағалауында жүргізген жұмыстарының маңызы. М.Н.Клапчук пен В.С.Волошиннің Орталық Қазақстанда жүргізген зерттеулері. Шульба археологиялық экспедициясы палеолит отрядының және Қазақстанның тас ғасырының ескерткіштерін Ж.Таймағамбетов басшылығымен зерттеген экспедиция жұмыстарының нәтижелері.
Неолит (жаңа тас ғасыры). Неолитке жалпы сипаттама. «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден шаруашылықтың өндіруші формасына өту. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолиттік тұрақтар. Қараүңгір үңгірлік тұрағы. Тасты өңдеу технологиясы және керамика жасау.
Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай жырасындағы Маханджар мәдениеті.
Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. II – б.з V ғғ.) сақтардың мәдени - тарихи мұрасын қабылдап жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар және савраматтар-сарматтар. Үйсіндер мемлекеті Жетісуда, қаңлылар мемлекеті Сырдарияда. Соғыс жүйесі. Соғыс және мемлекеттік ұйымдардың негізі – рулық - тайпалық құрылым. Үйсіндер мен қаңлылардың Қытаймен, ғұндармен, Орта Азия мемлекеттерімен саяси және этномәдени байланыстары.