Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Ақшаның мәні мен қызметтері

Ақша - өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының жоғары дамуы нәтижесінде пайда болды. Еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған. Тек қоғамдық еңбек ғана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларда өлшенетін жасады. Рынокта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығылғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әртүрлі болып, нәтижесінде олардың құндары бірдей болмайды. Қоғамдық еңбектің немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттілігі туындап, айырбас құнының ұғымы туындайды.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілі бір) - номиналдық құнынақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:

Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқтатылғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелер толықты.