Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары
Үшінші мыңжылдықта мектепке жоғары деңгейдегі маман, мемлекет сұранысын қанағаттандыратын, тәуелсіз Қазақстанның азаматын тәрбиелейтін мұғалім ғана емес, мемлекеттегі болып жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес, жаңаша ойлайтын, инновациялық даярлығы қалыптасқан мұғалім қажет.
Инновация деген ұғым латын тілінде - жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырып жүрміз. Инновациялық технология:
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызатын жаңа технологияларды тиімді пайдалану - әр ұстаздың міндеті. Сабақтың сапалы болуы оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі ұстаздың шеберлігі мен инновациялық технологияларды ұтымды қолдана білуінде. Жаңа технологияны ғылыми негізде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиеле мәселесін оз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы тиіс.
Әдебиет сабақтарында әңгіме, повесттердің көлемі кең болғандықтан кей кезде оқушылар тек мұғалімнің түсіндіріп айтқанын тыңдап қана қойып, өздігінен танысып білуге, оқуға шорқақ келеді.Ол үшін әңгімеден өздеріне ұнаған, эсер еткен сөйлемдерді, цитаталарды жазуға тапсыр ма беруге болады. Бүл мәтінді толық оқуға жаттықтырады, өзін автордың орнына қоя біледі.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі - білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу - қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпарат тандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Интерактивті тақтадағы ресурстар кітапханасы арқылы суретпен жұмыс жасап, оқушының сөздік қорын молайтуға ықпал етеді.
Ақпараттық технологияны қолданып интерактивті сабақ өткізудің мұғалім үшін тиімділігі.
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан кем емес. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға, қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыруға көп көмегін тигізеді.