Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 45 стр.

Полный просмотр работы

Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат

Жоспар
Кіріспе 3
I. Инфляция мәні, себептері 5
1.1 Инфляция экономикалық маңызы 5
1.2. Инфляцияның себептері 6
1.3 Инфляцияның түрлері 9
II. Инфляцияның деңгейі мен зардаптары 12
2.1. Инфляцияның деңгейі өлшемі 12
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 13
2.3. Филлиптің қисық сызығы 14
III. Инфляцияны төмендетудің жолдары 18
3.1. Инфляция және нарықтық экономикаға көшу 18
3.2. Дефляция және шығын коэффициенті 21
3.3. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс 24
IV. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат 30
4.1. Инфляцияға қарсы күрес саясатын бағалау 30
4.2. Инфляцияны тежеу жолдары 35
Қорытынды 43
Қолданылған әдебиеттер тізімі 44
Қосымша 45

Кіріспе
Біз қысқаша талдауымыздан мынадай тұжырым жасауға болады, елімізде инфляцияға қарсы табысты болады. Ол үшін біріншіден, біздің халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың шарттары мен барысын қамтамасыз ету,білімімізге байланысты, және екіншіден ақша көлеміне бақылау және келешекте халық тұтынатын тауарлар өндірудің өсуі және олардың бағасын тұрақтандыру, арқылы тізгіндеу мақсатында несие- ақша және бюджет- қаржы реттегіштерін кең көлемде қолданылатын боламыз. Тек, осылайша кешенді жағынан келу ғана инфляциямен күресте жеңіске жетуді, ең әрі кеткенде, оның қарқыны қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді. Біз ақшаның шығуы мен инфляцияның қағаз - ақша түрінде көрініс табуының басты проблемасын қарастырдық.

I. Инфляция мәні, себептері
1.1 Инфляция экономикалық маңызы
Инфляция - бұл экономиканың айналым сферасында қажетті қағаз ақшалардың шамадан тыс толып кетуі. Шығарылған қағаз ақшалардың мөлшері өзгеріссіз қалып, ал өндіріс көлемі қысқарған жағдайда да инфляция болуы мүмкін. Бағаның өсуінен халықтың тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты нашарлай түседі. "Инфляцияны бағаның тұрақты және үнемі өсіп отыруын;шығарылған өніммен салыстырған- да ақшаның артықшылығы нәтижесінде барлық уақытта және барлық жерде ақшаның феномені ретінде түсінемін"-дейді Нобель сыйлығы- ның лауреаты Милтон Фридмен. Монетаристік мұндай анықтама инфляцияның басты себебін айналыс сферасынан іздеуі. Осындай көзқараспен өндіріс процесіне мемлекеттің шектеулі түрде араласуына мүмкіншілік бар. Бұдан басқа, кейбір батыс елдерінің теориясының өзгешелігі сол, олар инфляцияны ұсыным жағынан да, сұраным жағынан да болатын сатып алушылық қабілет шамадан тыс артық болуынан ден түсіндіреді.

1.2. Инфляцияның себептері
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланыс¬ты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығы- нан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдала- нылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV = РО еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.

1.3 Инфляцияның түрлері
Экономикалық теорияда инфляцияның мынандай келеңсіз салдары да аталады:

II. Инфляцияның деңгейі мен зардаптары
2.1. Инфляцияның деңгейі өлшемі
Инфляцияны баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады.Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексін алдынғы жылдың (1998 жылдың) баға индексінен шығарып, айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) индексінен бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100-ге көбейтеміз.Мысалы, 1998 жылғы тауар тұтыну баға индексі 154,5 тең болса, 1999 жылы- 158,2 болды. Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:

2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляция зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюктураны жаңдандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіртеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады.

2.3. Филлиптің қисық сызығы
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін,"сұраныс инфляциясы" деген үлгіні үсынды (61-сурет). 1861 -1956 жылдардагы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділік- тің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.

III. Инфляцияны төмендетудің жолдары
3.1. Инфляция және нарықтық экономикаға көшу
Орталықтандырылған экономикадан еркін базар экономикасына көшер жолында қоғам тап болатын күрмеуі аса қиын проблемалардың бірі- инфляция проблемасы. Алайда олар нарықтық экономика бере ала- тын игіліктердің жемісін татқысы келсе инфляцияға байланысты тауқымет- ті көтеріп алуға тиіс. Инфляция дегеніміз не ? Бұл - экономикада өндіріліп, сатылатын товарлар мен қызмет түрлерінің орташа бағасының артуы. Нарықтық экономика жағдайында инфляция екі себептің бірінен қабына- ды: өндірушілер қажетті товарлармен, қызмет түрлерімен жабдық тауды ұлғайтып үлгергенше жұрт өзінің ақшасын жаратып та болады; не тұтыну- шыларды яки өндірушілерді товармен, қызмет түрлерімен жабдықтау қысқарып кетеді, мұның өзі бағаның өсуін қоздатады. Инфляцияға кейде: товар санының қысқаруын қуып жетпек болып, ақша санының көбеюі деген де анықтама береді. Инфляция әсіресе өтпелі кезеңде тұрған экономикаға ерекше ауыртпалық артады, бұл бағаға ырық беруден- бағаға мемлекеттік бақылау жасауды қоюдан, нарықтық экономика бағытындағы аса маңызды қадамнан басталады. Бағаға мұндай ырық берудің белгілі нәтижесі мынадай: ылғи да тапшы болып келген товарлар бағасы қаулап өседі.

3.2. Дефляция және шығын коэффициенті
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарлама жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады. Осындай бағдарламаның негізінде инфляцияны анықтайтын себептер мен факторларды талдау, оны ойдағы деңгейге дейін азаюту немесе жоюға себептер болатын экономикалық саясаттың шараларын- ның жиынтығы жату керек. Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағытталған,экономиканы мемлекеттік реттеудің шараларын жиынтығы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ мерзімді сипаты мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады. Инфляцияға қарсы стратегия ақша-несие, бюджеттік,радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шарлардың кең жиынтығын көрсетеді. Инфляцияға қарсы тактика ағымдағы инфляцияның қысым жасауын азайтатын қысқа мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей ұсынысты кенет көбейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, бағалар мен жалақы қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалақының өсуін уақытша тоқтау), кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру, өмірлік маңызы бар салалар мен өндірістерді мемлекеттік шаруашылық шығындарды қолдау. Қазіргі тәжірибе экономика жағдайында байланысты инфляцияны реттеудің екі нұсқасын бөліп көрсетеді:

3.3. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс
Жұмыссыздық шығынның және инфляциядан туындайтын проблемаларды жоғарыда қарастырып өттік. Ендігі алға тартылатын сауалдар: саясаткерлер балансты қалай теңестіреді? Жұмыссыздық пен инфляция деңгейі қандай? Шындығында, экономика қашанда кедергі- лерге кезікпей тұрмайды. Ал егер жалақы бағаға байланысты жойыла- тын болса, онда тұрақты бағадағы жұмыспен толық қамтылуды сақтап қалу мүмкін емес. Саясаткерлер бұл жағдайда: Инфляция қаупі төніп тұрса да, экономиканы жұмыспен толық қамту деңгейіне жеткізуі.

IV. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат
4.1. Инфляцияға қарсы күрес саясатын бағалау
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылға 1 наурыздағы «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында, ақша- кредит саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету болып табылады және бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі деп атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және тиісті органдар мен нарық субектілерінің нақты іс- әрекеттеріне байланысты күрделі көп факторлы құбылыс екендігін айта кеткен жөн.

4.2. Инфляцияны тежеу жолдары
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономи¬калык саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ен басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу (адаптироваться) керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады (жалақыны индекстеу және т. б.).Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі көріншілер қолдайтьш шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды. Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны аз төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндіріс тең қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі.

Қорытынды
Курстық жұмыс «Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат» тақырыбына орындалды.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде – таңдап алған тақырыптың яғни инфляцияның қызметі, инфляцияның мақсаты, міндеті және инфляцияның нарықтық экономикада алатын орны қарастырылды.
Негізгі бөлім үш бөлімдерден тұрады.
Бірінші бөлімде инфляцияның экономикалық маңызы және себептері, түрлерімен таныстым. Осы бөлімді қорыта айтқанда инфляция әрбір ел, әрбі мемлекет үшін өте зиян. Ұлттық банк инфляцияны қадағалап, инфляцияны бақылап жүзеге аспауын қарастырып отырады.
Екінші бөлімде инфляцияның деңгейімен зардаптары қарастырылды. Мұнда мен мына мәселерге назар аудартқым келеді: Үкімет тұрғындарға берілетін жеңілдіктерді жариялап үлгермей жатып, баға өсіп шыға келеді.
Үшінші бөлімде Инфляцияны төмендету жолдары. Кейбіреулер айтып жүргендей Ұлттық банк қолданып жүрген қарсы шара инфляцияны тежеуіштік күшін жоғалтқан жоқ. Оның екі түрі бар оның бірі –теңгенің ставкасын өсіру.Ал екінші түрі айналымдағы басы артық валютаны ұлттық сақтық қорға сатып алу арқылы теңгенің құның өсуі.
Төртінші бөлімде Инфляцияға қарсы күрес саясатын бағалау. Осыған байланысты мынаны атап өтуге болады, инфляция бізде ақшаның молш- ылығын ғана емес,негізінен алғанда күнделікті сұраныс тауарлары.
Сонымен қорыта келе – Инфляция «сырқатының» жөніндегі проблеманы шешудің неғұрлым жиі қолданылатын баламасы баға мен жалақыны тікелей бақылау жолдарын іздестіруге саяды. Халық жалпы инфляция мөлшері туралы анықтамаларға сәйкес хабарларға сүйене отырып, келешектегі инфляцияны болжайды. Қысқа мерзімді ақша өсуінің мөлшеріндегі өзгерістер өнімге де, инфляцияға әсер етеді.