Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Реферат

Объем: 19 стр.

Полный просмотр работы

Сот психиатриясының жалпы теориялық, құқықтық және ұйымдастыру формалары


Жоспар
1. Сот психиатриясының пәні мен мақсаты 3
2. Сот-психиатриялық сараптаманың құқықтық және ұйымдастыру негіздері 6
3. Ақыл-есі дұрыс психикалық бұзылыстары барларға қылмыстық жауапкершілік 10
4. Азаматтық процестегі сот-психиатриялық сараптама 17
Негізгі әдебиет 19

1. Сот психиатриясының пәні мен мақсаты
Сот психиатриясы- бұл жалпы медицина мен жалпы психиатрияның жетістіктеріне сүйеніп, әділеттікке қызмет ететін медициналық ғылым. Оның негізгі екі проблемаға әкелетін еркеше басты мақсаты бар – қылмыстық істердегі есі дұрыс еместік және шектеулі (азайған) есті (вменяемость) және азаматтық істердегі қабілеттілік пен қабілетсіздікті анықтау.

2. Сот-психиатриялық сараптаманың құқықтық және ұйымдастыру негіздері
Қамауға алынғандар Алматы қаласының Республикалық клиникалық псхиатриялық ауруханасының сот бөліміне орналастырылады. Зерттелуші психиатриялық диспансерде болған кезінде тергеу жұмысы тоқтатылады (ҚР ҚПК 50 бап). Ауру тарихын дәрігерлер емес, АСПС комиссиясы жүргізеді. Сараптаманың мерзімі стационарда- 30 күн, егер сот-тергеу органдарының сұрағына зерттеу аяқталмай жауап берілмесе, АСПС мерзімді созу туралы шешім қабылдайды. Егер комиссия тергелушіні науқас деп таныса, онда оны тергеу изоляторының медициналық психиатриялық бөліміне жатқызады.

3. Ақыл-есі дұрыс психикалық бұзылыстары барларға қылмыстық жауапкершілік
Жүз жылдан аса заңгерлер мен психиатрлар қылмыстық заңға ақыл есі дұрыс емес пен ақыл есі дұрыс аралығындағы - кішірейген (шектеулі) ақыл есі дұрыс категориясын енгізуді талқылауда. Ғасырдың басындағы ірі психиатрлар Э.Креплин және В.М.Бехтерев пікірлері дәлелді. Осында екіұшты ойға тірелді: біріншіден, шектік психикалық бұзылыстар деп аталатын үлкен топта ақыл есі дұрыс еместіктің психологиялық критерилері жоқ немесе бар болады; екіншіден, ақыл есі дұрыс емес адамдарға адамгершілікпен қарап, психикалық бұзылыстарының бар екеніне күман туғызбау. Ақыл есі дұрыс емес туралы жағдай біраз азаюымен трактілетін еуропалық елдердің қылмыстық кодексінің біразында түсінікпен қаралған.