Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Азаматтық құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Полный просмотр работы

Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ 5
1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама 5
1.2 Азаматтық құқық қағидалары түсінігі 8
1.3 Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау 14
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ 17
2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элементтері 17
2.2 Азаматтық құқық субъектілері 20
2.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

КІРІСПЕ
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады. Азаматтардың құқық қабілеттіліктері мен әрекет қабілеттіктері қазіргі заманғы қоғамда жан-жақты қарастырылады және оның азаматтардың құқықтық қатынастарын реттеудегі маңызы үлкен. Осыған орай таңдалып алынған курстық жұмыстың тақырыбы, қазіргі кезде өзекті болып табылады.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері мен заңдылықтары қолданылды.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ
1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

1.2 Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.

1.3 Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау
Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау деп онда кездескен түсініспеушіліктерді жою арқылы оның мазмұнын түсінуді айтады. Қандай да бір азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнында түсініспеушіліктер түрлі себептерден туындауы мүмкін. Бұл жағдай мысалы нормативті актінің қысқаша жазылуынан немесе өзгеде себептерден пайда болады. Сол себепті азаматтық-құқықтық нормалардың түрлі талқылаулары қолданылады.

2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элементтері
Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы таранды қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:

2.2 Азаматтық құқық субъектілері
Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады.
Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.
1. Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.
2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар.
3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.

2.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажетінде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.
Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселелермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы мәселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пәні мен әдісі арасында қатты байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік әдебиеттер:
1. 30 тамыз 1995 жылы Республикалық Референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конститутуциясы, (7 қазан 1998 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).- Алматы: Қазахстан, 1998. - 96 б.
2. Қазастан Республикасының Азаматтық Кодесі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.
1. “Қазақстан Республикасы Азаматтық құқықғы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл
2. “Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл
3. “Субекты гражданского право” М.К. Сулейменов., Алматы, 2004 год.
4. “Субекты гражданского право” Грешников ., Алматы 2003 год
5. Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. В. А. Рясенцев. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: Юридическая литература. Ч. 1, 1986.- 559с.
6. Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. О. А. Красавчикова. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: Высшая школа, 1985.- 544с.
7. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1994.-431 с.
8. Гражданское право: Курс лекций. Учебное пособие. /Отв. Ред. О.Н. Садиков. - М.: Изд-во БЕК. Ч. 2:Обязательственное право. - 1997. –687с.
9. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1993.-383 с.
10. Советское гражданское право. Учебное пособие: в 2 ч. /Отв. Ред. О. А. Красавчикова. –М.: Высшая школа, 1968.- 519с.
11. Советское гражданское право. Учебник. /Отв. Ред. О. Н. Садиков. - М.: Юридическая литература, 1983.- 464с.
12. Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. В. Т. Смирнов. –2-е изд., перераб. и доп. - Л.: Изд-во ЛГУ. Ч. 1, 1982.- 414с.
13. Советское гражданское право. В 2 т. Учебник. /Отв. Ред. В. П. Грибанов. –М.: Юридическая литература. Т.1, 1979.- 552 с.
14. Гражданское право Республики Казахстан: (Общая часть). Учебное пособие. /Отв. ред. Г. И. Тулеугалиев, К. С. Мауленов.- Алматы: Гылым. Т.1, 1998. –227 с.
15. Гражданское право Республики Казахстан: (Общая часть). Учебное пособие. /Отв. ред. Г. И. Тулеугалиев, К. С. Мауленов. –2-е изд., перераб. и доп. - Алматы: Гылым. Т.1, 1999. –227 с.
16. Гражданское право. Учебник. /Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: ПРОСПЕКТ. Ч.1, 1998.- 631с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Букшина С. Эмансипация:проблемы и перспективы.-С.49-57 //Хозяйство и право.-1999.-N7.-ISSN 0134-2398.
2. Сулейменова С. А. О частной правоспособности несовершеннолетних граждан (физических лиц) //Вестник Моск.ун-та.Сер.11.Право.-1999.-N6.- C.72-80.
3. Диордиева О.Н. Жилищные права лиц,признанных безвестно отсутствующими //Российский судья.-2000.-N3.-С.39-41..-ЕЛ
4. Нечаев А.М. О правоспособности и дееспособности физических лиц /Государство и право.-2001.-N2.-С.29-34.-ISSN 0321-5075.
Таужанова Р. Личность,ее права-главные богатства общества.-С.24-28 //Фемида.-№12.-Алматы,1998.