1822 ж. - 1824жылдары қабылданған Сібір және Орынбор Қырғыздары туралы жарғы
Жоспар
Кіріспе 3
I - тарау. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкімшілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы 6
1.1 1822 жыл «Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны мен іске асырылуы 6
1.2 Хандық билік пен сот жүйесіндегі өзгерістер 15
II тарау . 1824 жыл «Орынбор қырғыздары туралы Жарлықтың » жүзеге асырылуы 20
2.1 Кіші жүздегі жер мәселесі мен басқарудағы өзгерістер 20
2.2 Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы 22
Қорытынды 27
Әдебиеттер 29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
XIX ғасырдың 20–шы жылдарында патша өкіметі қазақ қоғамындағы ескі патриархалдың басқару жүйесін жоюға бағытталған өзінің саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін хандық билікті, рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе отырып, басқарудың жаңа формасын құра бастады. Дәлірек айтсақ осы кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды . Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында Орта жүз және кіші жүз жерлерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді . Дәл осы уақытта қазақ жүздерінің ханы қайтыс болды. Осы жағдайды пайдалана білген патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті толықтай жою үшін, жаңа басқару реформасын жүргізе бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
I - тарау. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкімшілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы
1.1 1822 жыл «Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны мен іске асырылуы
Патшалық Ресейдің билеуші тобының Қазақстанның кең байтақ жерін өзіне қаратып алу арқылы империяның шеңберін ұлғайтудағы стратегиялық мақсаты орындалды. Енді өкімет оны басқару үшін жаңа жүйе жасауға кірісті, оның түпкі мақсаты–аумақтық–әкімшілік жүйені қайта құру арқылы мұндағы жалпы халықтың ықыласымен хан сайлап келген қазақ халқын осынау демократиялық тарихи дәстүрінен айыру еді (1).
Дәлірек айтсақ оны кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды. Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында орта жүз жерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді (2).
1.2 Хандық билік пен сот жүйесіндегі өзгерістер
1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылдағаннан соң, қазақ даласына одан әрі өңдеп, көптеген қалалар мен бекіністер салынып, одан әрі құрылыс жұмыстары жүргізіле бастады. Казак гарнизондары біржола орнықты. Сөйтіп 1824 жылы Көкшетау мен Қарқаралы, 1826 жылы Баянауыл, 1827 жылы Ақмола, Көкпекті, 1846 жылы Атбасар станцияларының іргесі қаланды . Жаңа аумақтарға қоныстану үшін бұрынғы әскери шеннен казактар және Орынбор, Саратов, Харьков губернияларынан шаруалар көшіп келді. Барлығы 4 мың адам. Ал, 1846 жылы әскер саны 30 мыңға дейін өскен.
II тарау . 1824 жыл «Орынбор қырғыздары туралы Жарлықтың » жүзеге асырылуы
2.1 Кіші жүздегі жер мәселесі мен басқарудағы өзгерістер
Қазақ мемлекеттілігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін ресейлік басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды.
2.2 Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
1822 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен жарғы жобасын жасаған болатын . Бірақ бұл жарғы негізінен 1824 жылы ғана қабылданған . Сол жылы жүзде хан өкіметін жою ұйғарылды. Кіші жүз билеуші-сұлтандар басқарған бірнеше бөлікке бөлінді. Сондықтан бөліктер территория тұрғысынан да, халқының саны жағынан да біркелкі болмады билеуші-сұлтандар іс жүзінде Орынбор шекаралық комиссия чиновниктері болды. Шекаралық комиссияның жанынан кеңестер мен приказдар ұйымдастырылмады.
Қорытынды
Қорыта келгенде XIX ғасырдың 20-40 жылдары қазақ халқының тарихындағы аса ауыр, қайғылы кезең екеніне зерттеу объектісін қарастыру арқылы көз жеткізуге болады 1822 жылы және 1824 жылы «Сібір және Орынбор қырғыздары туралы» ежелер бойынша, Орта жүзбен Кіші жүзде хандық билікті жою еді, және жері округтерге бөлінген болатын.