Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 59 стр.

Полный просмотр работы

Мәтіндік информацияны өңдеу


Жоспар
1 Мәтіндік информацияны өңдеу 3
2 MS WORD мәтіндік құжат 5
3 Символдарды форматтау 13
4 WORD редакторында құжатты қағазға басып шығару 23
5 WORD редакторында графиктерді қолдану 30
6 Құжатқа суретті қою 42
7 Word бағдарламасындағы формулалар редакторы 47
8 Word редакторында кестелерді құру және өңдеу 52
Әдебиеттер 59

1 Мәтіндік информацияны өңдеу
ЭЕМ мен адамның өзара іс-әрекеттерінде информация әртүрлі формада келтірілуі мүмкін. Экранда немесе сөз түрінде және тағы басқа мәтіндік информацияны өңдеуге болады.
Мәтіндік информацияны енгізу, теру және өзгерту үшін мәтінді өңдеудің арнайы жүйесі қолданылады (оларды әдетте мәтіндік редакторлар деп атайды).
Мәтіндерді ЭЕМ-де өңдеудің негізгі артықшылығы — информацияны өзгерту, көбейту және көшіріп жазудың жеңілдігі. Үлкен мәтінге өзгерістер енгізгенде оның негізгі бөлімі өзгеріссіз қалады да, өзгерістер мәтіннің өзгертілетін шағын бөлігіне ғана енгізіледі. Егер мәтіннің үзіндісі ЭЕМ-нің зердесіне енгізілген болса, онда оны қайтадан енгізбей-ақ, басқа мәтіндерге көшіріп жазуға болады. Мәтін енгізілгеннен кейін, қанша уақыт өтсе де, кез-келген уақытта оның жаңа көшірмесінің қажетінше бірнеше данасын басып шығаруға болады.

2 MS WORD мәтіндік құжат
MS WORD — мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Wіndows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол, мәтіндік және графиктік мәліметтерді өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын үлгілер (шаблондар), стильдер, бірден орындалатын ішкі макро бағдарламалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын құрал-саймандар және т. с. с. орналасқан.

3 Символдарды форматтау
Символдарды форматтауға шрифт параметрлерін, символдар аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкіндіктерін тағайындау жатады. Осы тәсіл арқылы құжаттардағы маңызды деген элементтерді айқындап алып, олардың параметрлерін өзгертуге және кейбір символдарды жоғары, не төменгі индекс ретінде кішірейтілген жазба әріптермен бейнелеуді тағайындауға мүмкіндік береді.

4 WORD редакторында құжатты қағазға басып шығару
Құжатты баспаға жібермес бұрын, алдымен оның қағаз бетінде қалай орналасатынын арнаулы алдын ала мәтінді көру режимі арқылы қарап шығу керек.
Word редакторында бірден мәтіннің бірнеше дана көшірмесін баспаға шығаруға және құжаттың тек кейбір беттерін баспаға шығаруға болады. Кез келген құжаттық мәтін Word экранда орналасқанда «Қасиеттер» сұқ бат терезесінде ол жайлы мәліметтермен бірге басып алуға болады.

5 WORD редакторында графиктерді қолдану
Word редакторы басқа бағдарламалардан графиктер енгізуге және өзінің сол тәрізді график түріндегі көріністерін тұрғызуға мүмкіндік береді. Мәтіндік құжат ішіне сыртта даярланған графикті ол сыятындай етіп орналастыру үшін, Енгізу =>Сурет (Вставка=>Рисунок) командасын орындап, ішінде сол сурет орналасқан файлдың атын көрсету керек. График түріндегі (безендіру) суреттерді алдымен алмастыру буферіне көшіріп алып, соңынан барып оны бағыттауыш тұрған орынға буферден енгізу арқылы да орналастыруға болады.

6 Құжатқа суретті қою
Графикалық бейне дегеніміз дискіде графика түрінде бейнелейтін файл. Word редакторының құрамында суретті құратын бірнеше қосымша бағдарламалар орнатылған. Word бағдарламасын орналастырғанда санаулы суреттер кітапханасын отырғызылады. Мысалы:

7 Word бағдарламасындағы формулалар редакторы
Word бағдарламасындағы формулалар редакторы (Редактор формул-Equatіon Edіtor) көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен нұсқауларды қолданудың мүмкіндіктерін береді. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын объектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшеліктер, т. б. жатады және олардың монитор бетіндегі сырт бейнелері, баспадан басылып шығарылатын көшірмелерімен бірдей болады. Формулаларды форматтау барысында қолданылатын әріптер мен олардың созылымы баспа қабылдайтын шрифтерге байланысты өзгертіледі.

8 Word редакторында кестелерді құру және өңдеу
Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген мәліметтерді жиі пайдалануға тура келеді. Реттелген, ықшам мәліметтерді сақтаудың қолайлы тәсілі кестелер. Кестелердегі мәліметтер графиктік без ендірулендерден тұрады. Word редакторы практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын кестелерді ыңғайлы қолдану жолдарын ұсынады. Кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар кестені жасау және өңдеуді жеңілдетуге, сондай-ақ ондағы сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік береді.