Тарихи таным
Жоспар
1 Тарихы 2
2 Ертедегi ортағасырлық мемлекеттер 9
Әдебиеттер 64
1 Тарихы
Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.
2 Ертедегi ортағасырлық мемлекеттер
Қазақстан жерi 6 ғ-да билеушiлерi ашин руынан шыққан Түрiк қағандығының билiгiнде болды. Түркi этносы 3 — 4 ғ-ларда қалыптасқан. “Түркi” этнонимi алғаш рет қытай жылнамаларында 542 ж. аталады. Қытайлар түркiлердi сюннулердiң (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежiрелерде Вэй князьдiгiнiң солт. өңiрлерiне солт.-батыс жақтан келген түркiлердiң (туцзюе) жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететiнi хабарланады. 546 ж. тирек (теле, телi) тайпалары қазiргi Моңғолияның оңт. және орт. бөлiктерiн мекендеген және мұнда үстемдiк еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасады. Түрiк қағаны Бумын күтпеген жерден тирек әскерiне шабуыл жасап, кескiлескен шайқастан кейiн оны жеңедi де, тиректердiң 50 мыңнан астам әскерiн тұтқынға алады. Даланың әдеттегi құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынғандарды өзiне қосып алған түркiлер күшейiп, 552 ж. көктемде аварлар ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңедi. Сөйтiп, Бумын (553 ж. өлген) Түрiк қағандығының негiзiн салды. Оның мұрагерi Мұқан қаған (553 — 572) билiк құрған жылдарда қағандық Орт. Азияда саяси үстемдiкке ие болды. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисей аймағындағы қырғыздарды бағындырды. Солт. Қытай мемлекетi алым-салық төлеп тұрды. 561 — 563 ж. түркiлер Иранмен эфталиттерге қарсы одақ құрды. 587 ж. Бұхара түбiнде түркiлер эфталиттердiң негiзгi күшiн талқандады. 588 ж. Герат қ. түбiнде Иран түркiлердi жеңдi. 571 — 576 ж. Истеми (Iстемi) мен Түрiксанф қағандар басып алған Терiстiк Кавказ бен Қырым жерлерiне жорық жасаған болатын. Қағандықтағы өзара қырқыс кезiнде (582 — 593) мұндағы ықпалынан айрылды. Түркi қағандығындағы әлеум. қайшылықтар, ашаршылық, жұт, Суй әулетiнiң (Қытай) шекаралардағы шабуылдары (581 — 618) бұл мемлекеттiң 603 ж. Батыс және Шығыс болып екiге бөлiнуiне алып келдi. Батыс түрiк қағандығы “ежелгi усун жерлерiне” iрге тептi. Оның аумағы Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейiнгi жердi алып жатты. Қағандықтың негiзгi этн.-саяси ұйытқысы “он тайпа” (он оқ будун) болды. Шу өз-нiң шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Астанасы Суяб (Қырғызиядағы Тоқмақ қ-ның маңы), ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркiстан қ. жанында) едi. Қағандықтың күш-қуаты Жегуй-қаған (610 — 618) мен Түн-жабғы (618 — 630) тұсында күшейе түстi. Тохарстан мен Ауғанстанға жасалған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндiстанның солт.-батысына дейiн кеңейттi. Соғды мен Бұхарада қаған өкiлдерi отырды. Халық (түркiлер, соғдылықтар) сауда-саттықпен, қолөнер кәсiбiмен, егiншiлiк және мал өсiрумен айналысты. Батыс түрiк қағандығында әлеум.-экон. және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдiк ету мен тәуелдiлiктiң алуан түрлi болуына қарамастан, таптардың құрылу және ертедегi феод. қоғамдық қатынастардың бiршама тез қалыптасу үрдiсi жүрiп жатты. Iшкi тартыстар мен Жетiсудағы Тан империясы саясатына қарсы күресте Үшлiк (Үш-Елiк, Учжиле) бастаған түргештердi күшейтiп, ақыры 704 ж. Жетiсуда Түргеш қағандығы (704 — 756) орнады. Үшлiк қаған (699 — 706) Жетiсудан Бөрi-шадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Тұрфан (Сичжоу) мен Бесбалыққа (Тинчжоу) дейiнгi жерлерге өз билiгiн орнатты. Ол астанасын Суябқа орналастырды. Iле өз. бойындағы Күнгiттi екiншi орда еттi. Үшлiк қаған елдi 7 мың әскерi бар 20 түтiктiкке (еншiлiк) бөлiп басқарды. Сақал қағанның (706 — 711) тұсында Түргеш қағандығы батыста соғдылармен бiрге арабтарға қарсы күрес жүргiздi, оңт-те бұларға Тан әулетi зор қауiп төндiрiп тұрды, ал шығыста Орт. Азия түркiлерi қыспаққа алды. Сұлық (Сулық, Сулу) қаған (715 — 738) ел басқарған кезде қағандық бiршама күшейдi. Орда Таласқа (Тараз) көшiрiлдi. Сұлық қағанға екi майданда күрес жүргiзуге тура келдi: батыстан арабтар, шығыстан Тан сарайы қауiп төндiрдi. Елшiлiк жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлық шығыстан келетiн қауiптiң алдын алып, батыста белсендi әскери әрекет жүргiздi. 723 ж. Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тiзе қосқан түргештер арабтарды ойсырата жеңдi. Бiрақ 732 ж. араб уәлиi түргештердi талқандап, Бұхараға кiрдi. 737 ж. Сұлық арабтарға қарсы жорыққа шығып, тағы да жеңiлiс тапты. Оны өз қолбасшыларының бiрi Баға-Тархан өлтiргеннен кейiн сары түргештер мен қара түргештер арасында тартыс басталды. 746 ж. Жетiсу жерiне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келiп қоныстана бастады.
11 ғ-дан 13 ғ-дың бас кезiне дейiнгi аралық қала өмiрiнiң өркен жайған, тауар өндiрiсi өскен, сауда дамыған кезең болды. Өндiрiстiң қаулап өсуi рынокты алмасу құралымен көптеп қамтамасыз етудi талап еттi. Күмiс қоры таза күмiс теңгелердiң пайда болуына мүмкiндiк жасай алмады. Самани әулетi мен қарахан әулетi тұсында тауар орнына жүрген алтын динарлар ендi айналым құралына кiрдi. Алтын ақша айналымында тұтас теңгелер ғана емес, сонымен бiрге олардың әр түрлi көлемдегi және салмақты бөлшектерi де айналымға қосылды. Көптеген ақша жасайтын үйлерде алтын динарлар шығарылды, олардың сапасы мен салмағында оқта-текте айырмашылық болды. Әйтсе де олар бiр мезгiлде айналымда жүре берген. Бұған Орта Азия жерiнен табылған ақша қазынасы дәлел бола алады. Ұсақ бөлшек сауда үшiн мезгiл-мезгiл мыс ақша шығарылып тұрған.
1853 — 58 жылдарда Есет Көтiбарұлы бастаған Кiшi жүз қазақтарының көтерiлiсi болды. Көтерiлiстiң шығуына Арал т-нiң бат. жағындағы Үлкен және Кiшi Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өз-дерiнiң бойын мекендеген шектi руына түтiн салығын салу, әскери мақсат үшiн күш-көлiк алу, бекiнiс салынуы салдарынан жайылымдықтардың тарылуы себеп болды. 1855 жылғы 8 шiлдеде Есет жасақтары А.Жантөрин сұлтанның лагерiне шабуыл жасап, оны өлтiрдi. Бiрақ қару-жарақ жетiспей, көтерiлiсшiлер шегiнуге мәжбүр болды. Есеттiң қолға түскен 18 сарбазын патша үкiметi Сiбiрге айдап, 3 адамын атты. 1858 ж. қыркүйекте Сам құмында жеңiлген Есет көтерiлiстен бас тартып, үкiметке адал қызмет етуге уәде бердi.
1854 ж. Верный (Алматы) бекiнiсi салынғаннан кейiн, Бат. Сiбiрден Жетiсуға қазақ-орыс әскерлерi мен орыс шаруалары қоныс аудара бастады. Жетiсуда үстемдiк етуден бiржолата айырылу қаупiнен қорыққан Қоқан ханы қазақ, қырғыздарды өз уысында ұстауға бар күшiн салды. Әулиеата, Мерке, Пiшпек (қазiргi Бiшкек), Тоқмақ, т.б. бекiнiстердiң гарнизондарын күшейттi. 1860 ж. күзде Қоқан ханы Верный бекiнiсiне шабуыл жасауға 20 мыңдай әскер жiбердi. Ұзынағаш түбiндегi шайқаста (1860 ж. қазан) Г.Колпаковский бастаған шағын отряд қазақ жасақтарының көмегiмен Қоқан әскерлерiн жеңдi. Ұзынағаштағы жеңiс Жетiсуды Қоқан үстемдiгiнен құтқарғанымен, ендi Ресей империясының езгiсiне салып бердi.