Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқық мәселелері
Жоспар
1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының түп-төркін бастаулары 3
2 Көшпелі қазақ қоғамында әдет-ғұрып құқығы құқық жүйе ретінде 5
3 Меншік құқығы 9
4 Міндеткерлік құқығы 10
5 Отбасы неке құқығы 12
6 Мұрагерлік құқығы 14
7 Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы 15
8 Сот және сот процесі 17
Негізгі әдебиеттер 18
1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының түп-төркін бастаулары
Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атайды. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары.Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымджы білдіреді. "Адат" өте ерте кезден басталып, көптеген өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен "адаттың" құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады.
3 Меншік құқығы
Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды.
Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша қауымның меншігі деп есептелді. Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шың мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті қауым басшысы, ру басшылары сұлтандар, билер жүргізді.
Жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді. Оның үстіне жайылымдар үнемі ауысып отыратын. Көктем мен күздің арасында мың киллометрге дейін көшіп-қонып жүрген көшпелі қауымдар үшін жерді, жайылымдарды жеке меншікке бөліп беру мүмкін емес те еді.
4 Міндеткерлік құқығы
Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісім-шарт жүргізудің өз шарты болды. Келісім шарт жасау уәде беру, ант беру, куәлердің алдында келісім жасау т.б. жолдар арқылы жасалды. Келісім уәдесін орындамағандар сенімсіз адамдар ретінде қоғамдық пікір арқылы айыпталатын.
Малды қарызға алған кезде қарызға алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарызға алушы қарызын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Мүліктік және жеке міндеттерді тек ер адамдар ала алды. Адат бойнша қарыз егесі міндетін өтей алмаған жағдайда оның қарызын туыстары немесе сол рудың, ауылдың адамдары қайтаруға тиіс болды.
5 Отбасы неке құқығы
Отбасы-неке әдет-ғұрып құқығы тереңірек зерттелген сала. Қазақ қоғамының негізі ру басы, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшсы ер адам болды. Қазақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан тұрды.
Неке. Қазақ некесі экзогамиялық сипатта болды. Экзомиялық дәстүр бір рудың, топтың ішінен ерлер мен әйелдерге некеге рұқсат етпеді. Қазақтарда жеті атаға дейін некелесуге жол берілмеген.
6 Мұрагерлік құқығы
Мұраға қалдыру жазба және ауызша өсиет түрінде жасалды. Ауызша өсиет болғанда куәлер қатысқан. Әдет-ғұрып құқығы бойынша әке мұрасына иелік ететіндер оның балалары, әйелдері, аға-інілері, жақын туыстары болды.
7 Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы
Адат бойынша қылмыстық істер мен азаматтық құқық бұзушылықтың арасы ерекше бөлінбеді. Қылмысты қазақтар " жаман іс", "жаман сөз" деп те атады. "Айыпкер" ретінде тек қылмыс істеген адам ғана емес, оның туыстары, руы да есептілді.
Саяси. Қоғамға қарсы қылмыстар туралы ұғымдар болмағанымен, ханға, сұлтандарға қарсы қылмыстық әрекеттер қатаң жазаланды. "Жеті жарғыда" сұлтандар мен қожаларға қарсы қылмыстар ерекше жазаланып, оларға төленетін құн жай адамдардан жеті есе артық болды.
8 Сот және сот процесі
Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар және билер жүргізді. Хан мен сұлтандардың қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі. Сұлтандар арасындағы далар болды. Аса маңызды істер билердің араласуымен жүрді және қалың көпшілік алдында өтті. Қазақ хандығы дәуірінде билерді ешкім сайламаған және тағайындалмаған. Билер өз білімі және тәжірибесі арқасында мойындалып, оларға билік сұрап халықтың өзі келетін.
Негізгі әдебиеттер
1. Айткулова Н.Л. Понятие ”аип” в обычном праве казахов // Известия Министерства образования и науки Республики Казахстан, Национальной Академии наук Республики Казахстан, Серия общественных наук. - № 4 (222). июль-август. – Алматы, 1999.
2. Алимжан К.А. Обычное право и другие формы права. // Научные труды КАЗГЮУ. – Вып. 1. – Алматы, 1999.
3. Алимжан К.А. Суд биев как обычно-правовое учреждение и институт обычного права. // Право и государство. – 1998. - № 3.
4. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в XVIII-XIX в. Учебное пособие. - Караганда, 1990.