Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846)
1803, Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жері. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы - қазақтың көрнекті ақыны, 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. Байұлы ішіндегі жайық-Беріш. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құулмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.
Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.