Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
Жоспар
1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері 3
1.1 Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап) 3
1.2 Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап) 5
1.3 Заңсыз банктік қызмет (191-бап) 6
1.4 Жалған кәсіпкерлік (192-бап) 7
1.5 Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап) 8
1.6 Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194-бап) 10
1.7 Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап) 12
1.8 Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу (196-бап) 12
1.9 Көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бап) 14
1.10 Көрінеу жалған жарнама беру (198-бап) 15
1.11 Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап) 16
1.12 Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап) 17
1.13 Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап) 19
1.14 Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап) 20
1.15 Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап) 21
1.16 Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін (205-бап) 22
1.17 Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау немесе өткізу (206-бап) 23
1.18 Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындау немесе өткізу (207-бап) 24
1.19 Акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және қайталау (208-бап) 26
1.20 Экономикалық контрабанда (209-бап) 26
1.21 Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап) 28
1.22 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап) 29
1.23 Банкроттық жағдайдағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап) 29
1.24 Әдейі банкроттық (216-бап) 31
1.25 Жалған банкроттық (217-бап) 32
1.26 Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап) 33
1.27 Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап) 33
1.28 Банктың ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап) 34
1.29 Азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап) 35
1.30 Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (222-бап) 36
1.31 Тұтынушыларды алдау (223-бап) 37
1.32 Заңсыз сыйақы алу (224-бап) 39
1.33 Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап) 40
1.33 Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету 226-бап) 41
1.34 Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (227-бап) 41
Әдебиеттер 44
1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері
1.1 Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап)
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы).
1.2 Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап)
Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса-іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады. Қылмыс объективтік жағынан мынадай балама әрекеттерден құралады:
1.3 Заңсыз банктік қызмет (191-бап)
Ақша-несие жүйесіндегі қылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық заңда «Банктік қызметті тіркеуден өткізбей немесе рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген».
1.4 Жалған кәсіпкерлік (192-бап)
Қылмыстық кодекстің 192-бабында «Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру-жалған кәсіпкерлік» деп белгіленген.
1.5 Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап)
Қылмыстық кодекстің 193-бабында «Көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге де мүлікпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ аталған қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану» қылмысының анықтамасы көрсетілген. Заңда мұндай әрекеттер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру деп аталады. Қылмыстың тікелей объектісі экономикалық қызмет аясындағы ақша қаражат айналымын реттеудің қоғамдық қатынастары болып табылады.
1.6 Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194-бап)
Несие дегеніміз банк немесе несиелік ұйымдардың қарыз алушыларға беретін ақшалай қаражаттары болып табылады. Ақша қаражаты-осы қылмыстың заты болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі банктік немесе басқадай несиелік ұйымдардың несиелік қызметін реттейтін қоғамдық қатынастары.
Объективтік жағынан қылмыс іс-әрекеттен, қылмыстың зардабынан және себепті байланыстан тұрады. Заң іс-әрекеттің мынадай нысандарын белгілеген:
1.7 Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап)
Қылмыстық кодекстің 195-бабына сәйкес ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден тиісті сот актісі заңды күшіне енбегеннен кейін ұйым жетекшісінің немесе азаматтың әдейі жалтаруы-несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару деп саналады. Қылмыстың тікелей объектісі-несиелік шартқа қатысушының мүддесін белгілейтін қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастар мәні немесе мазмұнына сәйкес азаматтық құқық нормалары арқылы реттеледі.
1.8 Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу (196-бап)
Нарықтық экономиканының басты белгілерінің бірі нарықтық заңдардың өзін-өзі, яғни сұраныстың ұсынысты ретке келтіруі болып табылады. Осы жағдайға байланысты нарықтың бірқалыпты қызмет етуінің және дамуының басты шарттарының бірі болып бәсекеге негізделген заңдардың жүзеге асырылуы болып табылады. Бірақ-та нарықтың өзін-өзі ретке келтіру процесінде сан қилы бәсекені әдейі шектейтін нысандарды туындатады.
1.9 Көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бап)
Қылмыстық кодекстің 197-бабы бойынша «Көпшілік сауда-саттықтар немесе аукциондар өткізу тәртібін өрескел бұзу мүлік иесіне, сауда-саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъектіге ірі зиян келтірсе»-қылмыстық жауаптылық белгіленген.
1.10 Көрінеу жалған жарнама беру (198-бап)
Жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен жасаған және ірі зиян келтірген тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты пайдалануы-көрінеу жалған беру деп танылады. Қылмыстың тікелей объектісі-экономикалық қызмет субъектілерінің адал бәсекелестігін реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан қылмыс құрамы іс-әрекет пен заңда көрсетілген себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.
1.11 Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап)
Тауар белгісін заңсыз пайдалану-бұл арам ниетті бәсекелестіктің бір түрі. Арам ниетті бәсекелестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қолданылып жүрген заңдардың, нормативтік актілердің талаптарына қайшы әрекет жасау арқылы кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға, басқа кәсіпкерлердің іскерлік беделіне, мүлкіне зиян келтіру әрекеттерін айтамыз.Қылмыстың объектісі адал бәсекелестікті және тауар белгілерін пайдалану құқығын реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
1.12 Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабында «Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сондай-ақ бұл мәліметтерді жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсілдермен жинау»-коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету деп танылады. Қылмыстың тікелей объектісі коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
1.13 Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап)
Қылмыстық кодекстің 201-баптың 1 және 2 бөліктерінде кәсіптік спорт жарыстарын және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу қылмысының құрамы белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі-кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырылуы мен оларға қатысудың тәртібін белгілейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
1.14 Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап)
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттің шаруашылық қызметінде бағалы қағаздардың айналымының рөлі арта түспек. Бағалы қағаздар белгілі құндылыққа ие бола отырып, ол ақша қаражатымен бірдей төлем немесе айналым құралы ретінде немесе заңда белгіленген басқа да қызметті атқарады.
1.15 Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап)
Қылмыстық кодекстің 203-бабында бағалы қағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін реттейтін қоғамдық қатынастар.
1.16 Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін (205-бап)
Қылмыстық кодекстің 205-бабында ірі зиян келтіріле отырылып бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Бұл қылмыс құрамы объективтік жағынан заңмен белгіленген бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу әрекеттері бойынша істеледі.
1.17 Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау немесе өткізу (206-бап)
Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының ақша қаражат жүйелері болып табылады.
1.18 Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындау немесе өткізу (207-бап)
Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі-төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындауды, айналымға шығаруды реттейтін қоғамдық қатынастар.
1.19 Акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және қайталау (208-бап)
Едәуір зиян келтіруге әкеп соққан акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу,акциздік алым маркасын қолдан жасау немесе алу, сол сияқты оларды пайдалану немесе өткізу әрекеттері үшін жауаптылық белгіленген.
1.20 Экономикалық контрабанда (209-бап)
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу экономикалық контрабандының түсінігін береді.
1.21 Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап)
Қылмыстық кодекстің 213-бабы бойынша: ұйым басшысының ҚР заңдарына сәйкес ҚР уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден ірі мөлшерде қайтармауы-қылмыс болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі-мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар.
1.22 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап)
Ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстың объектісі мемлекеттік кеденді реттеу саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
1.23 Банкроттық жағдайдағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап)
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғалардың соттың банкрот деп тануының негізгі және тәртібі немесе олардың өзін ерікті түрде банкрот деп жария етуі, сондай-ақ банкрот болған заңды тұлғалардың қызметін тоқтату мәселелері ҚР «Банкроттық туралы» арнаулы Заңы арқылы реттеледі.
1.24 Әдейі банкроттық (216-бап)
Әдейі банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігіне қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы-деп берілген. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы:
1.25 Жалған банкроттық (217-бап)
Осы бапта коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің несие берушіге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жанылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет ірі зиян келтірсе-жалған банкроттық болып табылады деп белгіленген. Қылмыстың объективтік жағы мынадай 3 түрлі белгілермен сипатталады:
1.26 Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап)
Бухгалтерлік есеп жүргізуге уәкілетті адамның заңдарда көзделген мәліметтерді құжаттаудан жалтаруы не осы адамның есепке алу немесе есеп беру құжаттарына ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы көпе-көрінеу жалған ақпаратты енгізуі, сондай-ақ ірі зиян келтірген қаржы және басқа есепке алу немесе есеп беру құжаттарын оларды сақтау мерзімі аяқталғанға дейін жойғаны үшін қылмыстық жауаптылық көрсетілген.
1.27 Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап)
Банк қызметкерлерінің заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі, сондай-ақ осы банктің іс жүзіндегі қаржы жағдайымен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілдемелер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса Қылмыстық кодекстің 219-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды. Қылмыстың объектісі-банк операцияларын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады:
1.28 Банктың ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап)
Банк қызметкерлерінің банктің өз қаражатын және банктің тартылған қаражатын көпе-көрінеу қайтымсыз несие беру немесе банкке көпе-көрінеу пайдасыз мәмілелер жасау үшін пайдалануы, сондай-ақ банк клиенттеріне не басқа адамдарға негізсіз банк кепілін немесе негізсіз жеңілдік шарттарын беруі, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе ҚК 220-бабы бойынша жауаптылық туындайды. Қылмыстың объектісі, субъективтік белгісі және субъектісі ҚК 219-бабындағы қылмыс құрамымен ұқсас. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамының белгілері төмендегідей:
1.29 Азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап)
Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларацияны табыс етпеуі арқылы не декларацияға немесе салықтарда немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеу немесе төлеуге байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлік туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшерде салық немесе міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса Қылмыстық кодекстің 221-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық туындайды.
1.30 Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (222-бап)
Декларация табыс ету міндетті болып табылатын жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны табыс етпеу не декларацияға немесе салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептемеу немесе төлеуге байланысты өзге де құжаттарға кірістер мен шығыстар арқылы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, не салық салынатын басқа да объектілерді немесе өзге де міндетті төлемдерді немесе ұйымның нақты тұрған жерін жасыру арқылы ұйымдарға салынатын салықтар-ды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеу ден жалтару, егер бұл әрекет салық немесе өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық туындайды.
1.31 Тұтынушыларды алдау (223-бап)
Меншік нысанына қарамастан тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүкендерде немесе басқа кәсіпорындарда не сауда саласында кәсіпкерлер ретінде тіркелген азаматтардың кем өлшеу, кем тарту, кем санауы, тауардың тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-әрекеттер елеулі мөлшерде жасалған болса-тұтынушыларды алдау деп бағаланып, кінәлы адам жауапқа тартылады.
1.32 Заңсыз сыйақы алу (224-бап)
Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйым қызметшісінің, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерінің өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болмаса, заңсыз сыйақы деп танылып, кінәлы адам Қылмыстық кодекстің 224-бабымен жауапқа тартылады.
1.33 Табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап)
Табиғат пайдалану жөніндегі көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу, табиғат ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен мемлекеттік жер кадастраларының деректерін бұрмалау, сондай-ақ табиғат ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын қорғап, молықтырғаны үшін төлемді қасақана төмендету, егер бұл әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесі үшін жасаса Қылмыстық кодекстің 225-бабымен жауапқа тартылады.
1.33 Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету 226-бап)
Күш қолданамын деп, бөтеннің мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп, сондай-ақ жәбірленуші мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян тигізуі мүмкін мәліметтерді таратамын деп қорқыту арқылы мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгілері болмаса, мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету деп танылып жауапқа тартылады.
1.34 Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (227-бап)
Компьютерлік ақпаратты қылмыстық-құқықтық нормамен қорғау ҚР жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай арнаулы норма болмаған. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінің 227-бабына елеулі өзгерістер енгізіп, осы тұрғыдағы қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылық күшейтіледі. Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату негізінен қоғамның экономикалық саладағы қоғамдық қатынастарында орын алады.