Инновациялық маркетинг жүйесіндегі Паблик Рилейшнз
Нарықтық, қатынастардың дамуы тауарларды жылжытудың озық әдістерді енгізудің өзектілігін белгілейді. Кез-келген кәсіпорынның қызметінде коғаммен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру ерекше маңызды рөлді атқарады, әсіресе инновацияны жүзеге асыру кезінде. Бұл қоғамдық пікірді қалыптастыруға байланысты маркетингтік шараларды әрдайым жетілдіруді қажет етеді [1], Кәсіпорынның коммуникациялық саясаттың құрамдас элементтерінің бірі және жаңа тауарларды жылжытудың тиімді әдісі ретінде қоғаммен байланыс бойынша жұмыстар алдымен коғам тарапынан кәсіпорынға жақсы және жағымды көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен бірге, қоғамдық пікірді қалыптастыруға байланысты қызметтің өзектілігінің өсуі басқа маңызды бірқатар факторлармен туындаған:
Айта кететін бір жайт, отандық нарықта қоғамдық пікірді қалыптастырудың өзектілігі халқымызға ұжымдық психологияның тән болуымен негізделген. Қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша практикалық қызметтің негізгі түрлері 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1 - Қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша қызмет түрлері
Келесі тиімді, әрі келешегі бар кызмет түрі радио, теледидар, әр түрлі мерзімді басылымдардан қаржы және экономикалық сұрақтары бойынша мақалаларды жазумен айналысатын басты тілшілермен достық қарым-қатынасты орнату, өйткені олардың әрқайсысы материалды дайындаудың белгілі бір кәсіби тәсілдерге ие [3 ].
Ескеретін жайт, бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыс кәсіпорын туралы беретін репортаждарды жариялауға қарағанда анағұрлым ауқымдырақ, өйткені мұндай қарым-қатынас өзара сенім мен қызмет көрсетуге дайындық атмосферасын орнатуды білдіреді. Бұл келешекте екі жаққа пайда әкелуі тиіс.
Материалды кенеттен жариялау қажет жағдайда пресс-релиз телеграфтық хабарламамен ауыстырылуы мүмкін. Мұндай хабарламалар радио және теледидар, сондай-ақ күнделікті газеттер үшін ақпарат көздері болып табылады.
Хабарласудың маңызды арналары болып мыналар табылады:
Бүгінде электронды паблик рилейшнз келешегі бар коммуникация нышандарының бірі. Басқа да паблик рилейшнз түрлері сияқты, е-паблик рилейшнз аудиторияны хабардар ету, аудиториямен өзара түсіністік табу және аудиторияның мінез-құлқын үйлестіру сияқты міндеттері бар.
Айырмашылықтардың бәрі құралдарда. Осы тұрғыдан Интернет PR құралдарын таңдауда кең мүмкіндіктер береді.
Электронды паблик рилейшнз үш негізгі бөлімнен тұрады: