Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мәдениеттану

Тип: Реферат

Объем: 19 стр.

Полный просмотр работы

«Этнос» туралы ұғым. Этностардың пайда болу заңдылықтары

«Этнос» гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.

Әр ұлттың өзiне тән мiнез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа көшкен сайын өзгерiп отырады. Мысалы ХVIII-ХIХ ғ.ғ. қазақтар мен бүгiнгi қазақтардың мiнез-құлқы бiрдей емес. Тiптi қазақстандық жергiлiктi қазақтар мен Иран, Түркия, Моңғол қазақтарының мiнез-құлқындағы айырмашылық бiрден сезiледi. Ол – этникалық топтардың жергiлiктi халықтың психологиясы мен кәсiби ерекшелiгiне қарай бейiмделуiне байланысты.
“Этнос мүшелерiнiң мiнез-құлық құрылымының бiрiздiлiгi қарым-қатынас нормасына негiзделген. Олар: 1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына; 2) жеке адамдардың өзара қатынасына; 3) этникалық топтардың арақатынасына; 4) этностар мен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Басқа этностардың басқаша нормалармен байланысқа түсуiне әр этностың мүшелерi таң қалады және өзiнiң тұқымдастарына басқа халықтардың “өрескелдiктерi” туралы таңдана айтатын болады. Мысалы, ертедегi афиналықтар скифтердiң үйiнiң жоқтығын, ал өздерiнiң мейрамдарында есi кеткенше iшетiнiн ызалана айтады екен. Ал римдiктер еврейлердiң сүндетке отырғызуын жаратылысқа қарсы әрекет деп айыптаған. Палестинаны жаулап алған рыцарьлар арабтардың көп қатын алуын ызалана сөз етсе, ал арабтар француз әйелдерiнiң бетiн ашық ұстауын сөлекет санаған. Иудейлер римдiктердi шошқа етiн жегенi үшiн жек көрген.

Әйгiлi тарихшы, этнограф, тiл ғалымы А. Вамбери 1885 жылы баспадан шыққан “Түрiк халықтарының этнологиясы мен этногеографиясы” деген кiтабында көптеген жазба деректер келтiре отырып, қазақ деген аттың IX—X ғасырларда ел таныған, әлемге әйгiлi халықтың аты болғандығын айтады. Моңғол Халық Республикасы ғылым академиясының қызметкерi Iсләм Қабышұлы “хасаг” деген сөздiң моңғол әдебиетiнде X ғасырдан бастап белгiлi болғанын, моңғолдардың “Батырлар жыры” мен “Бабалар шежiресiнде” “хасаг” (“қазақ”) деген сөздiң кездесiп отыратынын атап көрсетедi. Автордың айтуына қарағанда, ерте кезде моңғолдар көшiп жүргендердi “қасақтар” деп атаған (46).
Тiл ғалымы Т. Жанұзақов: “қазақ атауы Кавказдағы түркi тайпалары құрамында алтыншы ғасырдан бастап жалпы есiм және этнотермин ретiнде кездескен... кейiннен оныншы, он төртiншi ғасырларда да осы қазақ сөзi түркi тайпалары арасында кеңiнен тараған. Қыпшақтардың, ноғайлардың iшiнде де қазақтар болған”,— дейдi (28).

Әдебиеттер:
1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2. Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
4. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. – Алматы: “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.
5. Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев Ә. “Әдеп және жантану”. – Алматы: “Атамұра” 1994 ж.
6. Қазақтың мақалдары мен мәтелдерi.- Алматы: ҚазГосполитиздат. 1957.
7. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негiздерi - Алматы; 1995 ж.