Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Мемлекет пен құқық теориясы дегеніміз – қоғамның жалпы заңдылықтарын, құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын, болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы.
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары.
Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін заңдылықтарының анықталған шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтары құрайды.
Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық теориясына мынандай сипат беруімізге болады:
Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.
Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.
Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің пайда болуының және тарихи дамуының жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқықбұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.