Айырбас курсының режимі және жиынтық сұраныс
Жоспар
1. Валюта бағамы: негізгі түсініктер 3
2. Валюта бағамына әсер ететін факторлар 7
Қолданылатын әдебиеттер 8
1. Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамы деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын айтамыз.
Мысалы, 150 тенге = 1S.
Валюта нарығына байланысты негізгі түсініктер:
Девальвация - ұлттық валютаның құнсыздануы. Ол ұлттық валюта бағамының шетел валюталарына немесе халықаралық ақша өлшемдеріне қарағанда төмендеуінен көрініс табады. Девальвация себептері – инфляция, төлем балансының тапшылығы.
Ревальвация - ұлттық валютаның басқа елдердің валюталарына қатысты бағамын жоғарылату.
Тағайындалатын валюта бағамы әдісінде мемлекет валюта бағамын тұрақтандырып отырады. Ол мынадай жолдармен іске асады:
• Резервтерді қолдану. Бағам ауытқулары байқалған кезде, мемлекет оны валюта қорын пайдалану арқылы тұрақтандырады;
• Сауда саясаты. Ол мемлекеттің валюта бағамын тұрақты сақтау үшін импортты шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты.
• Валюталық бақылау, оңтайландыру. Мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.
• Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясатын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Валюта бағамдарының мынадай үш түрі қолданылады:
2. Валюта бағамына әсер ететін факторлар
Бюджет-салық саясаты әсері. Егерде мемлекет ұлттық қордың көлемін мемлекеттік сатып алу арқылы қысқартатын болса, S-I көлемі қысқарады, ал ол NX көлеміне әсер етеді. Бұл жағдай 1-ші суретте көрсетілген. - нақты айырбас бағамы. Қордың азаюы ұлттық валютаның ұсынысын төмендетеді. Ол өз барысында нақты бағамды жоғарылатады. Соның нәтижесінде елдің тауарлары қымбаттап, таза экспорт көлемі төмендейді.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
2. Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
3. Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
4. Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
5. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997