Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Журналистика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 38 стр.

Полный просмотр работы

Бұқаралық ақпарат құралдардың тәуелсіз қазақстан саяси өміріндегі орны мен рөлінің қалыптасуы

Жоспар
Кіріспе 3
I БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 6
1.1 Баспасөз 6
1.2 Телевидение 16
1.3 Радио 19
II БАҚ-НЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ 22
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

Кіріспе
Қазақстанның Интернет-дәрісханасына айтарлықтай қанат жаюды тілеген Президент халықпен байланыс орнатудың жаңа үлгісін табысты түрде өмірге енгізді. Мемлекет ақпараттық қоғам қалыптастыру және өмірдің барлық салаларында инновациялық технологияларды дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады. Мұндай шараларды жиі өткізу керектігін практика дәлелдеп берді. Бұндай электронды диалог мемлекеттік органдарды халықпен шынайы байланыстырады. Үкіметке, министрліктер мен әкімдерге Интернет-конференцияларды ұдайы өткізу қажеттігі туындады.
Өкінішке қарай, он-лайн тарату ауқымында барлық сұрақтарға жауап қайтарудың сәті түспесе де, бірде-бір өтініш назардан тыс қалмағандығы билік институының бұқарамен байланысындағы аса үлкен жауапкершілікті және ашық диалогты қолдайтындығын танытса керек.
Отыз күннің ішінде ол сұрақтарға жауаптар әзірленуі Президент әкімшілігіндегі ақпарат және баспасөз қызметіндегі мамандардың кәсібилігін айқындай түссе керек. Осы қызметкер пайдаланушылармен электронды үкімет сайтында және менің ресми сайтымда таныса алады.
Интернет-конференцияның басты тақырыбы - Қазақстанның инновациялық дамуы. Интернет тарифтері төмендеуі басты мәселе саналады. Сарапшылар, бүгінде бұл сала тым монополияландырылған, сондықтан да бәсекеге қабілетті бола алмайды, осыдан барып ақпараттық технологиялар баяу дамуда деп санайды.

I БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Баспасөз
Негізінен кез-келген мемлекеттің ішкі-сыртқы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін өзінің ақпараттық саясаты болады. Бүгінде жаңаша даму жолына түскен Қазақстанның халқы мен экономикасы үлкен өзгерістерді басынан өткеруде. Демократиялық жаңғырулар тереңдетіліп, қоғамды жалпы трансформациялау процестерінің қажетті шарттары тұрақтандырылуда.
Осындай өтпелі кезеңде БАҚ-тың қоғамдық санаға әсері саяси-әлеуметтік күші айқын байқалып отыр. Егемен елде болып жатқан барлық оқиғаларға ақпарат құралдары тікелей араласа отырып, қоғамның басқа салаларымен ақпарат қызметі де өз рыногына шықты.

1.2 Телевидение
1952-жылы саясатта “Телевидение – ғасырдың бастамасы” деп саналады. Дегенмен, телевидение үшін оның пайда болуымен саясаттың маңызды құралына айналуына дейін аз ғана уақыт өтті. Ол тез дамып, тез тарала бастады [22.323б].
70-80-жылдары телевидение БАҚ-ң ең үстемдік етушісі болып саналады. Бұған АҚШ-ғы Дж.Кеннеди мен Р.Никсон арасындағы телевизиондық дебат мысал бола алады. Э.Роупер сайлаушылар арасында сауалнама жүргізгеннен кейін, осы теледебаттар Кеннедидің жеңісіне ықпал етті деген қорытындыға келді, 1980-жылы теледебаттар Р.Рейганның Дж.Картерді 5пайызға озып шығуға мүмкіндік берген. Сонымен қатар теледебаттар Р.Рейган мен У.Мондейл, 1988-ж Дж.Буш пен М.Дукакис арасындағы, 1992-ж Дж.Буш пен Б.Клинтон арасындағы теледебаттар да аз рөл ойнаған жоқ. Кейіннен теледебаттар сайлау науқанында негізгі құрал ретінде дами түсті [22.317-318бб].
Соңғы жылдары республиканың ақпараттық кеңістігінің қалыптасуында теледидардың рөлі мен маңызы артып отыр. Статистикалық деректерге жүгінсек, адам күніне кем дегенде 2-3 сағат теледидар көреді екен. Яғни бұл уақыт қоғам мүшесінің ой-санасы мен саяси-әлеуметтік көзқарастарына елеулі ықпал етуге жетіп отыр деуге болады.
2004-жылдың сәуір айында болған Еуразиялық медиа форум республика тұрғындары арасында жүргізілген сауалнаманы шолып өтелік. Сауалнама бойынша сұралғандардың 57 пайызы БАҚ-тың міндеті халықты болып жатқан оқиғалармен хабардар етіп отыру деп санайды. 20 пайызы жаңалықтармен таныстырудан басқа, оны бағалау мен сараптауды да БАҚ міндетіне жүктейді. Ал 15 пайызы БАҚ-тың негізгі міндеті - жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға атсалысу деп біледі. Жауап бергендердің 82 пайызы БАҚ-тың жан-жақтылығын бағалайды. Және газет бетіндегі мақала немесе телесюжет дау-дамайлық әрекеттерге итермелеуі мүмкін десе, 15 пайызы бұған қарама - қарсы пікір айтады. 3 пайызы жауап беруді қиынсынады. Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (74 пайызы ) экстремизм мен нәсілшілдікке бөлінудің насихатталуын қаламайды. 16-29 жас аралығындағылардың 37 пайызы, 50-59 жас аралығындағылардың 8 пайызы журналисттер зорлық-зомбылыққа жауапты болмауы керек дейді. Он жылдық білімі бар 57 пайыз. жоғары білімді 16 пайыз сұралғандар да осы пікірді қолдайды [40.3-4бб].

1.3 Радио
XIX-ғасырдың аяғында радионың ойлап табылуы, ақпаратты тарату механизмін біржолата өзгертті, енді хабарлар мемлекеттік шекарадан өтіп, ешбір тұлғасыз алыс жерлерге де тарала бастады. II-дүниежүзілік соғыстың кезінде радио қоғамды саяси мобилендіру мен үгіт-насихаттың маңызды және басты құралы болып табылды [22.342б].
Содан бері ақпарат тарапынан бұқаралық құралдардың ішінде мүмкіндігі мол арнаның бірі – радио. Ақпарат кеңістігінде оперативтілігімен, шынайылығымен және өміршең өткірлігімен айрықша мәнге ие болған БАҚ-ның ең тиімдісі, әрі қолайлысы осы радио. Ол кең аудиториясымен әрбір отбасына, әрбір жеке адамға әсер ету қуатымен ерекшелінеді. Радио басқа ақпарат құралдарының өзінің демократиялылығымен және жеделдігімен оқшауланады.

II БАҚ-НЫҢ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Жалпы мемлекет пен БАҚ-ның қоғам алдындағы екі жақты жауапкершілігі мынаған сәйкес келеді. Яғни, мемлекет өмір тезіне шыдай алар саясат жүргізуге міндетті болса, ақпарат құралдары сол саясаттың эволюциялық даму заңдылықтары мен үрдістерін бұзбай сақтай отырып, кемшіліктері мен артықшылықтарын қоғам алдында айқындап отыруы тиіс.
Егер, бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда қоғамдағы саяси процестердің жалпы түсіндірілуінен бастап, өмірде көрініс табуы, шешілуіне дейін сыңаржақ, қате шешімдерге бой алдыруы әбден мүмкін [44.128б].
Мемлекет басындағылардың іс-әрекеті түрлі заң, құқықтық нормалар мен ережелерге сүйеніп қана қоймай процестерді реттеп жүйелеуге, басқаруға бағытталады. Басқаша айтқанда, билік басындағылар мен биліктің қол астындағылар арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-құқықтық және т.б. толып жатқан қарым-қатынастар әлгі нормалар мен ережелер арқылы жүзеге аспақ.
Қоғамның саяси институттары қатарында айрықша мәнге ие, басқалармен салыстырғанда саяси-әлеуметтік “билігі” мен қызметі бөлектеу тұрғаны БАҚ-ның тарату жүйесі болып табылады. Бұл жүйе тікелей өндіруші сала болмағанымен, қоғамдағы саяси-әлеуметтік ықпалы жағынан басым болатыны белгілі.

Қорытынды
Менің бұл дипломдық жұмысым барысындағы негізгі шығаратын қорытындым - демократиялық зайырлы қоғамда БАҚ билік тармақтары мен қоғамдық институттары үйлесімді қатынаста болуы шарт.
Бұқаралық ақпарат құралдары да қоғамның қуатты институттарының бірі ретінде саяси-экономикалық үрдісімізден өз орнын айқындап отыр. Ол ілгерідегі кеңестік идеология тұсындағы өзіне берілген қосақ баламалардан (“партияның қолғанаты”, “қайта құрудың тетікшесі”, және т.б.) арылып, бүтіндей жаңа, сипатқа ие болып келеді. БАҚ-ры енді демократиялық жаңғырулар үстемдік құрған қоғамда халықтың мінберге, қоғамдық саяси пікірмен басқа да қатынастарды қалыптастыру құралына айналды.
Дегенмен де, БАҚ-тың алға қойған мақсат-мүддесі мен позициясын анықтау керек. Мұның өзі сайып келгенде, саясат пен қоғам дамуына, елдік мүддеге қатысты болып келеді де, бұқаралық ақпарат құралдарының әр жерде өзіндік ерекшелігі болатынын жоққа шығармайды. Біздің республикамызда БАҚ мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді, соған орай жұмыстары өрбиді. Бірақ лицензиялық – құқықтық жауапкершілікті ұмытпау керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кітаптар:
1. К.С.Гаджиев. Политическая наука. М., 1995. 569б (252б)
2. Е.П.Прохоров. Введение в теорию журналист. М., 1995. 79б
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1998. 10б
4. Н.Ә.Назарбаев. “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1997. 256б.
5. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы. 1992, 12б.
6. Н.Ә.Назарбаев. “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірілігінде.” Алматы. 1993. 21б
7. К.С.Гаджиев. Введение в политическую науку. М., “Логос”. 1997. (325б).
8. С.В.Бориснев. Социология Коммуникаций. ЮНИТИ. М., 2003. 270б
9. В.П.Пугачев., А.И.Соловьев. Введение в политологию. М., Аспект Пресс. 1997, 447б (346б).
10. Қозыбаев С., Рамазанова А., Алдаберген Қ. Әлем баспасөзінің тарихынан.Алматы: Санат 1998 ж. (22б)
11. И.Н.Гомеров. Государство и государственная власть. М., 2002. 560б(553б)
12. Б.Ельцин. Президентский марафон. М., 2000, (32б).
13. Л.Ә.Байделдинов. Теориялық саясаттану. Оқулық. Алматы: Издат.центр ОФППИ. “Интерлигал”. 2005, 264б (67б).
14. Т.Бекниязов. Демократиялық қоғам және баспасөз. Алматы. Қаз.Ун. 2005.
15. Ғ.Ж.Ибраева. Политика и телевидение. Алматы: Қаз.Ун. 1996, (54б).
16. М.М.Петровская. США: политика сквозовь призму опросов. М., 1982, (132-133бб).
17. В.Л.Энтин. Средств массовой информаций в политической системе совремменого капитализма. М., 1988. 17б.
18. Қ.Е.Сіләмғазыұлы. Саясаттану негіздері. Алматы: “Дәуір”, 2005. 224б
(97б)
19. М.К.Бармақұлов. Телевидение: деньги и власть. Алматы. “Санат”. 1997,
272б.
20. А.В.Силантьев. Четвертая власть СМИ. М., 1991, 128б.
21. Т.Бекниязов. Журналистің шығармашылық шеберлігі. Алматы, Қаз.Ун. 2004, 174б (20-22бб).
22. Я.Н.Засурский. Основные понятия журналистики. М., 1993, 223б (62б).
23. С.З. Нарматов. Өтпелі және партисипаторлық саяси мәдениеттің негізгі белгілері. // Адам және саясат. Оқу құралы. Алматы. 1998, 52б.
24. С.Қ.Қозыбаев. Крах и новые витки СМИ Казахстана в мировом коммуникативном пространстве. Алматы. 996, 120б
25. Ахметова.Л.С. Қазақстандағы PR мен БАҚ. Алматы: Нұр, 2003.118б (26).
26. Информационная политика: Уч.// Под. общ. ред. В.Д.Попова. М., РАГС, 2003. (201-202бб)
Мерзімді басылымдар:
27. Қазақстан Республикасының Заңы “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” // “Егемен Қазақстан”. 1999, 6.08.
28. Н.Ә.Назарбаев: “Баспасөз – саяси ықпал жасаудың тетігі.” // “Халық кеңесі”. 1994, 29.11.
29. Н.Ә.Назарбаев: “Ең бастысы – ел тыныштығы” // “Егемен Қазақстан”. 2001, 7.02.
30. Н.Ә.Назарбаев: “ Мемлекеттік емес БАҚ-ның жағдайы.”// “Астана ақшамы”. 2002, 21.05.
31. Т.Бекниязов: “Демократиялық талаптар мен Баспасөз” // “Егемен Қазақстан”.2005, 12.03.
32. Мұхтар Құл-Мұхаммед: “Мемлекет пен ақпарат құралдары бірін-бірі қолдай отырып дамиды” // “Астана ақшамы”. 2002, 21.05.
33. А.Айталы: “ Сіз қайда тұрасыз? ” Қазақстандағы ақпарат кеңістігі туралы. // “Түркістан”. 2003, 23.10.
34. Д.Назарбаева: “Сөз бостандығы – демократияның басты белгісі” // “Астана ақшамы”. 2002, 27.06.
35. В.Третьянков: “ Режим Путина и Россия. ” // “Независимая газета”. 2000, 14.09.
36. Ерік Рахым. “Қазақстанда БАҚ кімге жұмыс істейді: халыққа ма, билікке ме? ” // “Жас Алаш”. 2006, №5. 19.01.
37. Я.Н.Засурский. Роль СМИ в обществе. // Вестник. МГУ. Сер. Жур. 1995, №2. (3-4бб).
38. С.У.Нургисаев., И.Л.Ким. “Информационные технологий и эффективность государственного управления” // Технологий управления. 2002, №1.
39. С.Қ.Қозыбаев. “Масс – медиа как индикатор свободы общества”// Вестник ҚазҰУ. Сер. Жур. 1997, №1 (11б)
40. С.Қисымов. Журналистиканың функциялары мен принциптеріне жаңаша көзқарас. ҚазҰУ хабаршысы. Сер. Жур. 1998, №13. 145б.
41. Сейдолла Садықұлы. “Баспасөзде билік бар ма? ” // Ақиқат. 2002, №2.(63б).
42. Нәубат Қалиев. “Мемлекеттік билік және БАҚ: өзара қатынастар ережесі.” // Ақиқат. 2003, №4. (38б) .
43. Сағдат Әділбеков. “Билік және баспасөз” //Ақиқат. 2001, №11.
44. Досалы Салқынбек. “Қазақ баспасөзі тәуелсіздік жылдарында” // Ақиқат. 2001, №12. 41-42бб.
45. Сағдат Әділбеков. “Билік пен баспасөздің бәтуасы.” // Ақиқат. 2003, №2
46. Темірбек Қожакеев. “Бұқаралық ақпарат құралдары: бүгін және ертең” // Ақиқат. 2001, №5. 44б.
47. А.К. Юсупов. Уровень информированности население. // Саясат. 1998.