Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық социологиясы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Социология ғылымының қалыптасуы мен дамуы


Жоспар
1 Социология тарихы 3
2 Социологияның зерттеу нысаны мен пәні 13
Қолданылған әдебиеттер 16

1 Социология тарихы
Социология ғылымының тарихын шартты түрде үшке бөліп қарастыруға болады:
1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар;
2) Орта ғасыр және жаңа дәуір социологиясы;
3) Қазіргі заманғы социология.
Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б.з.б 428/427 - 348/347) мен Аристотель (б.з.б. 384-322) есімдерімен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, одарды қорытып, қоғамды одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түзді.
Платонның “Мемлекеті” жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек болып саналады. Оның негізгі тұжырымы әлеуметтік проблемаларды сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетілген мемлекетті негіздеп құруға болады дегенге саяды.

2 Социологияның зерттеу нысаны мен пәні
Социологияның зерттеу нысаны - қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары. Ғылыми танымдық және практикалық мақсаттарға қарай бір нысанда бірнеше зерттеу пәндері болуы мүмкін.
Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологияның зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды.
Практикалық әлеуметтік істердің нәтижелі болуына көмектесу үшін оның табиғатын, пайда болу жағдайларын, егер олар бұрын белгісіз болса, түсіндіру қажет. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу – зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті заңдылықтарын анықтау мақсаты алға қойылған теориялық – бағдарлық әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді, ал мақсаты әлеуметтік жүйелер мен процестерді іс жүзінде басқару болып табылатын қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні, керісінше, ұғынылған нысаннан өмір шындығына жету түрінде болады.