Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қоғамды жүйе ретінде әлеуметтік талдау


Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.
Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.

Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны «дифференциацияланған таза» түрде қарастыруы керек.
Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.
Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.
Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.

Қоғамның ерекше белгісі – оның автономиялылығы және өзін - өзі реттеудің жоғары деңгейінің болуы. Қоғамның автономиялылығы оның көпфункционалдылығы арқасында, яғни индивитдтердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті жағдай туғыза алуы және олардың өзін-өзі бекітуі мен жүзеге асыруына мүмкіншілік туғызу арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамның автономиялығы мен өз-өзіне жеткіліктігі сыртқы ұйымдастыру импульстарының болмауына байланысты. Қоғам өзінің ішінде пайда болатын және қалыптасатын институттар және ұйымдармен, нормалар, яғни принциптер негізінде реттеледі және басқарылады. Өзін-өзі реттеу – оның мөлшеріне қарамастан өзінше жекелілігін іске асыра алатын қоғамның маңызды қасиеті.
Қоғамды қарастыруда ең маңызды аналитикалық тәсілдердің бірі – детерменизм, яғни қоғамның жалпы бейнесін көрсететін оның негізін анықтау.