Болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Негізгі бөлім 11
Қорытынды 22
Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды: 25
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Ақпараттық технологиялардың даму қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандар даярлау қажеттілігі туындайды.
Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» былай деп жазылған: «Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру үшін компьютерлерді жаңалау және Интернетке қосылған оқу орындар жүйесін кеңейту жөніндегі қосымша шаралармен қатар мамандардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық оқыту құралдарын дайындауды жеделдету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оқыту порталын құру жоспарланып отыр». Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 2001 жылы «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында бірнеше басымдықтарды ерекше атап өтті. Соның ішінде бесінші басымдықтың мазмұнында: «Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының міндеті» - деп көрсетілген.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асыру мүмкіндіктері баяндалды.
1 Негізгі бөлім
Қазіргі кезде индустриялық қоғамнан ақпараттық өркениетке, ашық және құқықтық мемлекет құру барысында, қоғамның даму факторы жүйелі түрде өзгеріп, қоғамның ақпараттық-коммуникацияға бет бұруына байланысты біздің саясатымызға, экономика мен әлеуметке, ғаламдық экономика және қоғамдағы қатынастарға өзгерістер енді.
Құқық саласындағы болашақ мамандарын жаңа өрлеу заманында ақпараттандыру негіздерімен қаруландыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі. Себебі, біздің қазіргі өмір сүріп отырған кезең – ұлан-ғайыр әлеуметтік өзгерістердің дәуірі, ақпарат, техника және технология тасқыны кәсіпқой мамандарға жоғары кәсіби даярлық алуға мүмкіндік береді.
Сурет 4 - ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Заң институты тыңдаушыларының кәсіби ақпараттық-технологиялық білімі, іскерлігі және дағдысын жетілдіру (қалыптастырушы эксперименті)
Кесте 3 – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің кәсіби ақпараттық-технологиялық білімі, іскерлігі және дағдысын жетілідру (қалыптастырушы экспериментінің жиынтығы)
Қорытынды
Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1. Дүние жүзі қоғамдастығы жаңа технологиялық дәуірде өмір сүруде, Қазақстан мемлекетінің ғылыми-техникалық саясатында жаңа бағыт пайда болды, сондықтан да ақпараттық технологиялар бойынша бәсекелестіктің мықты тегеурініне төтеп беретін болашақ заңгерлерді даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесінің көкейкестілігі артып отыр.
5. Болашақ заңгерлердің кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру процесінің теориялық моделі негізінде, педагогикалық жүйе құрылды. Оның негізін оқу, оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдардан тұратын кешен құрайды:
- «Криминалистикадағы құжаттарды зерттеу технологиясы» атты арнайы курс;
- «Құжаттану және құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру» атты оқу құралы;
- «Заңгер жұмысындағы соттық фотографияның мәні», әдістемелік нұсқау;
- «Құжаттану», «Қызметкерлерді басқарудағы іскерлік ойындар» атты типтік бағдарламалар;
- «Криминалистикадағы құжаттар» атты электрондық оқулық;
- «Заңгерге арналған электронды ақпараттық анықтамасы» бағдарламасы;
- «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» электрондық курсы.
Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1 Анықтамалық-ақпараттық құжаттарды құру және рәсімдеу тәсілдері // Подготовка специалистов в условиях современных информационных технологий: Сборник научных трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. – С.245-247.
2 Аутоматтандырылған оқыту жүйесінің білім мазмұнындағы орны // Подготовка специалистов в условиях современных информационных технологий: Сборник научных трудов. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. – С.248-251 (Д.А.Казимовамен авторлық бірлестікте).
3 Организация делопроизводства в коммерческих предприятиях // Актуальные вопросы высшего образования в РК: Материалы межвуз. нач.-метод. конф. ЖенПИ. (11 ноября 2002 г.) Алматы: С. 120-123 (Ж.Д.Бакеновамен, Г.Н.Джабаевамен авторлық бірлестікте).
4 Құпиялы құжаттардың ерекшеліктері // ҚарМУ Хабаршысы. Педагогика сериясы – 2003. 55-57 б. (Л.С.Жунусбековамен, Ж.А.Валиевамен авторлық бірлестікте).