Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараудың түсінігі. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қараудың негіздері. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау туралы арызды беру мен қараудың тәртібі.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың объектісі болып заңды күшіне енген сот шешімі, сонымен бірге бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы ұйғарымдар және қаулылар табылады.

Сот шешімі ол шығарылғанға дейін болған фактілерге сай келуі тиіс. Кейін пайда болған фактілер шешімнің дұрыстығына әсер ете алмайды. Олар жаңа талап қоюға негіз болып табылады. Шешім шығарылғаннан кейін мәлім болған, сотпен зерттелген фактілерді нақтылаушы немес жоққа шығарушы дәлелдемелер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға негіз болып табылмайды.

Заңдық күшіне енген сот қаулыларын қайта қарау жөніндегі екі институттың ерекшелігін қарастыра отырып, оларды сот тәжірибесінде бірге араластыруға болмайды. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді қайта қарауға негіздер болған жағдайда шешімді қадағалау тәртібінде қарауға болмайды. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау институты сот тәжірибесінде кейде қадағалау тәртібімен қайта қараумен ауыстырылады.