Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі құрылу, жұмыс істеу ерекшеліктері, айрықша экономикалық-қаржылық құзыреті

Жоспар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі, құқықтық мәртебесі
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін құру
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жұмыс жасау ерекшелігі
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық-қаржылық құзыреті

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіретін мемлекеттің банктік менеджмент әрі аса ірі кредиттік-қаржылық басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі елдің эмиссиялық, кассалық және резервтік орталығы, банктердің банкі, банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-кредит, валюталық және сыртқы экономикалық қызмет саясатын айқындап, оның ұстанымдарын қоғамдық және мемлекеттік маңызы басым бағыттарда өз құзыреті шегінде іске асыруға ат салысады.

Ал осындай негізгі мақсатты іске асыру тұрғысынан Қазақстан Ұлттық Банкіне мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлемдік жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу тәрізді міндеттер жүктелген.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде:

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да функцияларды және өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік қызмет жөніндегі басқарушы-реттеуші функциялары нақтылы нарықтық даму кезеңіндегі ақша-кредит жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге,инвестициялық қызметті жандандыруға, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағдарланады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне мемлекет жүктеген мақсаттар мен функцияларды іске асыру барысында экономикалық әдістерді қолданады, сондай-ақ нарықтық және нарықтық емес экономикалық-қаржылық мән-жайларды ұштастыруға ат салысады.