Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Баяндама

Объем: 27 стр.

Полный просмотр работы

Ататүрік

Ататүрік тек өз халқының, өз елінің ғана емес, бүкіл түрік ("түркі" емес, түрік!) әлемінің ұлы презенттерінің бірі. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін туған халқының жарқын болашағына, туған елінің тәуелсіздігіне, тұтастығына, бірлігіне, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамуына, өркендеуіне арнады. Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күресін басқарып, туған елін ғасырлар бойына созылған сұлтандар әулетінің өзара қырқысынан, импералистік мемлекеттердің Түркияны бөлшектеп, әлем картасынан сызып тастау жөніндегі арам пиғылынан құтқарды. Сөйтіп, Батыс үлгісіндегі, еуропалық сипаттағы жаңа түрік мемлекетін - бүгінгі Түркия республикасын құрды. Осы күн, яғни 1923 жылдың 29 қазаны күні Түркияның бас мейрамы - республика күні болып белгіленді.

Алайда, өзіндік бір жолдау, өзіндік бір есиет іспетті болған Ататүріктің бұл сөздерінен Түркияның кейінгі басшылары тіиісті қорытынды жасай алмады ма, әйтеуір, 1990 жылдардың басында Түркия Ататүріктің бұл айтқандарына дайын болмай шықты деп атап көрсетті сол тұста кейбір түрік газеттері. КСРО-ның құлауына байланысты пайда болған идеологиялық вакуумды толтыруға Түркия құлшыныс білдірмеді. Бұл әлі де жалғасып келеді. Оның арты не боларын, әрине, болашақ көрсетеді.

Мұстафа Кемал Ататүріктің билік құрған он бес жылының, бүкіл әлем үшін демей-ақ қояйық, түрік ұлты үшін, ал енді көбіне-көп Еуропа үшін де тарихи маңызын Оттоман портасының оған дейінгі жеті ғасырымен салыстыруға әбден болады.

Мемлекет өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған елдерге қарап қорынатын мінезден құтылу үшін көп жұмыс жүргізді. Шетелдік тәжірибенің бәріне бас ие беретін әдеттің орнына “Біз тіпті батыстық жұмысшылардан, кәсіпкерлерден, банкирлерден, ғалымдардан да артық жұмыс істей аламыз” деген жаңа ұран келді. Өз күшіне деген сенімді үкілеп ұстаудың арқасында түріктер өздерінің мүмкіндіктеріне көз жеткізіп қана қойған жоқ, енді олар осы заманғы технологияларды сәтті игере алатын, нарықтық қатынастарға кіріге алатын болды.

Жаңа әліпби түрік тілінің ерекшеліктерін танытуға әлдеқайда бейімдірек еді. Жаңа ұрпақты араб әріптерін үйренуден құтқара отырып, әліпби реформасы оларды оттомандық өткен күннен, оның мәдениеті мен құндылықтар жүйесінен жұлып алуға тиісті еді.
Тіл араб-парсы кірме сөздерінен түбірлі түрде тазарып, олардың орнын түрікше баламалары алмастырды. Осы мақсатпен Мұстафа Кемал 1932 жылы тіл қоғамын құрды. Қоғам тілден алынып тасталатын жат сөздердің тізімін жасап, жариялады. Зерттеушілер олардың орнына түрік диалектілерінен, өзге түркі тілдерінен, көне мәтіндерден баламалы басқа сөздер іздестірді. Сай келетіндей ештеңе табылмаған жағдайда жаңа сөздер ойлап табылып жатты. Екінші жағынан, еуропалық тілдерден терминдер тілге кеңінен кіріктіріле бастады. Тілдің демократияландырылуы түрік қоғамындағы әртүрлі әлеуметтік топтардың арасындағы мәдени-лингвистикалық айырымды жойды және ұлтты ұйыстыруға септігін тигізді.