Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Реферат

Объем: 20 стр.

Полный просмотр работы

Сақтандыру.

Қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдері келесі құбылыстарға байланысты бөлінеді:

Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама-қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие болады.
Сондықтан қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың топтарында қажетті қаражаттармен жабдықтау табиғи заттық запастар мен резервтер, сонымен бірге өндіріс процесін жалғастыру мақсатында оларды сатып алу үшін ақша ресурстарының бар болуы керек, сондай-ақ азаматтардың жекелеген категорияларының өмір сүру деңгейін тұрақты ұстау керек.

Нарықтық экономикада сақтандыру қатынасының маңызды бөлігі коммерциялық болып табылады. Біріншідең, бұл жеке және мүліктік сақтандыруға қатысты. Өйткені, олардың қызметтері өзіндік сақтандыру қызметтеріне трансформацияланып, қызметтердің еркін нарығында ұсынылады. Мұндай қызметтің бағасы сақтандыру тарифтері мен салымдар түрі ретінде көрінеді. Сақтандыру қызметіне сұраныс олардың сапасы мен баға деңгейіне байланысты анықталады. Сақтандыру ұйымдары клиенттерді тарту үшін қызметін жақсартады, оның ассортиментін кеңейтеді, шығындарды өтеу туралы кепілдіктерді жоғарылатады.

Қазақстанның медициналық сақтандыру жүйесі келесі ерекшеліктермен сипатталады. Ол міндетті және ерікті нысандарда жүргізіле алады. Азаматтар міндетті медициналық сақтандырылуы керек болды. Бұл оларға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті.
Жұмыс берушілер өздерінің жұмысшыларын міндетті медициналық сақтандыру жарнасынан басқа ерікті түрде сақтандыра алады, ал азаматтар - өздерінің денсаулығын өз қаржылары есебінен жанама сақтандырады.
Медициналық сақтандыру қорларының қаржылары алдын ала құрылған нормативтер бойынша құрылады:

Сақтандыру тарифі – сақтандырудың жылдық кезеңінде сақтан-дыру сомасының бірлігінен алынатын сақтандыру төлемі.
Бұдан басқа да терминдер бар: қайта сақтандыру және өзара сақтандыру, екі жақты (көптік) сақтандыру, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру мерзімі, сақтандыру кеңістігі сақтандыру портфелі, сақтандыруды қамтамасыз ету жүйесі – яғни сақтандыру өтемін есептеу әдістері.
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары болып мыналар табылады: