Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 70 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы


Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Алматы облысы туризмінің дамуындағы табиғи алғышарттар 7
1.2.1 Рельф 12
1.2.2 Климат 13
1.2.3 Су ресурстары 14
2 Алматы облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи территориялардың табиғи - танымдық турларды ұйымдастырудағы қолдану 18
2.1 Табиғи ескерткіштер 20
2.2 Болашағы бар табиғи ескерткіштері және көрікті жерлер 21
2.3 Алматы облысының қорықшалары 22
2.3 Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар 25
2.4 Алматы облысының фаунасы мен флорасы 33
Қорытынды 67
Пайдаланылған әдебиеттер 70

Кіріспе
Бүгінгі таңда туризм әлемдік экономиканың белсенді түрде дамып келе жатқан саласы ретінде кеңінен танылып отыр. Соңғы бірнеше жылда кейбір елдер, мысалы Малайзия, Тайланд және Қытай елдері шетелдік туристерді тартуға байланысты қарқынды түрде өткізіліп отыратын реформалардың арқасында өз экономикаларын әлдеқайда жоғарғы деңгейге көтеріп алды десе де болады. Егер сандық мәліметтерге жүгінер болсақ табысы қомақты басқа салалармен салыстырғанда туризм саласының салмағы басым екендігін байқаймыз. Мамандардың зерттеуінше туризм саласы 2005 жылдан бастап жеңіл автокөлік пен мұнай экспорттауды артта қалдырып, кіріс кіру жағынан бірінші орынға шыққан. Көп жағдайда туризм халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешіп береді.
Мәселенің мәнісіне тікелей көшетін болсақ, біз сөз еткелі отырған Алматы облысы бүгінгі күннің өзінде қазіргі туристердің әр түрлі деңгейдегі сұраныстарын қанағаттандыра алуға қабілетті әрі кең көлемдегі туристік потенциалы бар аймақ ретінде танылғандығын көрсетіп отыр. Статистикалық зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек әлемдегі саяхаттауды ұнататындардың белгілі бір жаққа саяхаттауды жоспарлау алдында сол елдің шоу-бизнестен өткізілетін мәдени іс-шараларын немесе тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеуді емес, сол елдің табиғи көрнекті жерлерін тамашалауды бірінші кезекке қоятындығы анықталды.

Дипломдық жұмысты қорғауға дайындау барысында төмендегідей әдіс-тәсілдер жиынтығы қолданылды, атап айтар болсақ: материал жинау (әдебиет көздері, ғылыми мақалалар, күнделікті баспасөз беттерінде жарық көріп отыратын материалдар, энциклопедиялық баспалар), қолға түскен ақпараттарды сараптау және талдау, сонымен қатар бақылау. салыстыру және картографиялық тәсілдер де пайдаланылды.

1-тарау. Алматы облысы туризмінің дамуындағы табиғи алғышарттар
Туризм өзіндік ресурстық бағыт - бағдары бар салалардың қатарына жатады. Туризм белгілі бір территориялық аймақты тұтынушы ретінде ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығына ғана жол береді. Яғни, әлі қаймағы бұзылмаған тұма табиғатқа сұранысын арттыра отырып, өзінің дамуына орасан зор мүмкіндік алады.
Рекреациялық мамандану деңгейіне байланысты жерді рекреациялық пайдаланудың негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады:

1.2.1 Рельф
Алматы облысы - ғаламшарымыздағы тропикалық және экваторлық зоналардан басқа барлық ландштафты зоналарды бірнеше сағат ішінде жүріп өтуге болатын жерлердің бірі. Орналасуына, жер бедеріне қарай облыс әр түрлі екі бөлікке бөлінеді, олар: оңтүстік-таулы аймақ және солтүстік –жазық.Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауының солтүстік сілемдері созылып жатыр. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-батысы Балхаш шөлімен ұштасып жатыр.

1.2.2 Климат
Табиғи ортаның екінші бір маңызды элементі климат болып табылады. Оның жалпы сипаттамасы жайлы сөз етсек сол аймақтың рекреациялық мақсаттарда жарамдылығын бағалауда топо-климаттық және микроклиматтық ерекшеліктері анықталады. Ауаның тазалығы, инсоляцияның жағымды жағдайлары, ауа температурасының аз мөлшерде ауытқуы және ауаның ылғалдылығы, тұманның сиректігі, желден қорғану барынша үлкен мәнге ие.
Алматы облысының климаты
Облыста барынша суық ай қаңтар, ал ең ыстық ай шілде болып табылады. Жазықтық жерде қаңтар айындағы ауа температурасы минус 12,0-тан минус градустан 14,1градусқа дейін ауытқиды. Балхаш маңайындағы суық маусымның ұзақтығы 5 айға жуық (қарашадан наурызға дейін). Тау етектерінде қаңтардағы орташа температура минус 5,6-дан минус 6,6 градусқа дейін ауытқиды. Бұл жерде қыс салыстырмалы түрде алғанда қысқа болып келеді.

1.2.3 Су ресурстары
Іле өзені - Қазақстанның ірі өзендерінің бірі (1439 шақырым). Біздің еліміздің территориясында бұл өзен Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Қаскелең өзендерінің арнасын өзіне құяды. Оның ағысы өте тез, судың орташа жылдық ағыны секундына 460 куб метрді құрайды. Іле өзені қайық жүзуге ыңғайлы болғанымен жүк тасымалдаушы кемелердің қозғалысына қиындау болады. Өзендердің арнасы мен бастауларын еріген мұздықтар толықтыратындықтан тауда еріген қар суының Ілеге келіп құйылуы сәуір айынан бастап тамыз айына дейін созылады.

Қорытынды
Алматы облысы туризм мен демалысты дамыту үшін әр түрлі жағымды жағдайлар туғыза алатын аудан болып табылады. Шөлді ландшафтан бастап Солтүстік Тянь-Шань белдеуіне дейінге аймақтың табиғи – рекреациялық потенциалы рекреациялық әрекеттердің кең ауқымды таңдауын қамтамасыз етеді. Дүние жүзілік Туристік Ұйымның ұсыныстары мен зерттеулері бойынша және жинақталған тәжірибелері бойынша Қазақстандық туризмнің дамуы екі бағытын бөліп алуға болады: