Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

Басқарушылық теориясының даму тарихы

Жоспар
Кіріспе 3
Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 5
1 Менеджменттің бастапқы теориялары 5
2 Ғылыми басқару (1856-1920) 10
3 Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950) 12
4 Адамгершілік қарым-қатынас мектебі (1930-1950) 17
5 Бихеовиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін) 19
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 24

Кіріспе
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздерін қалыптастыру өткен ғасырдың он жылдығында басталды. Бұл процесс тез арада жан-жақты сипат ала тұрса да, оның ойдағыдай өркендеу ортасы өнеркәсіптік өндіріс болды. Ғылым мен техниканың дамуы өндірісті шоғырландыруға, ал соңғысы өз кезегінде жаратылыс – техникалық білімнің барлық саласында қарқынды іздестіру жұмыстарына ықпал етті.
ХІХ ғасырдың аяғындағы ғылым, осының алдындағы дәуірде жинақталған орасан зор нақты материалдарды теориялық тұрғыда жинақтап, әзірлеуге арналды. Әрине , капиталистік өндірісті дамытуға қажетті ғылыми ілімді теорияландыруға талпыныс өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру принциптерін тану секілді саланы да қамтиды.

ІІ Негізгі бөлім
1 Менеджменттің бастапқы теориялары
Менеджмент – дәстүрлер тарихы, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған кезде пайда болды.
Басқару практикасы ұйымдастыру сияқты өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі 3 мыңжылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.

2 Ғылыми басқару (1856-1920)
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинсдоу Тейлордың (1856-1915жж) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері «Фабриканы басқару»(1903), «Ғылыми менеджмент принциптері»(1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету»(1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған. 1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик Тейлор еңбек процесін зерттей бастады.

3 Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950)
Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеулерін негізінен өндірісті басқаруға арнады. Олар басқарылатын деңгейден төменгі сатыдағы еңбек өнімділігін арттырумен шұғылданды. Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдың (1841-1925жж) есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті еуропалық ғалымы деп есептелінеді.

4 Адамгершілік қарым-қатынас мектебі (1930-1950)
Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психология жаңадан дами бастаған кезде жарық көрді, сондықтан да осы мектептің авторлары адам факторларының маңызын мойындай тұрса да, олардың пікір таласы ақыны әділ төлеу, экономикалық ынталандыру және формальды қызмет қарым-қатынасты орнату секілді мәселелермен шектеледі. Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауынан жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.

5 Бихеовиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін психология мен социологияның дамуы, зерттеу әдістерінің жетілдіруі жұмыс орнында мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды. Крис Арджирис, Ренсис Ликерт, Дуглас Мак Грегор, Фредерик Герцберг және бихевиористік мінез-құлық мектебінің басқа да өкілдері әлеуметтік өзара әрекеттесудің, мотивацияның, билік пен бедел сипатының, ұйымдық құрылымдарының, ұйымдастырудағы жетекшіліктің, жұмыс мазмұнын ескертудің және еңбек тұрмысы санасының алуан түрлі жайларын зерттеді.

Қорытынды
Қорытындылай келсек, менеджмент – дәстүрлер тарихы, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған кезде пайда болды.
Басқару практикасы ұйымдастыру сияқты өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі 3 мыңжылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.
Басқару практикасы мынадай кезеңдерден өткен:

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. «Менеджмент негіздері» - Ақтөбе-Орал, 2005 жыл.
2. Бердалиев К.Б. «Менеджмент негіздері» - Алматы, 2007 жыл.