Меншікке қарсы қылмыстар
Мекшік құқығы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүйесінде ерекше орынға ие, өйткені ол адамның жеке басының әл-ауқаттылығының көрсеткіштерінің бірі саналады. Сонымен қатар, ол экономикалық қарым-қатынастардың реттеушісі болып саналады, әрі осы мағынасында ол көпфункционалды болып келеді.
ҚР Конституциясы мен қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтарына байланысты мәселелерді реттейтін басқа да заңдары бүкіл меншік нысандарының бірдейлілігін және бірдей қорғалатындығын атап көрсетеді.
Тонау қылмысында кездесетін ерекшелік белгі – оның жәбірленушіге қатысты оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен немесе ондай күшті қолдану қатерімен жасалуы. Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш деп ұрып-соғуды немесе денсаулығының қысқа уақыттық бұзылуын немесе жалпы еңбек қабілеттілігін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соқпайтындай адам денесіне ауырсыну келтіруге байланысты басқа да әрекеттерді тану керек.
Қылмыстың объективтік жағы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету белгілерімен сипатталады. Осыған байланысты бұл жерде талан-тараждың екі нысаны: иеленіп алу немесе ысырап ету құрамдары туралы сөз болып отыр.
Иеленіп алу дегеніміз кінәлінің өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына заңсыз айналдыруы мақсатымен оған заңсыз иелік етуі болып табылады. Мұндай ретте иеленген мүлік кінәлінің билігінде болады. Ол меншік иесіне негізсіз қайтарылмайды немесе бөтен адамға берілмейді.
Объективтік жағынан бұл қылмыс белсенді әрекет күйінде – алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы істеледі. Қылмыс істелу тәсіліне қарай алаяқтық құрамына көп ұқсас, бірақ алаяқтықта кінәлі адам бөтеннің меншігін заңсыз, тегін өзінің не басқаның иелігіне аударса, алдау не сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде кінәлі адам бөтеннің мүлкін меншік иесінен немесе өзге де иеленушінің иелігінен айырмайды. Кінәлі – меншік иесіне төленуге, өтелуге тиіс нәрселерді істемеу арқылы, өзі пайда тауып, меншік иесіне залал келтіреді. Мысалы, заң немесе басқа номативтік акттерге сәйкес мемлекет пайдасына түсетін төлемдерді төлемеу.