XX ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және посткеңестік философия
Жоспар
1. Маркстік ілімнің эволюциясы.
2. Догматқа айналдырылған марксизмнің қалыптасуы.
3. ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы кеңес философиясының негізгі бағыттары.
4. Қайта құру жылдарындағы кеңес философиясының ерекшеліктері
Диалектикалық материализмнің негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс қалады. Сондықтан оны маркстік философия деп атайды.
Диалектикалық материализм XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Оның пайда болуының негізгі алғышарттары мыналар:
1. XVIII-XIX ғасырда Европада қол еңбегін машина еңбегі алмастырған. өндірістік революция;
2. Тарих сахнасында дербес саяси талаптары бар пролетариаттың пісіп – жетілуі;
3. Неміс классикалық философиясының жаңа идеялары;
4. Жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктер. Дарвиннің эволюция теориясы: организмнің клеткалық құрылымы туралы ілім;
Бұлардың бәрінің ортақ сипаты - көзқарастарының әлеуметтік – саяси бағыты.
Осы ойшылдардың бәрі сол уақытта қоғамдық – саяси тәртіпке қарсы болды, бірақ Ресейдің болашағы туралы әр түрлі ұстанымдар ұсынды.
Н.Г. Чернышевский аграрлы Ресейге қайта оралуды ұсынды, яғни жеке еркіндік пен қауымдық өмірді дамыту, қажет деп есептеді.
Халықшылдар капитализмді басып өтіп, тікелей социализмге өтуді ұсынды. Бұл үшін барлық тәсілдерді, тіпті террорды да пайдалану қажеттігін ескертті.