Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 48 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Техногендік факторлардың өсімдіктегі биомассаның жинақталуына әсері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ТАҚЫРЫПҚА АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ 6
1.1 Ауыр металдардың өсімдіктерге сіңірілу және жинақталу процестеріне тамыр клетка қабығының атқаратын рөлі 6
1.2 Ауыр металдардың (Cu, Cd) өсімдіктерге тигізетін улы әсері 10
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 19
2.1 Зерттеу жұмыстарының материалдары 19
2.2 Өсімдік мүшелеріндегі ауыр металдарды анықтау әдісі 20
2.3 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 21
2.3.1 Ауыр металдардың кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің құрғақ биомасса жинауына әсері 21
2.3.3 Кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің жекеленген мүшелерінде ауыр металдардың таралу ерекшеліктері 31
3 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫ 34
4 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 36
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40
АННОТАЦИЯ 46
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ 47
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 48

КІРІСПЕ
Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1].
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.

1 ТАҚЫРЫПҚА АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ
1.1 Ауыр металдардың өсімдіктерге сіңірілу және жинақталу процестеріне тамыр клетка қабығының атқаратын рөлі
Өсімдіктердің клетка қабығының негізі-целлюлоза. Одан басқа оның құрамында пектинді заттар, гемицеллюлоза, белоктар, бейорганикалық катиондар және тағы басқа заттар бар. Бұл заттар бір-бірімен байланысқан және кристалды құрылысты целлюлозалы-микрофибрилдермен клетка қабығының алғашқы қуыстарын түзеді. Өсімдік клетка қабығының биохимиялық компоненттері өсімдіктің түріне байланысты әртүрлі қатынаста. Бірінші кезекте иондарды сіңіретін, катион алмастыратын пектинді және гемицеллюлозалар қатынасы. Қосжарнақты өсімдіктердің тамырының клетка қабығында пектинді заттардың көп болуы еківалентті катиондармен жоғары байланыста болуымен, ал даражарнақты өсімдіктерде пектинді заттардың аз болуы гемицеллюлозаның көп болуы бірвалентті катиондармен байланысының артық болуында [13].

1.2 Ауыр металдардың (Cu, Cd) өсімдіктерге тигізетін улы әсері
Ауыр металдардың топырақта көп мөлшерде болуы оларға сезімтал өсімдік түрлерінің жойылуына және белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің азайып кетуіне әкеледі. Ауыр өндірістік орындардың дамуына байланысты табиғатта «техногенді аймақтар» пайда болады [47]. Табиғатта ауыр металдардың көп мөлшерде болуынан өсімдік түрлерінің осы жағдайға тек төзімділері ғана қалады. Қоршаған ортадағы химиялық төтенше жағдайларға өсімдіктердің бейімделуі мен табиғи сұрыпталуын популяциялар ішіндегі организмдердің биохимиялық және физиологиялық өзгергіштігі анықтайды. Ауыр металдармен ластанған аймақтарда өсімдіктердің төзімділігі арта түседі де, төзімсіз және сезімтал түрлері толығымен құрып кетеді [48].

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Зерттеу жұмыстарының материалдары
Ауыр металдардың табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің дәнінің өнуіне, өсіп-дамуына және биомасса жинақтауына әсерін салыстырмалы зерттеу үшін Алматы (2000-2002 жж) және Алтай (2003-2004 жж) ботаника бағынан келесі өсімдік дәндері жиналды.
Agropyron repens L-Жатаған бидайық. Биіктігі 50-100 см. Тамырсабағы жатаған ұзын өскінмен. Сабағы жасыл, тегіс, түксіз. Жапырақ қынабы тегіс түксіз, кей жағдайда төмен шашақталған. Тілшесі қысқа, жапырағы тегіс немесе бұралыңқы, ені 5-10 мм. Төменгі жағы тегіс жоғарғы жағы бұдырлы. Масағы тік, ұзындығы 7-15 см. Масақтары тік кейде қисық орналасқан, ені 10-20 мм. Жасыл немесе күлгін түсті 5-7 гүлдері бар. Масақ қабыршағы сүйірленген ұзындығы 5-12 мм.

2.2 Өсімдік мүшелеріндегі ауыр металдарды анықтау әдісі
Кепкен өсімдік мүшелерін (тамыр, сабақ) ұнтақтап жоғары температураға төзімді пробиркаларға 20 мг-нан өлшеніп салынды. Әр пробиркаға 100 мл концентірленген күкірт қышқылына 8 мл 57 % хлор қышқылы қосылған қоспадан 1 мл-ден құйылды. Пробиркалар қақпағын жауып түнге қалдырылды. Келесі күні ылғал күйдіру жұмысы ауа сорғыш шкафтың астында, электрлік плиткаға асбест төсеніші үстінде жүргізілді. Толық түссізденуді біліп отыру үшін, бақылау варианты ретінде қышқылды жеке пробиркада 1 мл көлемде күйдірдік.

2.3 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
2.3.1 Ауыр металдардың кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің құрғақ биомасса жинауына әсері
Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда ауыр металдардың әсерінен тамырдың өсуі сабаққа қарағанда көбірек тежеледі, тамыр түктерінің саны және биомассасы азаяды. Ауыр металл әсерінен алдымен тамырдың меристема аймағы, содан кейін тамыр түктерінің түзілуі жүретін созылу аймағының клеткаларында күрделі өзгерістер орын алады. Өсу корреляциясы бұзылып, апикальды өсу мен латеральды өсу үйлесімділігі жойылады. Соның салдарынан тармақталуы, бойлай өсуі тежеліп қысқа жуан тамырлар түзіледі. Нәтижесінде өсімдік тамырының жалпы және адсорбциялағыш бетінің көлемі кішірейеді, осыдан барып өсімдік біртіндеп тіршілігін тоқтатады. Тамырдың қоректік заттарды сіңіру қабілетінің төмендеуі бара-бара өсімдіктің өсуін, дамуын тежеп тіршілігін тоқтатуға дейін әкеледі [86,85].

2.3.3 Кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің жекеленген мүшелерінде ауыр металдардың таралу ерекшеліктері
Ауыр металдардың өсімдіктердің жекеленген мүшелеріне жинақталуы өсімдіктің түріне, сортына, элементтің химиялық қасиетіне байланысты. Зерттеушілердің көрсетулері бойынша ауыр металдар өсімдіктердің тамырында [19, 23, ] негізінде тамыр клетка қабығында шоғырланады [37, 38, 39, 40, 41], олардың өсімдіктің басқа мүшелеріне тасымалдануы әр өсімдік үшін әртүрлі.
Өсімдіктердің мұндай ерекшеленуі олардың қоректік ортадағы ауыр металдарды сіңіруімен, тамырдың басқа мүшелеріне тарату қабілетіне байланысты болуы мүмкін. Сондықтан ауыр металдардың өсімдік мүшелеріне тасымалдануына көңіл аударайық. Ол көрсеткіштерді 7-14 суреттерден көруге болады.

3 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Ауыр металдармен жұмыс атқару кезінде арнайы сақталатын еңбек ережелерін мүлтіксіз сақтау шарт. Ауыр металдардың тұздары улы болып келеді. Оларды тәжірибелерге пайдалану кезінде, бүрку және сумен себелеу немесе топыраққа араластыру кезінде арнайы маска немесе қорғаныш орамалдарды пайдаланады. Жұмыс орны ауа тартқыш шкафтармен және су ағатын бұрандалармен қамтамасыз етілуі қажет. Далада және ыстық аймақтардағы зерттеулік жұмыстарды жүргізу ерекше еңбек шарттары мен ережелерін орындауды талап етеді. Шөл далаға экспедиция ұйымдастыру кезінде оның құрамына кіретін адамдардың денсаулықтары туралы мәліметтер алыуны қажет. Өйткені, далада күн радиациясының қарқыны бірнеше рет артады. Сондықтан, жүрек жұмысының ақауы бар, астма ауруымен ауыратын, көптеген шөптермен тозаңдарға аллергиясы бар, қан қысым жоғары адамдар экспедиция құрамына кіре алмайды.

4 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Ауыр металдардың табиғаттағы үлесі жылдан жылға артып келеді, оның себебі метал өндіру мекемелері мен қоғамдағы автотранспорттың санының артуында. Түтін мен, шаңмен ауыр метал иондары атмосфералық ауа құрамына еніп алыс қашықтықтарға дейін таралып көп аймақты заладайды. Ол иондар жаңбыр арқылы және шық арқылы топыраққа жәнек су көздеріне түседі. Соның салдарынан өсімдікке, одан жануар ағзасына ең соңында адам ағзасына енеді. Ол металдар көп уақыт ішінде белгілі мүшелерде жиналып зала келтіреді. Оның салдарынан ісік жәнеде басқа қатерлі аурулар пайда болдафы. Сондықтан, ауыр металдардың адам өмір сүретін ортасында көбеймеуін қамтамасыз ету және олардан тазарту жолдарын іздестіру қазіргі замандағы экологтардың басты мәселелерінің біріне айналып отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, ауыр металдар тәжірибеге ілінген өсімдіктер дәнінің өнуіне әрқилы әсер ететіндігі белгілі болды. Яғни, ауыр металдар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңі-өну процесінен бастап-ақ өз әсерін тигізетіні осы тәжірибелер нәтижесінен анықталды. Өскіннің қалыптасуы дәннің өну қарқынына тәуелді екенін ескерсек, бұл өсімдіктің жалпы өсу-даму барысындағы жауапты кезең екені айқындала түседі. Өсімдіктер дәнінің өну қарқыны бойынша өзара салыстыратын болсақ ауыр металдарға (Cu, Cd, Pb, Zn) A. repens өсімдігі салыстырмалы төзімділік танытты. Сондай-ақ кадмий, мыс және мырыш элементтеріне A. gigantea өсімдігі басқа өсімдіктерге қарағанда едәуір төзімді деп айтуға болады. Мұндай нәтижелер келесідей қатармен айқын байқалады.

АННОТАЦИЯ
Дипломдық жұмыс «Техногендік факторлардың өсімдіктердің биомассасының жинақталуына әсері» тақырыбына орындалған. Дипломдық жұмыста ауыр метал иондарының астық тұқымдас өсімдіктердің тұқымдарының өнгіштігіне әсері және олрадың заладық қасиеттері зерттелген.
Жұмыстың жалпы көлемі 58 бет. Жұмыстың құрылысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, ұсыныстар, жұмыстың экономикалық тиімділігі, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінен тұрады. Соңында 62 тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
Дипломдық жұмыс 10 суреттермен көркемделген. Эксперименттік деректер 4 кестелерде көрсетілген.