Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері


Жоспар
1 Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері 3
1.1 Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері 3
1.2 Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері. Нарықтық механизмнің қалыптасуы 6
1.2.1 Маржиналдық талдау принциптері 8
1.2.2 Балама таңдау шығындарының принциптері 8
1.2.3 Экономикалық рационалдық принципі 8
1.2.4 Сирек кездесу 9
1.3 Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы 10
Әдебиеттер 13

1 Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері
1.1 Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады.

1.2 Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері. Нарықтық механизмнің қалыптасуы
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

1.2.1 Маржиналдық талдау принциптері
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан бас қашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді.

1.2.2 Балама таңдау шығындарының принциптері
Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады.

1.2.3 Экономикалық рационалдық принципі
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады.

1.2.4 Сирек кездесу
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сирекетік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады.

1.3 Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы
Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді: