Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Абайдың поэмалары «Ескендір»

Абайдан қалған үш поэма бар. Олар: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Соңғысы аяқталмаған.
Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетіне дастан үлгесінде жазылған. Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуде ойлаған.

«Масғұт» поэмасы Абай, негізінен, осы аттас кейіпкердің іс-әрекетіне құрады. Ақылы мен парасаты мол адамның мінез-құлқын, адамгершілігін көпке үлгі етеді. Поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге тең мүшесі деп тану, оның әлуметтік өмірдегі орның бағалау жағына көбірек қөңіл бөлінеді. Мұны Масғұттың қөзқарасынан айқын танимыз. Ұры танап жатқан шалды айырып алған ол шалдан базарлық алуға барғанда өзіне қызыл жемісті таңдайды.
Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сары жесең, дәулетің саудай тасар.
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,-дейді шал. Масғут ақылды да, байлықты да таңдамайды, оларды былайша сынайды:

«Әзім» - «әңгімесі Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Мұнда көпті алдап жүрген адамдардың аярлық мінезі сыналады. Поэма аяқталмаған.
Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой-пікірін тереңірек танытатыны да – «Ескендір».

Бұл жылдары жазылған Абай өлеңдеріне өзгеше бір қасиетті – оларда ақынның көңіл күйі мен қауымға, өмірдің өзіне ұнамаған жайларына айтар сыны аралас келіп отыруында. әділет жолындағы үгітімен көпке әсер ете алмаған адмның жалғыздығы, қайғыруы заман мен оның адамын өткір шенейтін сатираға ауысады. Ақын сыры, көңіл күйі реніші мен кей ретттерде тіпті торығуы бүкіл елдің, бұқараның күйіиен, арман тілегімен ұласады. Бірақ ақын торығуы - өмірден түгелдей түңілуі емес. Ол өзі өмір сүріп қоғамдық ортада бөліну, оның келешегінің жоқтығын тану, түсіну.

Бұл тұрғыда Абайдың 90 жылдар ішінде жазған “Ал, сенейін, сенейін”, “Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек”, “Бойы бұлған”, “Болады да партия”, “Малға достың мұны жоқ”, “Өлсем, орным қара жер сыз болмайма?”, т.б. өлеңдерінің ақын шығармашылығында үлкен орны бар.
“Бойы бұлғаң” қоғамда, өз ортасында ешбір салмағы жоқ, адамдық құны жоқ типтеріді аяусыз шенеуге құралған.