Ақша нарығы
Жоспар
1. Ақша сұранысы туралы монетарлық және кейнстік тұжырым 3
2. Ақшаға деген сұраныс. Баумол-Тобин моделі 5
3. Ақша ұсынысы 7
4. Ақша саясатының құралдары 9
5. Ақша мультипликаторы 11
Қолданылатын әдебиеттер 12
1. Ақша сұранысы туралы монетарлық және кейнстік тұжырым
Экономикадағы атқаратын қызметтеріне байланысты ақшаға сұраным үнемі болып тұрады. Ақша сұранымы мен ақшаға байланысты тепе – теңдікті зерттеу мынадай екі бағытты қалыптастырады: монетарлық және кейнстік. Монетарлық теория (Милтон Фридмен, И.Фишер) ақшаға деген сұранымды неоклассиктердің сандық ақша теориясымен байланыстырады. Сандық ақша теориясында айналымға қажетті ақша мөлшері американ профессоры И.Фишердің мына формуласымен анықталады.
М= P*Q / V
Осы теория бойынша ақшаға сұраным мынадай факторларға байланысты:
2. Ақшаға деген сұраныс. Баумол-Тобин моделі
Ақшаға трансакциондық сұраныс теориясы ақшаның айналыс құралы қызметіне басты назар аударады. Олардың пікірінше, ақшаның басқа активтерден айырмашылығы – ол сатып алу операцияларын жүзеге асыру үшін қажет. Осыған байланысты тұрғындар ақшаны бағалы қағаздарға салмай, қолында немесе есеп шоттарында ұстайды. Осы теориядағы басты модель 1950 жылдары экономистер Уильям Боумол мен Джеймс Тобинмен жасалған Баумол-Тобин моделі.
3. Ақша ұсынысы
Ақша ұсынысы Мs екі қосындыдан тұрады: банк жүйесінен тыс қолда бар ақша және экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер.
Ақша ұсынымы мынадай себептерге байланысты анықталады:
• Ақшаны эмиссиялаумен орталық банк айналысады. Ақша нарығына ұсынылатын ақшаның мөлшері елдің саяси шешімдеріне көбірек тәуелді болады.
• Елдегі жүргізіліп жатқан ақша – несие саясатына байланысты.
4. Ақша саясатының құралдары
Ақша саясаты – бұл жиынтық сұранымды реттеу мақсатымен Орталық Банктің несие жағдайы мен ақша айналымына әсер етуге бағытталған іс - әрекетінің жиынтығы. Ақша саясатының негізгі мақсаты несие және ақша айналымы жағдайына әсер ету арқылы экономиканы реттеу болып отыр, басқаша айтқанда, жұмыссыздық пен инфляцияны болдырмау мақсатымен өндірістің жоғарғы деңгейде болуына ықпал жасау.
Орталық Банк банкнот эмиссиясында ғана емес, сонымен қатар ақша саясаты сферасында да маңызды құралдары немесе тәсілдері мыналар: ашық нарықтағы операциялар, есепті проценттік саясат, міндетті резервтер нормасын өзгерту.
5. Ақша мультипликаторы
Ақша массасының өсуі орталық банктің эмиссиялау (жаңа ақша шығару) қызметіне ғана байланысты емес, сонымен бірге ақша массасы коммерциялық банктердің несие берудегі әрекетіне байланысты да өсіп отырады. Коммерциялық банктер несие берген кезде ақша массасы ұлғаяды, ал несиені қайтып алған кезде ақша массасы азаяды. Коммерциялық банктердің жаңа ақша жасау процесін мына мысалмен түсіндіруге болады. Банктің активі 100 мың долл. Орталық банктің нормативі бойынша міндетті резерв нормасы 10 %. Яғни банктің 10 мың долл. резерв қорында сақталады, 90 мың долл. несие ретінде оны тұтынушыларға беріледі. 90 мың долл. айналымдағы ақша массасына қосылады. Жаңа ақша жасау процесі осымен аяқталмайды. Товарлар мен қызметтерге жұмсалған бұл ақшаны екіншілері қайтадан басқа банктерге салуы мүмкін. Осы банк салынымның 10% резерв қорына жұмсайды, қалған 81 мың долл. несие ретінде ұсынылады.. Ақша массасы 90 + 81 = 171 мың долл. өсті. Келесі сатыда осылай несие беру жалғасады. 100+81+72…= 1млн. долл. Осылай міндетті резерв нормасы 10% болған жағдайда алғашқы 100 мың долл. еселеніп көбейіп, банк депозитін 1 млн долл. дейін өсіреді. Ақша массасының ұлғаюын банк мультипликаторы (m) сипатайды:
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
2. Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
3. Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
4. Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
5. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997