«REN- TOUR» фирмасының қызметін талдау
Жоспар
Кіріспе 3
І Негізгі бөлім 4
1.1 Кәсіпорынның тарихы 4
1.2 Кәсіпорынның сипаттамасы 5
1.3 Кәсіпорынның қаржылық – экономикалық қызметін талдау 6
1.4 Кәсіпорынның тауарлық саясаты 9
1.5 Кәсіпорының баға саясаты 11
1.6 Кәсіпорынның өткізу саясаты 14
1.7 Фирманың бәсекелес ортасын талдау 18
1.8 Кәсіпорынның ұжымдық құрылымы мен персоналы 19
Қорытынды 22
Кіріспе
Туризм индустриясы – әлемдік шаруашылықтың ең тез дамушы саласы, оған әлемдік ЖҰӨ - нің алтыдан бір бөлігі келеді. Бұл бизнес кәсіпкерлерді көптеген себептермен қызықтырады: бастапқы үлкен емес инвестициялар, туристік қызметке сұраныстың өсуі, өтімділіктің жоғары деңгейі және шығындардың аз уақытта жабылуы.
Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне басым дамитын болады. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылын аорта есеппен 2,5 пайызға келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет-бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті.
І Негізгі бөлім
1.1 Кәсіпорынның тарихы
«Ren - Tour» туристік агенттігі (туристік қызметпен айналысуға №131 мемлекеттік лицензиясы тіркеу туралы куәлігі № 9431-1910- ЖШС ) туристік қызмет нарығында 1997 жылдан бастап жұмыс істеуде.
Алғашқыда компания штаты 3 адамнан тұрған, негізгі қызмет ету бағыттары – Германияға шығу туризмі еді. Сонымен қатар осы жылы агенттік клиенттермен жұмыс істеу үшін кеңсе ашты.
1998 жыл - Агенттік клиеннтер жүйесін құрды (жүйені құру кезінде
агенттік клиенттер саны 15 фирма болды).
- Басты жұмыс бағыты – іскерлік туризм.
- Мәскеу қаласында «Ren - Tour» компаниясының филиалының ашылуы.
1999 жыл - Жеке клиенттермен жұмыс істеу үшін Алматы қаласында кеңсе ашу.
- Корпоративті клиенттер жүйесін құру.
- Басты жұмыс бағыты – бүкіл әлем бойынша туризм.
1.2 Кәсіпорынның сипаттамасы
«Ren - Tour» туристік фирмасы Қазақстандық туристік нарыққа 1997 жылы қосылды. Туристік фирма өзінің негізгі қызметінің сипаттамасы және мазмґны бойынша турістік қызметті тұтынушылар (туристер), орындайтындар (қонақ үй, транспорт, таммақтандыру орындары),туристік жолдаманы сатушылар (турагенттер) арасындағы делдал болып табылады.
Туристік фирма кешенді турларды, жеке туристік қызметтерді құру және сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристерді сақтандырумен, жол көрсеткіштері мен ескерткіштерді сатумен айналысады. Туристік фирмаларды құру және олардың қызметі әр елдің заңымен реттеліп отырады.
«Ren - Tour» туристік фирмасы қызмет көрсету түрі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) болып табылады.
Қазақстандық Туристік Ассоциациясының (КТА) мүшесі екендігі туралы 2000 жылы 14 маусымда берілген куәлігі, ЮСАИД- тың стратегиялық даму жоспарын орындағаны үшін сертификаты және көптеген тілдік орталықтардан алғыс хаттары мен сертификаттары бар.
«Ren - Tour» туристік фирмасы мына мекен-жай бойынша орналасқан:
1.3 Кәсіпорынның қаржылық – экономикалық қызметін талдау
Қаржылық – шаруашылық қызметті талдауды жүргізудің үлкен мағыналығы бар. Экономикалық талдау – экономикалық теорияның өнімі емес, ол қаржылар мен өндірісті басқару аясының қажеттілігі. Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық жағдайы нарықтық экономика жағдайында оның әртүрлі өндірістік, қаржылық, инвестициялық қызметтерінің аспектілері әртүрлі себептермен экономикалық және әкімшілік қатынастың көптеген субъектілерін қызықтырады. Бірақта, бұл қызығушылықты тудыратын себептер, қаржылық – шаруашылық қызметті талдауға қоятын талаптары мен тапсырыстары да әртүрлі болады. 1 кестеде «Ren - Tour» турфирмасының қаржылық жағдайы көрсетілген. Бұл жерде 2 жылдың мәліметтері бар.
1.4 Кәсіпорынның тауарлық саясаты
Туристік өнім – бұл туристік – экскурсиялық кәсіпорындардың туристерге ұсынатын кешенді қызмет.
Негізгі туристік қызметтерге мыналар жатады:
орналастыру;
тамақтандыру;
транспорттық қызметтер, транспортпен бірге (туристерді аэропорттан қонақ үйге жеткізу және қонақ үйден аэропортқа жеткізу жатады);
экскурсиялық қызметтер, оған аудармашы – гидтің қызметі кіреді.
«Ren - Tour» компаниясы туризмнің көптеген түрлерімен айналысады, соның ішінде Қазақстандық оқушылармен студенттердің АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Бразилия, Франция, Германия, Швейцария, Қытай, Австралия, Италия сияқты елдердің мемлекеттік мектептерінде оқуға мүмкіншіліктерін туғызады. «Ren - Tour» компаниясы шетелдегі ең танымал оқу орындарының және тіл дамыту орталықтарының негізгі серіктестігі.
«Ren - Tour» туристік фирмасының шетелдік ұйымдардан, агенттіктерден, операторлардан, тіл дамыту мектептерінен, тіл академияларынан көптеген сертификаттары, алғыс хаттары бар.
Мысалы, АҚШ-та оқу бағдарламасына кіретіндер:
1.5 Кәсіпорының баға саясаты
Баға - бұл қызмет құнының ақшалай түрі және оған турдың өзіндік құны, ҚҚС, табысқа салық және табыс кіреді. Тұтынушы бағаны қол жетерлік жағынан, сонымен қатар алынатын қызметтің және сұраныстың қанағаттануының саны және сапасы жағынан қарайды.
Ұйымдарда қолданылатын бағаларды түрлері бойынша топтаса келесіні көруге болады:
1.6 Кәсіпорынның өткізу саясаты
Тауарды өткізу жүйесі – маркетингтің негізгі саласы және фирманың тауарды жасау, өндіру және тұтынушыға жеткізу бойынша бүкіл кешенді қызметінің нәтижесі.
Бірақта тауарды өткізуді маркетингтің құрамдас бөлігі ретінде қарау керек. Өнімді таратудан бұрын тауардың дұрыс сапасын, тиімді баға бойынша және тауарды жетілдіруде жұмыс орындалғанын тексеру керек.
Экономикадағы өткізу жүйесінің рөлін анықтайтын бірнеше себеп бар.
Солардын бірі - қажеттілік. Әрине ерекше мамандырылған өндірістік жолды сату туралы әңгіме болғанда, онда сатушымен сатып алушы арнайы өткізу жүйесісіз-ақ жақсы жүре береді.Бірақ әлем қазір көпшілік тауар заманында өмір сүреді ,сондықтан оларды фирмадан немесе зауыттан сатып алу ыңғайлы емес.
1.7 Фирманың бәсекелес ортасын талдау
Ұйымның бәсекеқабетілігі дегеніміз оның салынған капиталды аз уақыт кезеңінде қойылған мақсаттан төмен емес табысты әкелу қабілетілігі немесе табыстылықты аз уақыт кезеңінде сәйкес кәсіптік аясындағы орташа статистикалық табыспен салыстырғанда жоғарлату. Жалпы түрде бәсекеқабілетілік – бұл ұйымның аз уақыт кезеңінде жұмыс істеуі.
Келесі маңызды ұғым - ұйымның бәсекелік потенциалы, бұл оның ұзақ уақыт кезеңінде бәсеке қабілетін жоғарлату немесе сақтауының потенциалды мүмкіндігі.
Бәсеке қаблетілікті және бәсекелік потенциалды бағалау процедурасы соңғы ақпараттық құрамына және таңдалған есептесудің әдісіне тәуелді.
Потенциалды талдау ұжымның қызметінің барлық саласын қамтиды:
1.8 Кәсіпорынның ұжымдық құрылымы мен персоналы
Ұйымның негізгі құрамы оның қызметкерлері болып табылады. Ұйымдағы өз қызметкерлерін тиімді пайдалану еңбектің өнімділігін басқа адам ресурстарын тиімді пайдаланбайтын ұйымдарға қарағанда ұйымдағы еңбектің өнімділігін ондаған есе жоғарылатуы мүмкін.
«Нәтижелік» және «тиімділік» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсету қажет:
Қорытынды
«Ren - Tour» туристік фирмасының негізгі жұмыс істеу принциптері, оның сипаттамасы, ұйымдық құрылымы, мамандануы, маркетинг қызметінің құрылымы қарастырылды. Сонымен қоса кәсіпорынның тауарлық саясаты, қызмет көрсетудегі бәсекелік артықшылықтарымен кемшіліктері , бағалық саясаты , фирмада қолданылатын шегерімдер, бағалық стратегиялар көрсетілді.
Фирманың жақсы жақтарына жататындар: өзінің нақты стратегиясының болуы; персоналдың жақсы жоспарланған жұмысы; квалифицирленген кадрлардың болуы; әлемдегі тілдік орталықтармен жақсы байланыстардың бар болуы; жарнамаға көңіл бөлуі; қажетті қаржылық ресурстың болуы.
Осал жақтарына келсек: бәсекелес фирмалар санының үнемі өсіп отыруы; маркетингтік зерттеулерді қажетті деңгейде болмауы.
Фирмаға алдағы уақытта табысқа жетуі үшін мен келесідей ұсыныстарды жасағым келеді: