Қонақүй администраторының жұмысын автоматтандыру
Мазмұны
Есептің қойылымы 3
Кіріспе 4
1 Алматыда орналасқан қонақ үйлер 7
1.1 Алматы қонақ үйі 7
2.2 Алатау қонақ үйі 7
2.3 Жетісу қонақ үйі 7
3 Мәліметтер базасын ұйымдастыру 8
3.1 Мәліметтер базасының кестесін құру 9
3.2 Кестенің қасиетін беру 11
3.3 Paradox форматының кестелері 13
3.4 Компоненттер парағы 14
4 Есептің алгоритмі 17
4.2 Шақыру және жүктеу 17
5.1 Жалпы мағлұматтар 18
5.2 DataBase-те кестелер құру 18
6 DELPHI-де формалар құру 23
7 Шыққан нәтиже 25
Қорытынды 28
Пайданылған әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
1 Алматыда орналасқан қонақ үйлер
1.1 Алматы қонақ үйі
Алматы қонақ үйі 1967 жылы салынды.Жобасын жасаған архитектор И.А.Картаси, А.Я.Коссов, В.Г. Чиркин, Н. И. Рипинский т.б. Ғимарат қала орталығындағы театр алаңынан бой көтерген.Сегіз қабатты негізгі корпус садақ жағындай иіліп, әр қабаттың ашық көшеге қараған беті тұтас балкон жолағымен көмкерілген.
2.2 Алатау қонақ үйі
Алатау туристік қонақ үйі. Қазақстандағы аса ірі, жаңа техникаға сай жабдықталған туристік мейманханалардың бірі.1975 жылы салынған, 9 қабат, 364 номері бар. Іші қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген.Бас архитекторлары - И. М. Кушнаров, С. Ж. Темірғалиев, А. И. Петров.Туристер 4 бүкіл одақтық, 3 жергілікті маршрут бойынша Алматы мен оның төңірегіне, Қырғызстандағы Ыстықкөлге саяхат жасайды.
3 Мәліметтер базасын ұйымдастыру
Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
3.1 Мәліметтер базасының кестесін құру
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көп қолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
3.2 Кестенің қасиетін беру
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:
3.3 Paradox форматының кестелері
Delphi – дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады .
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік:
3.4 Компоненттер парағы
Деректер базасының қолданбасын құруда қолданылатын компоненттерді қарастырайық.
Деректер базасымен жұмыс істегенде қолданылатын компоненттер Data Access, Data Control, Midas, Decision Cube, Rave және InterBase парақтарында орналасады.
Data Access парағында деректерге қатынауды ұйымдастыратын визуалды емес компоненттер орналасады:
4 Есептің алгоритмі
1. BDE Administrator – ды ашып, біздің мәліметтер базасына керекті драйверді таңдаймыз (STANDART). Диалогтық терезенің оң жағында PATH параметріне құрылған каталогтың жолын көрсетеміз.
2. Деректер базасын құру үшін ең алдымен Database Desktop арқылы бізге керекті кестелерді құрамыз. Сонымен қатар, бас кестенің қосымша кестелермен байланыстыру үшін бас кестеде екінші индекстерді тағайындау керек. Бас кестені қосымша кестелермен байланыстыру керек. Барлық құрылған кестелерді BDE Administrator – да көрсетілген каталогқа сақтау керек.
4.1 Функционалдық тағайындалуы
Мәліметтер базасының көмегімен қолданушы мәліметтерге қатынаудың жолын қысқартады. Мәліметтер базасы үлкен фирмаларда, мекемелерде және т.б көп жерлерде қолданылады.
4.2 Шақыру және жүктеу
Мәліметтер базасын Delphi-де ашу үшін Пуск|Программы|Borland Delphi7| Delphi7 ашамыз. Өз папкамызды тауып, проектімізді ашамыз. Оны Ғ9 арқылы жүктейміз.
5 Программаның баяндалуы
5.1 Жалпы мағлұматтар
Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының «қатаңдығына» үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
5.2 DataBase-те кестелер құру
DataBase-ті жүктеп, File – New командасын таңдағаннан кейін шыққан менюден Table-ді таңдап алғаннан кейін Paradox7-МҚБЖ таңдап алдым.Кесте құрылымын құру терезесі ашылғаннан кейін оның әр өрісіне ат (Field Name) беріледі.Ол өріс идентификаторы болып саналады.Идентификатор 25 символдан тұруы мүмкін.Содан кейін өрістің типін (Type) таңдап алу керек.Оны тышқанның оң жақ түймешелігін басу арқылы контекстік менюден таңдап алдым.
Қорытынды
Қорыта келгенде, осы курстық жұмысты жаза отырып мен DELPHI ортасымен таныстым. DELPHI құралы үлкен бір программалық орта болып саналады. Соған қарамастан DELPHI ортасында жұмыс істеу онша қиын емес және де өте қолайлы. DELPHI – деректер базасын басқару жүйесі болмаса да, деректер базасымен жұмыс істегенде жоғарғы дәрежеде жұмыс істейтініне көзім жетті. DELPHI–де өзім үшін екінші рет деректер базасын жасадым. DELPHI қолданушы үшін мәліметтер базасын жасауда көп мүмкіншіліктерді береді. Сол мүмкіншіліктердің біразын біз осы курстық жұмысты жазу барысында қолдандық.