Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру

Мазмұны
Кіріспе 3
І.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 4
1.1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қазметі 4
1.2.Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі 7
1.3. Құжат айналымы 9
II. Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру 13
2.1. Бастапқы құжаттар және бұлардың мазмұны 13
2.2. Бастапқы құжаттарды классификациялау 16
2.3. Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу 18
2.4. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар 20
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер 22

Кіріспе
Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты.

І.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қазметі
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

1.2.Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша (назначению), қарастырылған орнына байланысты (месту составления), көрсету тәсілі (способу отражения) және операция мазмұнының көлемі(объему содержания) бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар:

1.3. Құжат айналымы
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық- өкімгерлік, ақпараттық-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар:жасалу немесе толтырылу,есепке алыну,тексерілу немесе өңделу,бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау,мұрағатқа өткізу және тағы басқа да кезеңдер.

II. Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Бұл тараудың мақсаты:
- бастапқы құжаттарға түсінік беріп,бұларды қолданудың қажеттілігін түсіндіру;
- бастапқы құжаттардың атқаратын рөлі мен маңызын зерделеу;
- бастапқы құжаттар жасау үрдісіне қойылатын талаптар мен бұлардың міндетті реквизиттерін сипаттау;

2.1. Бастапқы құжаттар және бұлардың мазмұны
Бухгалтерлік есеп әр түрлі сенімділік дәрежесіндегі көптеген мәліметтер қалыптастырады. Барлық шашыранды мәліметтер жүйеленуі және топтастырылуы керек. Толықтылық принципіне сай барлық шаруашылық фактілері толығымен бастапқы құжаттар негізінде бухғалтерлік есеп счеттарына үздіксіз жазылады. Бастапқы құжаттар есептік жазуларды негіздеудің құралы ретінде міндет атқарады. Өз мәнінде рәсімделген құжаттардағы мәліметтер шаруашылық фактілерінің заңдылығы мен сенімділігін көрсетеді.

2.2. Бастапқы құжаттарды классификациялау
Ұйымдарда экономикалық мазмұны мен үлгі пішіміне қарай көптеген бастапқы құжаттар қолданылады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде қолданылатын бастапқы құжаттардың атқаратын міндетін, бұлардың рәсімдеудің жолдарын, құжаттарды өңдеу әдістерін білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы кезеңін қалыптастыратын құжыттыр сыртқы пішім үлгісіне,атқаратын міндеті мен мазмұнына және шаруашылық фактілерін тіркеу әдістері мен ерекшеліктеріне қарай біртекті топтарға топтастырылады. Топтасу деп – бастапқы құжаттарды біртектес нышандарына қарай классификациялауды айтамыз.

2.3. Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
Ұйымдар қызметінде іске асқан шаруашылық фактілерінің мазмұны рәсімделген барлық құжаттар ұйым бухгалтериясына тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылатын құжаттардың толықтығы мен сапасына мұны орындаған материалды жауапты адамдар жауап береді.Ұйымдар бухгалтериясына тапсырылатын барлық бастапқы құжаттар тиісті счеттарға жазылғанға дейін алдын-ала өңделеді. Бастапқы құжаттарды өңдеу төмендегі кезеңдерден өтуі керек:

2.4. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Құжаттың рәсімделуі мен мазмұнына қатаң талаптар қойылады. Құжаттар рәсімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін көрсеткіштерді көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама мынадай негізгі талаптарға жпуап беруі тиіс: дәл болу, яғни олардың сипаты, сандық және ақшалай көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операцияларына сәйкес келу:

Қорытынды
Нарықтық қатынастар жағдайында құжаттарға жазылған кейбір маңызды экономикалық ақпараттарды бәсекелестердің пайдаланып кетпеуі үшін оны құпия сақтау керек. Маңызы жағынан аса жоғары дәрежедегі ақпараттарды құпия сақтау үшін құжаттар қозғалысының айрықшы айналымын жасап, құжат жасаушы міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан өткізіп, бұларды материалды жағынан ынталандыру шаралары белгіленгені жөн. Құжат жасауға байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары арасында жасалған келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау жөнінде бухгалтерлерден жазба түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске асырылып отыруы керек.